«Білім берудегі мультимедиа»



бет3/52
Дата13.08.2017
өлшемі6,35 Mb.
#23677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Бақылау сұрақтары:

  1. Анимация түрлері.

  2. Анимация жасау технологиялары қандай?



Дәріс 3

Тақырыбы: Көлемді анимация

Мақсаты: Анимация түсінігімен танысу

Қысқаша конспект

Көлемді мультипликация

Көлемді мультиплекацияның жұмыс істеу принципі ол қуыршақтардың немесе обьектілердің қимылдарын обьемді түрде кезекпен түсіру болып табылады.

Көлемді мультиплекацияларды түсіруді макетті түсірулердің біріне жатқызуға болады. Сонымен қатар обьемді мультиплекацияда қозғалысты анализдеу және синтездеу принциптері мен қозғалысты уақыт пен кеңістікте есептеу салынған мультиплекациядағы сияқты.

Көлемді мультиплекацияда сурет салуды басты қиыншылығы ол образдардың жарықтандыруын дұрыс қамтамасыз ете алмайды. Егер де салынған мультиплекацияда суретші көлеңкені обьектіден бөле алады немесе оны мүлде жойып жібереді, ал обьемді обьектілерді түсіргенде олай істеуге мүмкін емес.

Осындай кино түсіру кезінде жарықтың маңызды екенін көреміз, осыдан байқайтынымыз оператордың жұмысының күрделілігі. Көлемді мультиплекациялық фильмдерді қуыршақтықпен шатастыруға болмайды, бірақ ол екеуінде де негігі обьектілер қуыршақтар болып келеді. Бірақ ол қуыршақтар әр түрлі. Айырмашылығы олардың құрылысында ғана емес, сонымен қатар оларды түсіру ерекшелігінде. Көлемді мультипликациялық қуыршақты кадрлық реттілікпен түсіреді, және әр кадрда да оны суретші мультипликатор қозғалтып отырады. Ондай қуыршақты кез келген түрде түсіре беруге болады. Қуыршақты фильмдерде театрлық қуыршақтарды түсіреді, және олармен театр әртістері жұмыс істейді. Бірақ ондай қуыршақтарды толық планмен түсіруге болмайдв, кеңістікте қозғалтқанда олардың аяқтарын көрсетуге де болмайды. Сондықтан оларды тек орташа және толық үлкейтілген планда ғана түсіреді. Тағы кішкене қуыршақтар бар. Олардың қозғалысын жіңішке растяжкалар арқылы жасайды. Ол қуыршақтарды толық бойымен түсіруге болады. Растяжка жіптер жалпы планда онша байқалмайды ал үлкейтілген планда олар байқалып тұрады.

Көлемді мултипликацияны түсірудің техникасы оның спецификасына байланысты, яғни ұзақ уақыт ішінде кадрларды кезектеп түсіру. Кадрларды кезектеп түсіру ұзақ уақытты алады, сол аралықта оның жарығы сапасы өзгеріссіз қалу керек. Жарықты мүлтіксіз түсіру ол қуатты реттеу құрылғылары немесе реттелетін автотрансформаторлар мен вольтметрлердің көмегімен жүзеге асады. Суреттін жарығының ұрыс болуы ол жарық түсіргіш құрылғылардың дұрыс орнатылуында. Егер жарық түсіргіш құралдар стендерде немесе төбелерде орналасса жақсы болар едеі, олар факетке камераның келуіне кедергі жасамаушы еді. Жарықты дұрыс түсіру үшін жарық түсіргіш құрылғыларда сәйкесінше пердешелер, тартқыш торлар, тубустар және басқа да қосымша құрылғылар болуы керек.

Кадрларды кезекпен түсіру кезінде аппараттын қозғалысы үзілістермен жүргізіледі, экспонировка кезінде аппарат қозғалыссыз қалады. Осындай жағдайда аппараттың қозғалысының жылдамдығы туралы ғана айту керек, экранда алатын әсер туралы. Ол екі шартқа байланысты болып келеді: кадрдың сценарийлік ұзындығынан және макеттің ұзындығынан. Сценарилік өлшемді біле отырып және аппараттын орын өзгерту қашықтығын біле отырып кинокамераның әр түсірілетін кадрға есептейді. Мысалға, кадрдың сценарийлік ұзындығы 5 метр, аппараттың орын ауыстыру ұзындығы осы макетте -1метр. Жолдын ұзындығын сценарийлік өлшемге бөлеміз де әр кадрға байланысты аппараттың орын ауыстыру керек қашықтығын анықтаймыз.ол шамамен 0,4 см-ге тең болады.



Динамикалық композициялар кадрлардың өлшемдерін дұрыс анықтау арқылы аппараттын кішкене арбалардың қозғалысы арқылы орындалады. Камералардың көлемінің кікенелігіне байланысты крандардың қарапайым конструкциясын қолдануға мүмкүндік береді, және макеттін күрделі қозғалыстарын бейнелейді.

сурет 1. Мультипликациялық панорамаларды түсіруге арналған кран

Кейбір камералар өзгермелі фокусты болады, олар обьемді мультипликацияда да динамикалық композиция жасауға мүмкіндік береді.

Қуыршақтардың констукциясы фильмде жасайтын қимылдарына байланысты. Бүкіл әрекетті орындайтын қуыршақты құруға болмайды. Ең қызықты қуыршақ "Новичок" киносына арналып жасалған болатын. Бұл қуыршақ трактор еді, ол өзінің дөнгелектерімен адамның қол аяғының қозғалысына ұқсас көптеген қимылдарды істей алатын. Қастары, көздері және еріндері де қимылдайтын. Еріндері бірнеше өзгермелі элементтен жасалды, ол сөйлесу иллюзиясын беретін еді.



Қуыршақтарды жасаудың ең қарапайым тәсілі шарнирлермен біріктірілген ағаш қуыршақтар. Осы принципті басшылыққа ала отырып балалардың ойыншықтарын жасайды, сол ойыншықтарды да мультик түсіруге қолдануға болады. Ондай қуыршақтардың қозғалысы шектеулі. Негізінен олардың бастары, қолдары, аяқтары ғана қозғалады. Ол қуыршақтардың кейбір бөліктері мысалы аяқтары ауыспалы етіп жасалады.


сурет 2. Жұмсақ сымнан және ағаштан жасалған қуыршақтың денесі

Қуыршақтың қозғалыстарын көбейту үшін оның каркасын жұмсақ сымнан жасайды. (сурет 2). Қуыршақтың қаңқасын материямен жабады, немесе паралонмен жабады да керекті пішінге келтіру үшін қайшымен артық жерлерін кесіп тастайды.




Сурет 3. Шарикті шарнирлері бар қуыршақтың қаңқасы:

а - құралған түрдегі қаңқасы;


б –біріктіргіш винттермен шариктік шарнир.

Кадрларды кезекпен түсіруде қуыршақтардың макетте орналасуы өте маңызды болып табылады. Ол металдан жасалған штифтер (тонких гвоздей) арқылы орындалады. Осындай штифтер қуыршақты ұстап тұрады, макеттің негізін ағаштан жасайды. Подмакетник — бұл негізінен көп жағдайларда макеттің өңделген ағаштан алаңқайы. Штифтердің орнына қуыршақтарды тіреуіштер арқылы, растяжкалар арқылы орнатуға болады, тек олар камераға көрінбесе болғаны. Ең ауыры қуыршақтардың секіргенін немесе ұшқаның түсіру болып келеді, үйткені фигураның қозғалысын түсіріп қана қоймай оның кеңістікте еш тіреуішсіз ұшын көрсету керек.

Ол үшін көп жағдайда жіңішке жіптер мен сымдар қолданылады. Жіптерді блоктардан асырып жіберіп олардың сондарына жүкшелер іліп қояды; фигурканың салмағы оны бұрып жібермес үшін блогтар оны ұстап тұрады. Жіптер мен сымдар жіңішке болып қана қоймай сонымен қатар түстері фонмен түстес болуы керек.

Көлемді мультипликацияның көмегімен қалжын кинолар түсіруге болады. Мысалы, кері мультиплекациялық түсірілімді қолданып, пластилиннен немесе саз балшықтан белгілі бір бейнені жасауға болады. Шахматтық есептерді шешуге болады, балалар ойыншықтарын тірілтуге болады және олар кішігірім көңілді балалар киносына себеп болады.

Көлемді мультипликацияның тәсілдері макеттегі қозғалыстарды жасау үшін де қолданылады. Сондай арқылы кішігірім макеттерде самалеттерді ұшуын, автомашиналардың жүруін, крандардың және басқа да техниканың жұмысын жасауға болады.

Көлемді мультипликация үйлесімді түсірілімнің басқа да әрекеттерімен үйлеседі. Кадрды маскалармен және контрмаскалармен экспонировать етіп кадра бір уақытта адамның немесе жануардың бейнесін қуыршақытың бейнесімен қатар ойнатуға болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Көлемді мультипликация

  2. Көлемді мультиплекацияның жұмыс істеу принципі

  3. Көлемді мултипликацияны түсірудің техникасы

  4. Көлемді мультипликацияның тәсілдері



Дәріс 4

Тақырыбы: Компьютерлік анимация

Мақсаты: Анимация түсінігімен танысу

Қысқаша конспект

Компьютерлік анимация

Қазіргі уақытта компьютерлік анимацияның екі түрін қарастыруға болады: жазықтық, немесе 2D-анимация және көлемді, немесе 3D-анимациюяны. Компьютермен суретті барлық адам салады. Компьютермен өз мультфильмін салғысы келмейтін адамды табу өте қиын.

Бұрын мультфильм құру өте қиын әрі қымбатқа түсіп ұзақ уақытты алса. Қазір компьютерлік техниканың дамуы арқасында барлығы згерді. Қазір өзінің фильмін түсіру арнайы программалардың дамуы арқылы жеңілдеді. Компьютерде сурет салу өте жеңіл, сурет түсін өзгерту үшін бір батырманы шертсен жеткілікті. Шектелген анимация енді көп шектелмейді, ал камерелар болса жұмсақ әрі тез қозғалатын болды. Анимациялық фильмді оның жасалу стадиясының кез келген жерінде өзгертуге болады.

Компьютерлік анимацияны жасау туралы айта отырып Adobe фирмасының өнімі After Effects бағдарламасы жайлы айтпауға болмайды. Ол анимацияланған графиканы салуға және видеофильмдерде эфектілерді жасауға, интернетте мультимедиалық файлдарды жасауға арналған. After Effects — бағдарламасы мүмкіншілігі жағынан өте мықты бағдарлама. Техникалық жағынан ол Adobe Photoshop графикалық редакторын еске салады, бірақ ол цифрлық бейнеге негізделген. Сол редактор сынды суреттердің слойларын бірінің үстіне бірін қою арқылы, бейнелерге графикалық әдістерді қолдану арқылы редактрлейді және мұнда слой өлшемдері ештенемен шектелмеген. Әрбір слойға арнайы эффектілерді қолдануға болады. Негізінен обьектілердің қозғалысын жасауға өте қолайлы, мысалға обьектінің ұшуы, айналуы үлкеюі және кішіреюі. Adobe фирмасының басқа бағдарламалары сынды, After Effects бағдарламасының мүмкіндіктерін қосымша модульдер арқылы кеңейтуге болады. After Effects бағдарламасының мүмкіншіліктері өте алуан.

2D-анимациалық фильмдерге шаблондарды Corel Draw немесе Adobe Illustrator бағдарламаларында жасаған дұыс. Қоршаған лортаның анимациясын құру дегеніміз өте күрделі. Кадрдың су, от, көлеңке сынды обьектілері негізгі обьектіден жеке салынады. Бұнджай анимацияны негізгі анимацияны дайындап алған соң да қосуға болады. Көптеген аниматорлар мен студиялар фондарды салу үшін Photoshop немесе Painter бағдарламаларын қолданады.

Қолданған салынған суреттерге анимация қолдану үшін оны сканерден өткізіп, оларды арнайы бағдарлмаларда өңдейді. Қолдан салынған фондар да сканерден өткізіліп керек болған жағдайда компьютеде өңделеді. Өте үлкен фондық суреттер бөліктерге бөлініп сканерленеді де Adobe Photoshop сынды бағдарламада біріктіріледі. Көптген аниматорлар түстік кілттерді қолданады, яғни сценалардың түстік эскиздерін, , олар фильмге түсті беруді жеңілдетеді. Бір стильдегі түстік палитра фильнің сапасының артуына кепілдік береді.

Кейіпкерлер фонмен бірікпеуі керек. Кейіпкерлерді бояғанда фонмен түстес түстерді алуға болмайды. Фондық түстерді фондық түс суретшілері жасайды. Аниматорлар кейіпкерлердің орнын фондық макетке сүйеніп анықтайды, сондықтан фонның белгілі бір элементі дұрыс болмаса онда толық композияция бұзылып фильм сапасы нашарлайды. Зацикливаниені жою үшін фонның сол жақ бөлігінін көшірмесін оң жақ фонға апарып көшіріп қояды да пайда болған кеібңр графикалық кемшіліктерді бағдарламалар көмегімен жояды.

Интернет-анимация үшін Flash бағдарламалар қолданған дұрыс, осы бағдарламада жасалған өнімдер интернетте басқаларға қарағанда жиірек кездеседі. Өте ұзың Flash-фильмдердің өлшемі кішкене болады. Тезжылдамдықты модемдерді қолданып сондай киноларды тез жүктеп әрі тез көруге болады. Егер фильмнің өлшемі кішкене болса онда оны бір мезетте көп қолданушы көре алады. Ағымдағы видеоның Flash тен артықшылығы оның сапасында, бірақ өлшем маңызды рөл атақарады. Егер өлшемі аз болса со ғұрлым оның сапасы да жақсы болады. 5 минуттық филь ағымдағы видео үшін өте үлкен өлшемді болып сапасы төмен болуы мүмкін.

Macromedia Flash бағдарламасы арқылы әр түрлі типтегі анимациялық роликтерді жасауға болады — қарапайым «тірі» батырмалардан күрделі мультиплекацияларға дейін. Сонымен қатар ImageReady бағдарламасы сияқты, кадрлардың реттілігін өзгерту арқылы анимация жасалады. Көпслойлы суреттер қолданылады, обьектінің орын ауыстыруын беруге болады, оның айналуы және пішінінің өзгеруңн беруге, түсін көлемін жекелей де сонымен қатар бірге де өзгертуге болады.

Реттілік анимацияда (frame-by-frame animation) әрбір кадрда суретшілер салған мультфильдегі сияқты өзінің суреті шығады. Бұл шығатын файлдң өлшемін едәуір ұлғайтады. Аралық кадрларды (tweened animation) автоматты түрде бөлсең онда ол нәтижесінде тек кілттік файлдағы ақпараттарды сақтайды нәтижесінде нәтижелік файлдың өлшем азаяды.

Анимацияның нәтижесін әдетте Flash фильмнің SWF форматында сақтайды, онда векторлық графика қолданылады, бірақ нүктелік графика мен дыбысты да қосуға болады. Олар интерактивті кинолар жасауға мүмкіндік береді. Flash фильмдер шағын, тез жүктеледі, және қолданушы интерфесіне те икемделеді. Оларды көру үшін Flash Player бағдарламасы құрылған.

Corel R.A.V.E. (Real Animated Vector Effects) бағдарламасы —Corel фирмасы өзінің 10 шы CorelDRAW графикалық пакетіне қосқан жаңабағдарлама. Ол оның функционалдығын жаңа қасиеттермен байыта түсті. Бағдарлама анимация жасауға арналған және оны фильм ретінде сақтауға арналған, яғни ең бастысы Macromedia Flash расширениесінде сақтай алады. Corel R.A.V.E. қосымшасында көптеген құралдар қамтылған, ол құралдар арқылы графикалық элементтермен сол элементтерге анимацяиыл қэффектілерді қодануға болады. Анимация құру кезіндеинтерактивті элементтермен қоса дыбысты да қосуға болады. Шыққан нәтижені төмендегі келесі форматтарда сақтауға болады:

GIF Animation (GIF) - анимациясы для Web-беттер және PowerPoint бағдарламасының слайдтарына арналған;

Video for Windows (AVI) – анимациясы для дыбысты оқитын видеоқосымшаларға арналған;

QuickTime (MOV) — анимациясы QuickTime 4 форматындағы видео үшін арналған, дыбыс сақталады;

Macromedia Flash (SWF) — анимациясы Web-беттерге арналған, онда дыбыс пен интерактивтілік сақталады.

3D Studio MAX — ол 3D индустриясының бар саладағы жұмыс бағдарламасы: рендеринг, моделирование, анимация. Бұл өте қолайлы бағдарлама үйткені оның барлық жұмысы плагиндерге негізделген. Сол арқылы бағдарламаға өзіне керекті функцияларды қосып баптауға болады. Мах бұл арқылы өзінің әріптестерінен біршама алдыға озып кетті.

3D композицияны құрудың жалпы принциптері:

Кез-келген 3D сценада негіз болуы керек — композицияның мәндік ортасы. Кез келген сценада 2 денгейлі обьектілер мен бөлшектер болуы керек, бірақ олар назарды көп алмауы керек – композицияның мәндік ортасы айқын көрінуі керек. «Мәндік орта» түсінігі ол территориялық жағынан сахынаның ортасындағы обьект емес, керісінше ол сахнаның ортасында тұрса онда ол өз қасиетін жояды. Мәндік ортаның ең қолайлы орналасуы ол сызықтардың қиылысу жері. Жәнеде обьектінің іс әрекеті сахынаның ортасына қарай бағытталуы керек.

Дұрыс таңдалынған көрініс бұрышы — камераның орналасуы обьетінің барлық іс әрекетін дұрыс көрсетуі керек. Ашық алаңдағы сценаларды түсіру кезінде гаризонттын дұрыс параметрлерін беру керек. Гаризонт сызығы сахынаны тең бөлмеуі керек, гаризонт сызығын кішкене төменірек орналастыру керек, сол арқылы біз композицияны ауқымдырақ етіп көрсетеміз; ал гаризонттың жағары орналасқан сызығы обьектіні жекелеп көрсеткендей болады.

Фонды бақылау – фон композицияға нәр береді, сонымен қатар тамаша құрылған композицияны бүлдіруі де мүмкін. Дұрыс таңдалынған фон картинаға дұрыс көңіл күй сыйлайды, ал дұрыс таңдалынбаған назарды аударады. Осындайда дұрыс таңдалынған әдіс ол расфокусировка.

Сценаға қосымша бөлшектерді енгізу( бұтақ немесе алдынғы пландағы ағаш және т.б.).

3D сценаларды құрғанда табиғи элементтерді енгізу ең күрделі және маңызды аспектілердің бірі болып келеді, тек техникалық жағынан ғана емес. Табиғатта түзу, түзу бұрыштар және т.с.с. 3D да онай құрылатын элементтер жоқ десе де болады. Осы жағдай табиғи элементтердің маделін жасауды өңдірістік обьектілердің моделін жасауға қарағанда күрделі етеді. Табиғи орта өте күрделі бірақ ол өсімдіктер мен тастардан, ағаштардан тұрады. Су және саз сияқты элементтер бар бірақ олар белгілі бір ландшафтарды модельдеу кезінде ғана кездеседі. Егер ойлап қарасақ табиғат бірнеше обьектілерден ғана құралған сияқты.

Ағаштар, тастар, өсімдіктер әр түрлі және әр түрлі көлемді болуы мүмкін. Индустриалды сценадағы ғимараттар сияқты, Табиғатта ағаштар сценаның негізі болады, бірақ олар емес олардың ұсақ бұлшектері оның шыншылдығын қалыптастырады.

Жабайы табиғаттың сценасы көптеген бөлшектерден тұрады, және біз онда майлы, эррозияға ұшыраған темірлерді көрмейміз. Сонымен қатар адаммен жасалған орта сияқты табиғат оншама ластанбаған. Мысалы, майланған жапырақтарды кездестірмейміз, олар шаң болуы мүмкін, бірақ заводтық маймен майланбаған. Сценаны құрмас үшін қоршаған ортаға нәр беретін компоненттерді анықтау керекпіз.

Ең бастысы — сценаны шыншыл ететін ұсақ түйек обьектілерді анықтау ол — кішкене тастар, ұсақ бұтақтар және т.б.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет