«Білім беруді жаңғырту орталығы» мкқК «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет1/3
Дата13.09.2023
өлшемі30,18 Kb.
#180897
  1   2   3
Байланысты:
ТЖБ


«Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен тоқсан бойынша
жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
(оқыту қазақ тілінде емес)


11-сынып / 1-тоқсан


/Қашықтан оқыту кезеңі/

Нұр-Сұлтан қаласы, 2020

Оқушылардың қашықтан оқыту кезеңінде бірінші тоқсанда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 11-сыныпқа арналған тоқсан бойынша жиынтық бағалауды жоспарлауға, ұйымдастыруға, мұғалімге әдістемелік ұсыныстар жасалды. Ұсыныстар оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарына негізделіп дайындалды.


Бағалаудың бекітілген тәртібіне сәйкес тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқушыларға жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу үшін, өтілген оқу мақсаттарына сай тапсырмалар құрастырылды және тапсырмаларға бағалау критерийлері мен дескрипторлар және ұпайлар ұсынылды. Сонымен қатар, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен ұпайлары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау кезінде ресми интернет-сайттарында көпшілікке қол жетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, видео мен аудио материалдар және т.б.) пайдаланылды.

Құрастырған: Нукебаева Бахыт Сеитхановна,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,
шебер-педагог, №85 мектеп-лицейі
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сыныбы: 11-сынып
1-тоқсан бойынша


Оқылым
Крис Гарднер кішкентай ұлымен бірге қоғамдық дәретхананың еденінде ұйықтап жүрген кезде, бір кездері өз өмірінің желісімен Голливудта әйгілі фильм түсірілетіні туралы үш ұйықтаса түсіне кірген емес.
1980-жылдардың басында 27-жасар Гарднер үшке де толмаған ұлымен бірге бір жыл бойы Калифорния штатының Сан-Франциско қаласының көшесінде баспанасыз қаңғумен жүрді. Гарднер брокерлік фирманың тәлімгері болып жүрген, оның жалақасы пәтер жалдауға да жетпейтіндей өте аз болды.Сүйіктісімен ренжісіп қалғаннан кейін ол баласы екеуі көшеде қалып, табылған жерге түнеп жүрді.
Темір жол бекетінің дәретханасынан басқа, олар саябақта, шіркеу үйінде немесе жұмысшылардың бәрі үйлеріне тарап кеткен кезде кабинетіндегі үстелдің астында қонып шығатын. Олар баспанасыз қалғандарға арналған қайырымдылық асханасында тамақтанды. Ал әкесінің бар тапқан-таянғаны кішкентай Кристің балабақшасының ақысын төлеуге кететін. Өйтпеген жағдайда Крис Гарднер жұмыс істей алмайтын еді.
Осындай қиындықтарға қарамастан, Крис жұмысын өте керемет істеді. Оның акциялар мен облигацияларды табысты сата алатын табиғи дарыны болды. 1987-жылы өзінің жеке Gardner Rich деген инвестициялық фирмасын ашты. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет