Білім берудегі менеджмент


Білім беру мекемесінің ұйымдық құрылымының элементтері, байланыстары және принциптері



бет18/59
Дата02.12.2023
өлшемі13,34 Mb.
#194690
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
ЏаҐ§Ґ­в жЁп ЃЁ«Ё¬ ЎҐа㤥ЈЁ ¬Ґ­Ґ¤¦¬Ґ­в 2

2. Білім беру мекемесінің ұйымдық құрылымының элементтері, байланыстары және принциптері
  • Жанама (көлденең) еңбек бөлінісі. Жанама қатынастар келісімдік сипатта және әдетте бір деңгейлік болып табылады. Жанама еңбек бөлінісі - еңбек қызметінің сапалық және сандық сараланымымен анықталады. Жалпы айтқанда, бұл барлық жұмысты қүраушыларды компоненттерге бөлу, яғни жалпы еңбек үдерісін мамандануы бойынша әртүрлі жеке, үздіксіз, оқшау түрлерге бөлу болып табылады. Мұндай еңбек бөлінісі функциялық, салалық және мамандандырылу белгілері бойынша жүргізіледі. Еңбектің функциялық бөлінісі жүмысшылардың қызмет түріне байланысты мамандандырылуына негізделген. Мұндай жағдайда жеке функциялар оқшауланып, оларды орындаушы жұмысшылар тағайындалады.
  • Ұйымдық құрылымды қалыптастыру принциптері
  • 2. Білім беру мекемесінің ұйымдық құрылымының элементтері, байланыстары және принциптері
  • Ұйымдастырушылық құрылымдардың қалыптасуы басқарудың негізгі принциптеріне негізделген:
  • - басқару деңгейлерінің иерархиялық принципі - әрбір төменгі деңгей жоғары деңгейде бақыланады және оған бағынады;
  • - мақсаттың басымдық принципі-басқарудың ұйымдық құрылымы ең алдымен ұйымның мақсаттары мен міндеттерін көрсетуі керек;
  • - сәйкестік принципі - басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында бір жағынан қызметкерлердің өкілеттіктері мен жауапкершілігінің тепе — теңдігі, екінші жағынан, біліктілік пен мәдениет деңгейі қамтамасыз етілуі керек;
  • - еңбек бөлінісі принципі -басқарудың ұйымдық құрылымы еңбек бөлінісі мен мамандануды оңтайлы қамтамасыз етуі тиіс;
  • - бейімделу принципі-басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы жеткілікті икемді және сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістерге жауап бере алуы керек.
  • 3. Білім беру мекемесінің басқару құрылымдарының түрлері
  • Басқарудың сызықтық құрылымы.
  • Басқарудың бұл құрылымында әрбір құрылымдық бөлімшенің басында жетекші болады, оған барлық өкілеттіктер берілген және өзіне бағынатын жұмысшыларға өзі жетекшілік етеді және барлық басқару функциялары тек өз қолында болады.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет