Білім берудің негізі білім ғана емес, олардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жетелеу, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану



бет1/92
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118893
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Ғарыш физикасы



Т ү с і н і к хат
Білім берудің негізі білім ғана емес, олардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жетелеу, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану.
Космология бағдарламасының негізгі қызметі – оқушылардың бойында табиғат, қоғам және адам туралы, сондай – ақ өз ұлты, ұлттық ерекшеліктері, Отаны туралы қоршаған болмыс тұрғысынан және жергілікті жағдайдан туындайтын бастапқы түсініктерді қалыптастыру, оқушының шығармашылық қабілетін тиімді дамыту. Бағдарламада айналамызды қоршаған табиғаттың тылсым тіршілігін, ондағы болып жатқан қызықты да құпия құбылыстарымен бірге жердің шегінен басқа денелер, ғарыштық денелер туралы мағлұмат алады, дүниетану қабілеттері қалыптасып, жаратылыстану бағытына қарай бейімделеді. Мұнда оқушының жас ерекшелігіне байланысты оның логикалық ойлау, түсіну, алған мәліметтерді қабылдау қабілеті ескеріліп отыр. Баланы ойлантуға, тапсырмаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік тудырады.
Космология бағдарламасының негізгі тараулары. – «Халық астрономиясы», «Әлем жайлы көзқарас», «Ғарыш және Қазақстан», «Аспан қозғалысы», «Космология және физика» осы тараулар бойынша оқушылар халық астрономиясы туралы, оның қолданылуын біледі, аспан денелері туралы қызықты аңыз – ертегілермен танысады, аспан денелеріне қарап, жыл мезгілдерін, аспан құбылыстарын анықтаудың күн тізбесінің маңызын түсінеді. Байқоңыр қасіреті оның Қазақстан жеріне, жалпы экологиясына тигізетін әсерін және әлемге әйгілі ғарыш аймақтарымен танысады.
Жердің табиғи серігі өзіміз күн сайын көріп жүрген Ай туралы біледі. Жер шар тәрізді дене, ал Айдың пішіні деп шар тәріздес, бірақ айдың пішінінін өзгеріп отыратынын түсінеді. Осындай тақырыптар оқушылардың білімдерін тереңдету, ынталандыру, әсемдік әлеміне баулу оқушының жан дүниесіне әсер ету мақсатында жасалып отыр. Бағдарлама 7 сыныптарға арналған. Барлығы – 34 сағат, аптасына
1 сағаттан беріледі.
Оқушылардың теориялық білімдерін практикалық іс - әрекетінде қолдану дағдысын байқау үшін әрбір тараудан кейін бақылаулар, есептеулер, зертханалық жұмыс, пікірсайыс және эксперименттік тапсырмалар орындалады. Сонымен қатар алдын – ала дайындалған сыннан сұрақтарға жауап беру арқылы бағаланады.
Әр тақырыпқа сәйкес оқушылардың теориялық білімін практикалық іс - әрекетінде анықтау үшін жұмыс дәптері әзірленді. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай принципіне негізделеді. Оқушыны шығармашылыққа қарай жетелей отырып нәтижеге жету көзделді. Оқушы білімі ұпай санымен бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет