Педагогикалық ақпараттар – басқару нысаны туралы мәліметтер.
Перспективалық жоспар – бес жылға құрылады, осы уақыт аралығындағы басты мәселелік міндетерді шешуге бағытталады.
Педагогикалық кеңес - мектептің барлық іс-әрекетін басқаратын тұрақты орган.
Педагогикалық процесс – ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүретін, оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс–әрекеттер. «Педагогикалық процесс» терминін енгізген П.Ф.Каптерев (ХІХ ғ. екінші жартысы).
Педагогикалық мониторинг – компьютерлік технологияны қолдану нәтижесінде педагогикалық процестің барысын, нәтижесін, тиімділігін үздіксіз және ұзақ байқау арқылы алынған мәліметтерді жинау және өңдеу.
Педагогикалық менеджмент – оқу–тәрбие және оқу–танымдық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптері, әдістері, формалары мен технологиялық құралдарының кешені.
Педагогикалық менеджмент принциптері — менеджмент субьектісінің басқарылушы субьектілермен (обьектілермен) қарым-қатынасына қойылатын негізгі талаптар
Педагогикалық кикілжің — оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың арасында кәсіби және өзара қарым-қатынаста туатын кикілжің, шиеленіскен қайшылық түрінде көрінеді.
Профильдік оқыту – оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттілігін, педагогикалық ұжымның мүмкіндігін ескере отырып, жоғары сатыда профильдік білім беру.
Сызықтық бағдарлама – тақырыптар бірін бірі жалғастырып, оқу материалында қайталау болмайды.
Тактикалы ақпарат – оқушылармен жүргізілетін жұмыс формалары туралы ақпарат.
Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.
Функция (лат. function — орындау) — басқарушы жүйеден басқару процестерін ұйымдастыру мен мақсатқа бағытталуын талап ететін басқарушы жүйе мен басқарылушы обьектінің арасындағы қатынас.
Циклограмма - мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |