Дамытушылық: Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету, іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, өз бетімен іздене білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Аралас.
Сабақтың әдістері: Зерттеу, әңгімелесу, модульдік оқыту технологиялары әдістері, жылдам ойлануға, келелі мәселелерді қоя білуге үйрету әдістері, деңгейлік тапсырмалар орындай білу, компьютерде жұмыс жасауы.
Сабақтың көрнекілігі: «Электр өрісі» тақырыптарына керекті құралдар: компьютер, электроскоп, шыны, эбонит таяқшалары, тері, жібек маталар қиындысы, сұлтандар, штатив, плакаттар.
Сабақтың байланысы: физика, математика, информатика, тарих.
Сабақтың өту жоспары:
кезең. Ұйымдастыру.
кезең. Өткен тарауды қайталау.
кезең. Білімдерін бекіту.
кезең. Білімдерін бағалау.
кезең. Үй тапсырмасын беру.
кезең. Сабақты аяқтау. Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І кезең. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сабақ барысында сынып оқушыларының 4 топқа бөлінетіндігін түсіндіру, сабақ мақсатына тоқтала отырып, сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ кезең. Өткен тарауды қайталау.
І топ: «Анықтама орталығы» - топ мүшелері бастапқы берілген сұрақтарды еске түсіре отырып жауаптарын дайындайды. (Топ осы бағытта түрлі анықтамалармен энциклопедиялар және әдебиеттермен жұмыс істейді).
Сұрақтар төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |