Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өздігінен ізденеді.
Аспан әлемі туралы ұғым қалыптасады.
Ғарышкер, ұшқыш болуға әлемді зерттеуге деген қызығушылығы артады.
ОҚУ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
І. Кіріспе. 2 сағат.
Алғашқы космологиялық түсініктер және жүргізілген зерттеулер жөніндегі теорияларды меңгеру. Космосқа ұшу идеяларының пайда болуын оқулықтан тыс материалдармен таныстыру.
ІІ. Халық астрономиясы. 3 сағат.
Ежелгі халық астрономиясы. Аспан сыры. Аспан денелері туралы қызықты аңыз ертегілер беру арқылы түсіндіру.
ІІІ. Әлем. 3 сағат.
Әлем жайлы көзқарас. Адам – ғарыштың тіршілік иесі. Жерді мекендеушілер өмірінің ғарышпен байланыстылығын көрсету. 1971 жылы Кеңес Одағы ғарышты игерудің жаңа кезеңі. Хабблдің космологиялық телескобы.
Достарыңызбен бөлісу: |