А. Бодалев, В. Жуков, Л. Лаптев пікірінше кәсіби құзыреттілік – ол субъектіні кәсіби даярлау және оның іс-әрекет міндеттерін, тапсырмаларды орындау қабілеттілігі, оның кәсіби әрекет талаптарына сәйкестігінің өлшемі мен негізгі көрсеткіші. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің негізгі құрамдас компоненттері:
білім – адам санасында қалыптасқан оның қоршаған сыртқы және ішкі әлемі туралы ақпарат;
іскерліктер – білімді тәжірибеде қолдану, іс-әрекет тәсілдер ін меңгеру қабілеттілігі;
дағдылар – бірнеше қайтара қайталап орындау негізінде машықтану деңгейіне жеткізілген әрекеттер;
кәсіби ұстаным – әрекет пен мінез-құлық сипатын анықтайтын қатынас, құндылық бағдарлардың жүйесі, тәжірибені, шынайылықты және перспективаларды бағалау.
адамның жеке-психикалық ерекшеліктері – адамның сапаларында көрініс табатын және оның даралығын, іс-әрекет стилін, мінез-құлқын анықтайтын психиканың түрлі құрылымдық-функционалдық компоненттерінің үйлескен жиынтығы;
акмеологиялық нұсқалар – өзін-өзі дамытудың, шығармашылықтың және өзін-өзі жетілдірудің қажеттілігін негіздейтін ішкі ынталандырушы күштер.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, жобалауға сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатаң ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, біріккен үрдіс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Жаңа технологияларды жобалау деңгейлері