Білім берудің мазмұны Білімнің мазмұны



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі83,93 Kb.
#85496
1   2
Байланысты:
10.10.20.Пед.Бухарбаева Назерке 33Б

Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер; • көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер; • болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары; • белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер; • ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер; • әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі. Білім - өлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді. Жалпы білім - ғылым негіздерін оқушылардың меңгеруі және нәтижесі. Жалпы білімнің мазмұнына оқу пәндерінің иггілгі 3 түрі енеді. Олар: • ғылыми-жаратылыс; • гуманитарлық; • еңбек және дене дайындығы. Ғылыми-жаратылыстану пәндеріне табиғат заңдылықтары турнлы білім беріп, баланың ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы болып табылатын физика, математика, химия, биология енеді. Гуманитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, экономикалық география, түрлі тілдер) оқушыларды қоғамды дамытатып заңдармен таныстырады. Әр түрлі тілдер қоршаған өмірді терең түсінуге, ақыл-ой тәрбиесіне, әлеуметпен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Гуманитарлық білімдер - тарих, әдебиет, саз, ән, бейнелеу өнерлерінің баланың дамуына үлкен ықпалы бар. Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын жақсартып, іскерлік, дағдыға үйретеді. Сонымен оқушылар ғылыми білімдер жүйесін зерделеп, табиғат және қоғам құбылыстарының мәніне жетіп, ғылымның зерттеу әдістері және даму тарихымен танысады. Жалпы білім - политехникалық және кәсіптік білімнің негізі және олармен тығыз байланыста болады. Политехникалық білім арқылы бала қазіргі өндіріс негіздерін зерделейді, еңбек құралдарымен жұмыс істеуге үйренеді, еңбекке, қазіргі техникаға, ғылымға қызығушылығын арттырады.
Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына ойылатын талаптар белгіленген. Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады. Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары өзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Оның көп себебі бар. Солардың бірі - кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын ешқандай әдістемесіз енгізуі. Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады. Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған. Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттың мүмкіндігіне сай жүреді. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылды. Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймаңтық ерекшеліктер ескерілді. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын. Әрине стандарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік жинаңтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр.
Стандарттың бірінші бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім беру салалары, базалық білімнің мазмұны, бастауыш сыныпты бітіретін оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жазылған. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл — орыс тілі, матема-тика, дүниетіну, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар. Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат. Әр сатыдағы білім мазмұны. Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады. Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды. Білімнің екінші сатысына бес жыл (5-9 сыныптар) бөлінген. Осы сатыда бастауыш сатыдағы білімдерін жалғастырып отырған 5-6 сынып оқушыларынаберілетін білім мазмұны бастауыш мектептегі білім мазмұнымен тығыз байланысты болады. Жоғары сатыда( 10-11) негізгі мектептің барлық пәндері бойынша жалпы білімдік дайындық аяқталады.
Оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу. Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады. Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады. Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет