Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Халыққа білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.
2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекше-ліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.
3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.
Психологиялық қызмет келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Психопрофилактикалық жұмыс
Бұл бағыттың міндеттері педагогтар мен балалардың психологиялық білімге деген мұқтаждықтарын дамыту қажеттілігімен анықталады, оларды баламен жұмыстанған кезде немесе өзінің жеке дамуына ерекше мән бергенде қолдануға болады, әр жас ерекшелік кезеңінде баланың толық психикалық жетілуі үшін жағдай жасалуы керек, жеке тұлғаның және интеллектінің қалыптасу кезінде болатын өзгерістерді уақтылы ескертуі керек.
Психопрофилактикалық жұмыс баланың, жасөспірімнің жеке ерекшеліктерінің дамуына әсер ететін педагогикалық ұжым мүшелерімен, ата-аналармен және басқа да ересек адамдармен жүргізіліп тұруы керек.
Психопрофилактикалық бағыт бойынша психологиялық қызметтің қызметкерлері келесі нақты шараларды жүзеге асырады:
1.Балалардың балабақшаға үйренуі бойынша жұмыстар жүргізіледі; үйрену кезеңінде балаға көмектесу үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес беріледі.
2.Баланы ересектер тобынан мектепте оқуға әзірлеу жоспары бойынша даярлық тобына (5 жасында) ауыстырған кезде балаларға зерттеу жұмыстары жүргізіледі; ата-аналар мен тәрбиешілерге алдағы жылда баланың құрбыларынан қалып қоюын болдырмау мақсатында және мектепке әзірліктегі қателіктерді жою мақсатында балаларға тапсырма беру әдістері ұсынылады.
3.Балаларды бірінші класқа қабылдауға қатысады, алдын-ала балалардың психикасындағы мүмкін болатын ауытқушылықтарды анықтау және оларды түзету мақсатында зерттейді, мектепте оқуға психологиялық даярлығын анықтайды; мектепке даярлауда кемшіліктерді жою үшін ата-аналарға балалармен жүргізілетін тапсырмалар әдістерін ұсынады; мұғалімдермен бірге баланың мектепте оқуға тез бейімделуі мақсатында және мектепте оқу процесінде жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдермен бірге балалардың жеке жұмыстар бағдарламасы белгіленеді.
4. Балалар бастауыш мектептен негізгі мектепке көшкенде және негізгі мектептен жалпы білім беретін орта мектепке және кәсіптік мектепке көшкенде психологиялық зерттеулер жүргізіледі, ол психологиялық зерттеулер арқылы оқушының жаңа кезеңде оқуға даярлығын ескере отырып, балалармен жеке жұмыс бағдарламасын мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп белгілейді.
5. Оқу және тәрбие, өмір жағдайларына байланысты балаларға артық психологиялық салмақтың түсуін және жүйкелік қозуды болдырмауға байланысты жұмыстар жүргізіледі.
6. Баланың, жасөспірімнің даралық ерекшеліктерінің оның жеке тұлғалық өзгешелігінің, бейімділігінің, қабілетінің жетілу және мінез-құлық ерекшелігін психологиялық талдау мақсатында педагогикалық консилиум ұйымдастырылады.
7.Балалар тәрбиелейтін оқу-тәрбие мекемелерінде жағымды психологиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
-педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартады (ересек – ересек);
-педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізеді (ересек – бала);
-кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбие-леу ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызмет-керлерге кеңестер береді.
8. Педагогикалық ұжым мүшелерінен психологиялық артық салмақты түсіріп және оны ескерту шараларын жүзеге асыруда педагогтың кәсіби қызметінің қарым-қатынастық дағдыларын жетіл-діруге септігін тигізеді.
9. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың дамуының өзекті мәселелеріне сәйкес педагогикалық әсер етеді, белгіленген және өткізілген шараларға, тәрбие жұмысының жоспарына талдау жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |