Заряд дегеніміз не?
Электрленген дене дегенді қалай түсінесің?
Электрлік күштер деген не?
Денелерді тек қана үйкеліс арқылы ғана электрлеуге болады ма?
Денелердің электрлену табиғаты дегенді қалай түсінесің?
Электр өрісі деген не?
Нүктелік заряд деген не?
Тұйықталған денелер жүйесі деген не?
Электр зарядының сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
Электроскоп деген не?
Электр зарядтарын өткізу қабілетіне қарай заттар неше топқа бөлінеді?
Атом құрамына қандай зарядталған бөлшектер кіреді?
Электрон туралы не білесің?
Оң ион және теріс ион деген не?
Электр өрісінің сипаттамалары қандай? (Күштік және энергетикалық).
2-топ: «Ойлы орталық». – Топ мүшелері жоғарыдағы туындаған сұрақтар бойынша гипотезалар мен ғылыми ойлар, заңдылықтар ұсынады, есептеулер жүргізеді.
Электрлік өзара әрекеттесу күшінің шамасы қалай анықталады?
Электр өрісінің қасиеттері.
Электр өрісінің күш сызықтары деген не?
Берілген суреттер бойынша дене зарядының таңбасын анықтаңыздар.
Тапсырманы орнында, компьютерде орындау.
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламасы Раіnt графикалық редакторын қолданып электр өрісінің күш сызықтарын салу.
Есептер шығару (тақтамен жұмыс).
1-есеп: Мырыш атомы ядросының заряды 4,8∙10-18 Кл. Мырыш атомы ядросының 10 км қашықтықта тудыратын электр өрісінің потенциялын анықтаңыздар.
2-есеп: 10 см қашықтағы 2,7∙10-6 Кл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Заряд суда орналасқан.
3-есеп: Потенциалдар айырымы 1600 В болатын электр өрісінің екі нүктесі арасына 5∙10-8 Кл зарядты орналастыру үшін өріс қандай жұмыс істейді? Есептердің берілгендерін компьютерде MS Word мәтіндік процессорын қолданып теру, формулалар редакторын қолданып формулалар жазу, мәтінді безендіру, есептің жауабын алу.
3-топ: «Экспериментаторлар орталығы» - топ мүшелері физикалық құбылыстың негізіне алынып отырған жұмыстарды тәжірибе жүзінде көрсетеді.
Эбонит таяқша мен тері бөлігі;
Шыны таяқша мен жібек қиындысы;
Электрленген эбонит таяқша мен электрленбеген эбонит таяқша;
Үрленген шар мен жібек мата;
Фольгадан жасалған гильза мен эбонит таяқша;
Электроскоп пен шыны таяқша;
Екі шыны таяқша мен электроскоп.
Екі электроскоп пен шыны таяқша және оқшауланған тұтқасы бар металл сым.
Кулон заңын түсіңдіру. (Плакат немесе интерактивтік тақта арқылы).
Сұлтандармен тәжірибе.
4-топ: «Тарихшылар орталығы» - топ мүшелері «Электр» термині, Кулон заңы, Иоффе-Милликен тәжірибелері, Э. Резерфорд тәжірибесі, Максвелл мен Фарадей тәжірибесі туралы тарихи тұрғыдан түсіндіреді. (Шығармашылық тапсырмалар).
Сабақ барысында жұмыс жасаған топтар мен жекеленген мүшелерінің жауаптары мен өз ойларынды жинақтай отырып, тарау бойынша білімдерімізді қорытындылап бекітейік.
Бекітуді деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып жүзеге асырайық: (Орындарында және компьютерде).
III кезең. Білімдерін бекіту.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей:
Әр аттас зарядталған денелер бір-бірімен қалай әрекеттеседі?
Жібекке үйкелген екі шыны таяқша бір-бірімен қалай әрекеттеседі?
Атомның құрылысы қандай бөліктерден құралады?
Электронның заряды қандай? Протон ше?
Электронның маңайында электр өрісі болады ма?
Зарядталған дененің маңайында электр өрісінің бар екендігін қалай білуге болады?
2-деңгей:
Берілген суреттегі шариктердің заряды туралы не айтуға болады?
Мына суреттегі шарик пен таяқшаның заряды жөнінде не айтасың?
Протонның зарядынан атом ядросының заряды аз болуы мүмкін бе?
Хлор атомына 1 электронды қосылды. Пайда болган бөлшек қалай деп аталады? Оның заряды қандай?
Теріс зарядталған таяқшаның көмегімен электроскоптың белгісіз зарядын қалай анықтауға болады?
Электр өрісінің материяның бір түрі екендігін қалай дәлелдеуге болады?
3-деңгей:
Бензин таситын автоцистерналардың корпусына бірнеше буындары жерде сүйретіліп жүретін шомбал шынжырларды не үшін қыстырып бекітеді?
Электроскоп өзекшесін неліктен металдан жасайды?
Азот атомының ядросында 14 бөлшек бар, оның 7-уі нейторн. Атом ядросында қанша протон, қанша электрон бар?
Оттегінің атомы ядросының айналасында 8 электрон қозғалады. Оттегі атом ядросыда қанша протон бар?
Электроскопты ылғалды бөлмеде электрлеу неге қиын, кейбір кезде мүлде болмайды?
Жәшікте мыстан және темірден жасалған бұйымдар бар. Егер аккумулятор, ұзын мыс өткізгіш сым және темір стержень болса, онда бұйымдарды қалай бөліп алуға болады?
4-деңгей:
Эбонит таяқшасын үйкелеу арқылы электрленгенде заряд немесе теріс зарядты болуы мүмкін бе?
Автоцистерналардың корпусы шынжырлар арқылы жерге сүйретіледі. Ал теміржолдар арқылы цистернамен бензин тасығанда неге осындай шынжырлар қолданылмайды?
Екі зарядтың шамасы тең, бірақ заряд таңбасы бойынша қарама-қарсы болған жағдайда, оларды бірге бір өткізгішке енгізсе жойылады ма?
Жібекті шыны таяқшаға үйкелегенде оң зарядқа ие болады. Осыдан кейін таяқшаның массасы өзгереді ме? Өзгерсе қалай өзгереді? Неге?
Токтан туындаған отқа кәдімгі отты сөндіргіш немесе суды пайдаланбайды, міндетті түрде құрғақ құмды пайдалану керек. Не себепті?
Желестіру дегенді қалай түсінесің? Не себепті жерді пайдаланады?
IV кезең. Білімдерін бағалау.
Жетондар тарату арқылы (Сұрақ-жауап)
Есептер шығару. Топ жетекшілері бағалайды.
Шығармашылық жұмыс. Топ жетекшілері бағалайды.
5. Өзін-өзін бағалау. Рефлексия
Білемін
|
Білдім
|
Нені білгім келеді
|
|
|
|
Деңгейлік тапсырмалар.
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
I деңгей
|
|
|
|
|
II деңғей
|
|
|
|
|
III деңгей
|
|
|
|
|
IV деңгей
|
|
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
6. Қорытынды баға. (Мұғалім).
Бағалар
|
Баға саны
|
Білім
сапасы
%
|
Оқу
үлгерімі
%
|
Мониторингі
|
«5»
|
|
|
|
|
«4»
|
|
|
|
«3»
|
|
|
|
«2»
|
|
|
|
Қатысқандар
|
|
V кезең. Үй тапсырмасын беру. «
Достарыңызбен бөлісу: |