Білім берудегі менеджмент



бет1/41
Дата11.06.2023
өлшемі190,6 Kb.
#178618
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Шпаргалка менеджмент


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
СУЛЕЙМЕНОВА ЗАУРЕ ЕКПИНОВНА
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
Оқу-әдістемелік кешен


«Білім» тобындағы мамандықтар үшін

Көкшетау, 2020
ББК 74.04
ӘОЖ 378.1
С 85
Рецензенттер:
Нәби Л. - п.ғ.к., Ш.Уәлиханов атындағы КМУ педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі.
Мурзина С.А., п.ғ.к. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару Академиясының Ақмола облысы бойынша Филиалының қайта даярлау және біліктілігін арттыру кабинетінің профессоры

С 85 Сулейменова З.Е. Білім берудегі менеджмент. Оқу әдістемелік кешен. - Көкшетау, 2020. – 119 бет


Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған (2020 жылғы, № хаттама).
Оқу-әдістемелік кешен «Білім» бағытындағы мамандықтардың типтік оқу бағдарламасының негізінде жасалды.
Оқу-әдістемелік кешен «Білім» бағытындағы мамандықтардың студенттеріне арналған.

ББК 74.04


© Сулейменова З.Е., 2020.
©Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ШЖҚ РМК, 2020.
Алғы сөз

Қазіргі қоғамда мектепке басшылық ету тәсілдері өзгерген. Оқу орнын жаңа талаптарға сай басқару керек. Білім берудегі менеджмент деген не? Ол ең алдымен, білім беру жүйесіндегі басқару мен тиімділік, үнемділік. Тиімділік, үнемділік дегендер – өмірдің өзі қойып отырған талаптар. Ысырапшылдық, ұқыпсыздық неге апарып соғатыны әмбеге аян. Үнемділік, әсіресе, дағдарыс жағдайында қажет. Не нәрсені де тиімді пайдалану арқылы кездескен қиындықтардан қиналмай шығып кетуге болады.


Қазіргі нарық заманында өркениетті елдердің озық тәжірибесі кеңінен пайдаланылуда. Басқарудың әлемдік менеджменті көп табыстарға негіз болады. Бұдан біздің елдің де үйренері мол. Менеджменттің мағынасын неміс ғалымдары В.Зигерт пен Л.Ланг жақсы айтып берді. «Менеджмент белгілі міндеттерді орындау үшін адамгершілік, тиімділік және үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару» - дейді олар. Бұл пікір адамгершілік алдыңғы кезекке қойылып отырғанын дәлелдейді. Бұл тектен-текке емес. Басқару ісінде адам арасындағы түсіністік, сыйластық, қиын сәтте қол ұшын созу ерекше рөл атқарады. Адамның бойында адамгершілік, азаматтық қасиеттер орын алған жағдайда ұжымдағы ахуал да орнықты болады.
Сонымен, «Білім берудегі менеджмент» пәні болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық процесс және мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктерімен таныстырады. Айрықша кәсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын әрі саналы көзқарастарын қалыптастырады. Менеджер қызметінің нысаны ретінде тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастырады.
«Білім берудегі менеджмент» пәнінің мазмұнының құрылымы мына тараулардан тұрады:
І бөлім. Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері.
ІІ бөлім. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару.
ІІ бөлім. Мектептің педагогикалық ұжымын басқару.
Пәнді меңгеру барысында алынған теориялық білімдер мен практикалық дағдылар студенттерді өз бетінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешуде, тұтас педагогикалық үдеріс субьектілерінің (педагогикалық ұжым және оқушылар) оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қамтамасыз етеді.
Оқу әдістемелік кешенде дәрістердің мәтіндері, практикалық сабақтар мен студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, аралық және қорытынды бақылау материалдары, глоссарий мен қажетті әдебиеттер тізімі берілген.
4.02-01-н.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет