«Білім берудегі мультимедиа»



бет7/52
Дата13.08.2017
өлшемі6,35 Mb.
#23677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52

Жұмыс істеу аймағының кез келген нүктесіне маустың оң жақ батырмасымен шерту арқылы жұмыс істеу аймағы және толығымен фильмнің параметрлерін өзгертуге арналған негізгі командалардан құралған контекстік менюді ашуға болады. Осындай командалардың 20-ға жуық саны бар. Scene (Оқиға) - командасына тоқталайық. Осы команданы таңдағанда фильм оқиғаларымен жұмыс істеуге негізделген бір атты панель экранға шығады.

3.4-сурет. Scene панелі.


Оның көмегімен:

фильм оқиғаларының тізімін қарауға болады. Тізімдегі оқиға орналасу реті оның шығу ретіне сәйкес келеді.

кез келген фильмнің оқиғасын тізімнен таңдап алу арқылы көшуге болады;

панелдің төменгі бөлігіндегі арнайы пернеге басу арқылы таңдап алынған оқиғаларды көшіруге болады. Көшірме тізімде нақты оқиғадан кейін тіркеледі.

жаңа (бос) оқиғаны қосуға болады. Оқиға тізімдегі таңдалған тізімнің астына тіркеледі.таңдалған оқиғаны өшіруге болады.

Монтажды үстел



Жұмыс істеу аймағының ортасында монтажды үстел (Stage) орналасқан. Оны біз қысқаша "үстел" деп атайтын боламыз. Үстелдің өлшемі мен түсі фильмді көрген кездегі өлшемі мен түсімен анықталады. Жоғарыда айтылғандай, фильді қосқан кезде экранда тек үстелдің шегінде орналасқан объектілер ғана кіре алады.

3.5-сурет. Фильм жоқ болған кезде үстел де болмайды.


Уақыттың әр моментінде үстелде фильмге қатысты бір оқиға ғана орналасуы мүмкін. Бірақ үстел берілген фильмге арналады. Кез келген фильмді редакциялау үшін ашқанда немесе жаңа файлды құрғанда Flash терезесінде монтажды үстел және оған қатысты уақыттық диаграмма пайда болады. Егер редакцияланатын файлдар жоқ болса, онда үстел де бейнеленбейді.(3.5-сурет)

3.6-сурет. Бір мезгілде 2 фильммен жұмыс істеу.


MDI-дің көптеген артықшылықтары болады. Оның бірі - 1 фильмнің элементтерін басқа фильмге маус көмегімен орын ауыстыру немесе көшіру арқылы жүзеге асады. (яғни, drag-and-drop — "орнын ауыстырып, қалдыр" техникасы). Объектілерді басқа фильмге көшіргенде немесе орнын ауыстырғанда визуальді көрсетілімдер ғана емес, сондай-ақ оның қалған қасиеттері де сақталады. Мысалы: батырманы көшіргенде, оған қатысты әрекеттер де сақталады.

Кеңес


1-фильмнен 2-фильмге объектінің орнын ауыстыру үшін осы объектіге нұсқағышты орнатып, маустың батырмасын басып тұрып оны басқа объектіге, яғни басқа терезедегі қажетті позицияға орнату жеткілікті.

Объектіні басқа фильмге көшіру үшін, жоғарыда көрсетілген әрекеттер пернесін басу арқылы жүзеге асады.

Жұмыс істеу аймағының үстінде уақыттық диаграмма панелі (Timeline) орналасқан. Үстел сияқты уақыттық диаграмма да фильмнің нақты оқиғасына жатады. Ол оқиғадағы қабаттардың өзара орналасуы, оқиғада көрсетілген объект күйінің өзгеру тізбегі сипаттала отырып, басқа да әрекеттер жасай алады. Уақыттық диаграмма анимация құрудың және фильмнің интерактивтік элементтерінің беталысын сипаттайтын негізгі құралы болып табылады.

Уақыттық диаграмма панелі күрделі құрылымды болып келеді және көптеген басқару элементтерінен тұрады. Уақыттық диаграмманың сыртқы бейнесі өте үлкен ауқымда орнатылған параметрлерге тәуелді өзгеріп отырады. Алайда Flash - пен жұмыс істеу қарқындылығы уақыттық диаграммен жеткілікті дәрежеде жұмыс істей алумен байланысты.

Берілген бөлімде уақыттық диаграмма панелінің негізгі компоненттері мен оның жалпы пішімін қарастырамыз. Оны пайдалану туралы сұрақтар келесі бөлімдерде анықталып, нақтыланады.

Сонымен, жалпы жағдайда уақыттық диаграмма панелінде келесі элементтер көрсетіледі (3.7-сурет):

Ағымдағы фильм оқиғасының қабатын сипаттау. Бұл сипаттаманың құрамы бірнеше бағаны бар өзіндік кесте түрінде берілген. Онда қабаттың атауы мен оның атрибуттары көрсетіледі. Анығырақ уақыттық диаграмма панелінің осы бөлігі "Анимацияны құру" тарауында қарастырылады.

Уақыттық меншікті диаграмма кадрлар шкаласы, "санауыш бастиек" бейнесі және оқиғаның әр қабатына арналған уақыттық диаграммадан тұрады.

Түсуші меню уақыттық диаграммада кадрларды ұсыну пішімін таңдауға мүмкіндік береді.

Уақыттық диаграмма терезесі күйінің жолында фильмнің кейбір параметрлері туралы ақпарат шығарылумен қатар үстелдегі кадрлар анимациясын бейнелеуді басқаруға арналған батырмалары болады.




3.7-сурет. Уақыттық диаграмма панелі.

Уақыттық диаграмма панелінің элементтерін толығырақ қарастырайық.

Кадрлар шкаласы. Шкала оқиғаның барлық қабаттарына ортақ болып келеді. Мұнда кадрлардың реттік саны өсу ретімен орналасқан. Реттік санының қадамы 5-ке тең. (Ол кез келген кадрдың пішімі үшін өзгеріссіз қалады).

Санағыш бастиек (Play head) анимацияның ағымдағы кадрын нұсқайтын өзіндік индикатор болып табылады. Кезекті кадрды құру және фильмді қосу кезінде санағыш бастиек уақыттық диаграмма бойымен автоматты түрде орын ауыстырады. Маус көмегімен анимациялық фильмді құрған кезде ғана оның орнын ауыстыруға болады. Сонымен қатар оны 2 жақ бағытта да орын ауыстыруға болады. Бұл кезде анимациялық объектілердің де күйлері өзгеріп отырады.

Жеке қабаттың уақыттық диаграммасы кадрлардың тізбекті түрде графикалық бейнесін көрсетеді. Төменде көрсетілгендей, уақыттық диаграммадағы кадрлар бейнесі информативтік болып келеді. Негізінен, кадрлардың бейнесі арқылы берілген қабатқа қолданылған анимация тәсілін анықтауға болады. Төменде қабаттың уақыттық диаграммасының түрлі пішімдерінің (яғни онда орналасқан объектінің) қысқаша мінездемесі көрсетілген.

Орын ауыстыру tweened-анимация үшін түйіндес кадрлар ашық-көк аядағы нұсқағышпен түзу арқылы қосылған қара нүктелер сияқты бейнеленеді.(нұсқағышы бар түзу барлық аралық кадрларды алмастырады)

Түрлендіруші tweened-анимация үшін түйіндес кадрлар ашық-жасыл аядағы нұсқағышпен түзу арқылы қосылған қара нүктелер сияқты бейнеленеді.(нұсқағышы бар түзу барлық аралық кадрларды алмастырады)

Пунктирлі сызық соңғы (қорытынды) түйіндес кадрдың жоқ болуын көрсетеді. Қара нүкте түріндегі жеке түйіндес кадрдан кейін тізбектелген ашық-сұр кадрлар түйіндес кадрдың құрамының өзгертілмейтіндігін білдіреді. Осы жағдайда қорытынды кадр бос тікбұрышпен белгіленеді.

Кішкентай а әрпі Actions (әрекет) панелі көмегімен берілген кадрға кейбір әрекеттер жасалатыны көрсетеді. Қызыл жалауша кадрдың тамғасы немесе түсініктемесі бар екендігін көрсетеді. Қара нүктелермен белгіленген түйінді кадрлардың үздіксіз тізбегі кадрлік анимацияны көрсетеді.

Сары зәкір кадрдың атаулы тамғасы бар екендігін және фильм кадрларының арасын навигациялау үшін қолданылатындығын көрсетеді. Диаграмманың жанында бос орын болса, зәкірдің қасында тамғаның атауы жазылады.



Уақыттық диаграмманың сыртқы бейнесі таңдалып алынған кадрлар пішіміне біршама тәуелді болады. Ол түсуші Frame View меню арқылы орындалады. Меню командаларының әрекеті уақыттық диаграмманың барлық жолдарына (қабаттарына) таралады. Меню пункті 4 топқа бөлінеді (3.8-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет