Білім берудегі менеджмент



бет41/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент

Мінез-құлықтық тәсілі (1940-1950 жж.) көшбасшылықты басшының қарамағындағыларға деген қатынасы бойынша мінез-құлық үлгілерінің жинағы ретінде, яғни басшының басқару процесінде қолданатын тәсіл мен әдістерінің жинағы ретінде қарастырады. Көшбасшылықтың стилі өз қарамағындағыларға деген басшының бөлінген көшбасшылық деңгейін, қолданатын билік типін, сыртқы ортамен жұмыс әдісін, қызметкерге ықпал тәсілін, қарамағындағыларға деген басшының әдеттегі әрекетін көрсетеді.
Көшбасшылықтың ең танымал теорияларының бірі К. Левиннің (1938 ж.) көшбасшылық теориясы болып табылады. Ол көшбасшылықтың үш стилін бөлді:

  • көшбасшылықтың авторитарлық стилі – қатаңдығымен, талапшылдығымен, бір өзі басқаруымен, қатаң бақылауы және тәртібімен, нәтижеге бағытталғандығымен, әлеуметтік-психологиялық факторларды ескермейтіндігімен сипатталады;

  • көшбасшылықтың демократиялық стилі – алқалық сенімге, бағынушылардың хабардарлығына, бастамашылдығына, шығармашылығына, өзіндік тәртіпке, саналылыққа, жауапкершілікке, мадақтауға, жариялылыққа, нәтижеге ғана емес, оған жетудің тәсілдеріне бағдарлануына сүйенеді;

  • көшбасшылықтың либералдық стилі – төмен талапшылдығымен, салғырттығымен, тәртіп пен талаптың жоқтығымен, басшының қарамағындағыларға еркіндік беруімен айрықшаланады.

К. Левиннің зерттеуі еңбектің жоғары өнімділігі жеткізетін басқару стилін іздеуге негіз болды.
Р. Лайкерттің еңбектерінде 1961 ж. басқару стилінің континумын ұсынған басқарудың стилін зерттеуге көп назар аударды. Оның позициялары басқару, жұмысқа жұмылу, адамға бағытталу, басқа көшбасшылық мінез-құлық типтері болып табылады. Лайкерттің теориясына сәйкес, басқарудың төрт стилін бөледі:

  • эксплуататорлық – авторитарлық – анық автократтық сипатқа ие басшы, қол астындағыларға сенбейді, оларды шешім қабылдауға кейде тартады, міндеттерді өзі құрады. Негізгі стимул – жазалаудың қорқынышы және қаупі, кездейсоқ сыйақы, өзара әрекет сенімсіздікке құрылады. Формальды және формальды емес ұйымдар тайталаста.

  • патерналистік-авторитарлық – басшы қарамағындағыларға шешім қабылдауға шектеулі түрде қатысуға мүмкіндік береді. Қызметкерлерді ынталандыруда сыйақы беру де, жазалау да қолданылады. Формальды емес ұйым формальды құрылымға қарсы тұрады.

  • консультативті – басшы стратегиялық шешімдер қабылдайды және сенім білдіріп, тактикалық шешімдерді қарамағындағылармен бөлінген көшбасшылық арқылы бөліседі. Қызметкерлерді шешім қабылдау процесіне шектеулі түрде кіріктіру ынталандыру үшін қолданылады. Формальды емес ұйым формальды құрылымға кейбір жерінде ғана сәйкес келмейді.

  • басшылықтың демократиялық стилі – толық сенім білдірумен сипатталады, ұйымды басқаруға көптеген қызметкерлерді тартуға негізделген. Шешім қабылдау процесі барлық деңгейде орын алған, кіріктірілген. Қарым-қатынас жасау ағыны вертикальды бағытта ғана емес, горизонтальды бағытта да жүргізіледі. Формальды және формальды емес ұйымдар конструктивті өзара әрекет етеді.

Р.Лайкерт бірінші модельдегі басқару жүйесін қатаң құрылымдалған міндетке бағдарланған деп атады. Ал төртінші модельді өзара қатынасқа бағдарланған деп, оның негізіне еңбекті топтық түрде ұйымдастыру, алқалық басқару, тапсырмаларды бөліп беру және жалпы бақылау жататынын атап көрсетті. Р.Лайкерттің пікірінше, соңғы тәсіл ең тиімді болып табылады.
Көшбасшының екі мүмкін болатын мінез-құлқы айрықшаланған:

  1. Адами қатынасқа бағдарланған мінез-құлық (қызметкерлердің қажеттіліктерін құрметтеу, қызметкерлерді дамытуға қамқорлық таныту);

  2. Қандай бағамен болса да, өндірістік міндетті орындауға бағдарланған мінезқұлық (қарамағындағылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескермеу, қызметкерлерді дамытудың қажеттілігіне назар аудармау).

Жалпы айтқанда, көшбасшылықтың мінез-құлықтық теориясы тиімді мінезқұлық формаларын үйрену сұрақтарына назар аударуды күшейтуге септігін тигізді.
Ұйымның міндеті тек қызметкерлерді іріктеуде тиімді көшбасшыны тану ғана емес, сонымен бірге адамдарды табысты басқарудың дағдыларына үйрету екені анықталды. Мінез-құлықтық тәсіл басшылықтың стилін классификациялауға арналған негізді қалады, дегенмен 1960-шы жж. басында бұл шектеулі деп қарастырылды. Өйткені қандай да бір жағдаятта, басқару іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын бірнеше басқа маңызды факторлар ескерілмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет