Білім берудегі психологиялық қызметтің психопрофилактика бағыты



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі21,32 Kb.
#93614
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Батырбек Ақнұр 11апта ББЖПҚ


Орындаған: Батырбек Ақнұр
Білім берудегі психологиялық қызметтің психопрофилактика бағыты

Психологиялық профилактикаға байланысты әр түрлі мәселелер америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан. Психипрофилактикалық қызмет 3 деңгей арқылы жүзеге асырылады:


І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10-ымен де бірдей жұмыс атқарады.
Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша мектеп психикалық денсаулықтың профилактикасы үшін ең оптималды жүйе болып табылады және мектеп психологтары өмірге осындай алғашқы прфилактиканы әкелген негізгі мамандар болып есептелінеді.
ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл « тәуекелшіл » деп аталатын топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған. Екінші профилактика балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды зерттейді. Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік немесе эмоционалды басқаруға көнбейтін жағдайларға жетпей бұл қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог шамамен 10 баланың 3-уімен жұмыс істейді және көп жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру формасында жүргізіледі.
ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-құлқында мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10 баланың 1-уімен жұмыс істейді.
І деңгейден ІІІ деңгейге дейін психолог қызметі жоспарға және қызметтің қамтамасыз етілуіне қатысьы бірте-бірте белсенді бола түседі. Психопрфилактикалық іс-әрекеттің мәні – балалар мен оқушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын қорғап, күту. Олай болса, психопрофилактика – мектеп және мектепке дейінгі барлық жастағы балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға, қорғауға және дамытуға бағытталған балалар психологының іс-әрекетінің арнайы түрі.
Психологиялық профилактика мыналарды талап етеді:
1. Білім беру ұйымдарында бала тұлғасының біртұтас психикасының дамуы мен қалыптасуы үшін қажет психологиялық жағдайлардың сақталуына жауапкершілікті;
2. Қарым-қатынасында, мінез-құлқында, интеллектуалдық және эмоционалды дамуында белгілі бір қиындықтарға әкеп соқтыратын балалардың ерекшеліктерін дәл уақытында анықтауды;
3. Балалардың келесі жастық кезеңге өтуімен байланысты мүмкін болатын әр түрлі қиындықтарды ескеруді;
Психопрофилактикалық жұмыс жеке балалармен, балалар тобымен, сыныппен, сол сияқты тәрбиешілермен, мұғалімдермен, ата-аналармен және баланы дамуына, дүниетанымына әсер ететін басқа да адамдармен де жүргізіле береді. Бұл жұмыстағы қиындық мынада – психолог педагогикалық ұжымның психопрофилактиканың маңызын түсінбейтін жағдайларға көп тап болады.
Психопрофилактиканың нәтижелі болуы тұтастай психологқа байланысты. Психолог өзінің біліміне сүйене отырып, баланың білім алуы мен тәрбиесінің дамуына жағымды жағдай туғызу үшін нені өзгерту керек, нені ескеру қажет және қалай кеңес беру керектігін қамтамасыз етеді.
Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді. Қазақстандагы психологиялык қызмет жайлы зерттеулер республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланғанымен, дәл психологиялык кеңес беруді кеңінен қарастыру, әрі оны оқытуға енгізу мәселесі қолға алынбай келеді.
Психолог ғалымдар Г.С.Абрамова, Ю.Е Алешина, А.А.Бодалев, Г.В.Бурменская, И.В.Дубровина, В.Н.Карандашев, А.Г.Лидерс, Е.И.Рогов, В.В.Столин кеңестік дәуірдегі жэне одан кейінгі уақыттағы психологиялык қызметтің, соның ішінде психологиялык кеңес берудің мазмұнын анықтап берді.
Жоғары оку орнында психологиялык қызметті қалай жүргізуге болатындыгы, студенттердің жеке басын қалыптастыруда психологиялык кеңес берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова, М.Д.Дворяшина, М.В.Зюзько, Н.С.Копеина, Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Қазақстанда осы мэселемен айналысып жүрген Т.А.Абдрашитова (психологиялык кеңес беруді психологиялык белсенді заттарға тәуелді адамдарға қолдану), А.Р.Ерментаева (психологиялык тәжірибенің студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е.Г. Ким (оқытуда эриксондық гипнозды қолдану) және т.б. бірқатар зерттеушілерді атап өтуге болады.
Психологиялык кеңес беру туралы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан псхологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.
Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет