Сабақтың қорыту:
Үйге тапсырма беру:
Сабақтың тақырыбы: «Жер – шар тәріздес дене»
Сабақтың мақсаты: а) Жер – шар тәріздес дене» тақырыбында білімдерін кеңейту.
Жердің шар тәріздес екендігіне дәлелдер келтіре отырып
түсіндіру.
б) Оқушылардың аспан әлемі, Жер планетасы туралы танымын
шыңдау, қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен
айналысуға баулу.
Тәжірибелік: Өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге, құрметтеуге, қамқор болуға,
экологиялық апаттардан қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға салу, бақылау.
К ө р н е к і л і к: плакаттар, планетаның суреті, планетаның макені.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Әр түрлі сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын жан – жақты тексеріп шығу:
а) Күн қандай дене деп ойлайсыздар?
ә) Не себепті біздің жүйе Күн жүйесі деп аталады?
б) Күннің қасиеттерін білеміз бе?
в) Күннің тіршілік үшін маңызы бар ма?
г) Үйге берілген тәжірибені талдау (Нені байқадыңдар, неге сарғайды? т.б)
Сонымен балалар, Күн туралы білімімізді кеңейте үстік. Біз күн жүйесінде 9 бар екенін білеміз. Ал, сол планеталарды кім атап бере алады? (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Уран, Сатрун, Плутон, Нептун).
Осы планеталардың ішіндегі ең танымалы, өзімізге жақын қай планета?
Жер.
Онда қазір біз Жер туралы әңгіме жүргізейік. Жер туралы не білесіңдер, соны
ортаға салайық.
мекеніміз дөңгелек
жасыл тіршілік көзі
Енді осы Жер планетасын зерттеп көрейік.
Қайда орналасқан?
Пішіні қандай?
Жасыл желек жамылған,
Жер дөңгелек бір әлем.
Асқар – асқар таулары,
Сылдырап аққан сулары,
Сан алуан гүлдері
Жан – жануар бәрі бар.
Бұндай планета қайда бар?
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Балалар жаңа сендер Жердің пішінін шар тәріздес дедіңдер, оны неге сүйеніп
айттыңдар?
Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жер – шар тәріздес дене».
Жер – біздің сүйікті планетамыз. Жер – тіршілік көзі. Жер басқа планеталарға
қарағанда жақсы зерттелген, Жердің шыр тәріздес екені анық.
Дегенімен, ерте заманда біздің арғы ата – бабаларымыздың Жердің пішіні туралы пікірлері басқаша болған, өйткені ол кезде Жерді зерттейтін обсерваториялық құралдар, телескоптар бомаған. Содан келіп адамдар Жер тегіс және оны үлкен бірнеше өгіздер көтеріп тұр, олардың аяғы шаршап, қозғалтқан кезде жер сілкінеді – міс деп ойлаған. Ежелгі грек ғалымдары әр түрлі белгілерге қарап жердің шар тәріздес екендігін дәлелдеген.
1519 – 1522 жылдар аралығында Жер шарын айналу саяхатын жасаған тугалық теңізші Фернан Магеллан тұңғыш рет жердің пішінің шар тәріздес екенің дәлелдеген.
- Біз әр айда жаңа ай туады деп жатамыз.
- Бұл не деп ойлайсыңдар.(Көрсету жаңа туған айдың пішінін)
Біз Айдың пішінінің дөңгелек екендігін білеміз сөйте тұра, неге бізге осылай көрінеді?
Өйткені Айға Жердің көлеңкесі түседі, көлеңке түскен жағы бізге көрінбейді. Әрбір дененің көлеңкесі сол дененің пішініндей болып түседі, ендеше жердің пішіні шар тәріздес.
Егер Жердің пішіні Айға түскен төртбұрышты болса ше? (Көрсету.Айдың бетін көлеңкелеп).
Не байқадыңдар?
Балалар, жер толық зерттелді деп айта алмаймыз, әлі талай жаңалықтар болуы мүмкін, өйткені біздің техникаларымыз әлі даму үстінде.
Үш қатарға пысықтау үшін тапсырмалар беріледі.
І қатар – «Жер – Ана» тақырыбына эссе жазу.
ІІ қатар – «Жерді» әр түрлі апаттардан қорғау.
ІІІ қатар – басқа планетаға хат жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |