2. Сыртқы ортаға беіймделу - компанияның қоршаған ортамен қатынасын жақсартатын стратегиялық сипаттағы барлық іс-әрекеттер.
3. Ішкі үйлесім - ішкі операциялардың тиімді шоғырлануына қол жеткізу мақсатымен фирманың күшті және әлсіз жақтарын бейнелеу үшін стратегиялық қызметтің үйлесімі.
4. Ұйымдық стратегияны сезіну - бұрынғы стратегиялық шешімдерден үйрене алатын ұйымды қалыптастыру арқылы менеджер ойының жүйелі дамуын жүзеге асыру.
Жоспарлау кезіндегі бірінші және ең маңызды шешім ұйым мақсатын таңдау. Ұйымның негізгі жалпы мақсаты, яғни оның өмір сүруінің айқын көрсетілген себебі, оның миссиясыдеп аталады. Мақсаттаросы миссияны жүзеге асыру үшін жасалады. Ұйым қызметшілеріне дұрыс баяндалып, тиімді түрде жеткізілген сәйкес миссияның маңызы өте зор. Оның негізінде әзірленген мақсаттар басқарушылық шешім қабылдаудың барлық бұдан кейінгі процесі үшін белгі ретінде қызмет атқарады. Миссия фирманың мәртебесін нақтыландырады және түрлі ұйымдық деңгейлердегі мақсаттар мен стратегияларды анықтау үшін бағыт-бағдарды қамтамасыз етеді.
Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсатты қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалысты, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мектеп жұмысының жоспарын дайындағанда бірқатар талаптарды ескерген дұрыс:
Мақсатты бағыттылық талап – белгілі бір мақсатты қондырғы деп есептеу керек. Мұғалім, сынып жетекшісі, қоғадық ұйымдардың әрекетінде мақсат болуы керек.
Перспективалық талап – біріншіден мақсаттың түсініктілігі, айқындығы, жақындығы, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, іске асыруға болатын шынайылығын білдіреді.
Комплекстілік талап – жоспарды құру барысында әртүрлі құралдар, әдістер мен тәсілдер, әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді.
Мақсат жоспарлаудың өзегі болғандықтан, ол педагогтың да, оқушының да әрекетін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты – жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Сапалы түрде мақсат белгілегенде директормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, олардың әрқайсысының педагогикалық процесте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды. Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді. Кешенді мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарынан бөліп алынған барынша маңызды 3-4 мәселені нақтылана түскен бөлігі.
Мектеп жұмысының жоспарын дайындағанда бірқатар талаптарды ескерген дұрыс:
Мақсатты бағыттылық талап – белгілі бір мақсатты қондырғы деп есептеу керек. Мұғалім, сынып жетекшісі, қоғадық ұйымдардың әрекетінде мақсат болуы керек.
Перспективалық талап – біріншіден мақсаттың түсініктілігі, айқындығы, жақындығы, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, іске асыруға болатын шынайылығын білдіреді.
Комплекстілік талап – жоспарды құру барысында әртүрлі құралдар, әдістер мен тәсілдер, әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың үш түрі кездеседі: перспективалық, жылдық, ағымдық.
Перспективалық жоспар бес жылға арналады. Оның құрылымы мынадай сипатта болуы мүмкін:
Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.
Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту.
Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын жасау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші тоқсан) мектеп директоры мен оның орынбасарлары нормативтік, әдістемелік құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші тоқсан) директордың басшылығымен жобалаушы топ құрылады, олар қажетті мәліметтер жинақтайды. Үшінші кезеңде (үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтерге талдау жасалады, комиссия мүшелерінің есептері тыңдалады, туындаған қиындықтар мен оларды жою жолдары анықталады. Төртінші кезеңде (төртінші тоқсан) жоспардың жобасы дайындалып, талқылауға ұсынылады. Жоба оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары ретінде бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына арналып жасалады.
Мектептің жылдық жоспарының мынадай үлгісін ұсынуға болады:
Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.
Мектеп жұмысының жалпы білім қорының жұмысын анықтауы. Мектеп оқушыларының жалпы орта білім алуына бағытталған шаралар жоспарланады. ҚР «Білім туралы» Заңының баптары басшылыққа алынады. Ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырылады, баланың құқын қорғау, үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету қамтылады.
Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі. Оқытуды ұйымдастыру, мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.
Мектеп, отбасы, қоғамдық ұйымдар мен мен еңбек ұйымдарының бірлескен қызметі. Мектептің отбасымен жұмысы, ата-аналар жиналысы, педагогикалық лекторийлер, ашық есік күндері кіреді.
Педагог кадрлармен жұмыс. Педагогтардың кәсіптік деңгейін көтеру, аттестациялау, семинар, конференция, тренингтер ұйымдастыру, педагогикалық және әдістемелік кеңестер өткізу.
Мектепішілік бақылау жүйесі.
Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту, оқу кабинеттерін жабдықтау, кітапхана қорын толықтыру, мектептегі ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары.
Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Мектеп кеңесінің отырысы, педагогикалық кеңестің тақырыптары жазылады. Мектеп басшыларының міндеттері, кезекшілік кестесі, мектептің жұмыс тәртібі, оқу жүктемесі, сынып жетекшілері, кабинет меңгерушілері, т.б. анықталады.
Мектеп құжаттары – бұл мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының сандық және сапалық жай-күйінің сипаттамасы. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауға, оқу-педагогикалық есепті, мектептің іс қағаздарын жүргізуге байланысты мектептің өзіне жүктелген міндеттерді атқаруы және қызметінің нәтижесі арнайы құжаттарда жазылады.
Мектеп құжаттары:
1. Оқыту-педагогикалық құжаттама
2. Мектеп ішіндегі ақпарат
3. Қаржы-шаруашылық құжаттама
Қазіргі кезде құжаттарды жасау үшін қолданылатын компьютер бағдарламалары жеткілікті (мысалы, Word 2007 Word 2010). Бұндай бағдарламалар мәтіндік редакторлар деп аталады. Электрондық құжат дегеніміз ақпараты электрондық-цифрлық нысанда (формада) беріліп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат. Электрондық құжат жеке файлдың бір немесе бірнеше бөлімдерінен, бүтін бір файлдан немесе жеке-жеке бірнеше файлдан тұруы мүмкін. Мұның бәрінде де файлдардағы құжаттың түпнұсқалық сипатын куәландырып, тұтастығына кепілдік беретін деректемелер ортақ болады. Электрондық құжат деректемелері электрондық-цифрлық нысанда да (электрондық-цифрлық қолтаңба, түпнұсқаландырудың электрондық кодтары т.б.), қағаз құжаттағы куәландырылған парақ түрінде де болуы мүмкін. Электрондық құжаттың ақпараттық табиғатына тән бір ерекшелік – ол қағаз құжаттарға қарағанда әлдеқайда ұзақ сақталады және одан гөрі сенімдірек.