Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»


Білім алушылардың дайындық деңгей



бет8/8
Дата17.02.2017
өлшемі1,7 Mb.
#9609
1   2   3   4   5   6   7   8
4. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

      84. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының 3-деңгейі (докторантура) негізінде анықталады және құзыреттер арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де сипатталады.
      Үшінші деңгейдегі дескрипторлар:
      1) зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерді, осы салада қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсету;
      2) ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету;
      3) өзінің ұлттық немесе халықаралық жариялануға тұрарлық ерекше зерттеулерімен ғылыми саланың шекараларын кеңейтуге үлес қосу;
      4) жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыда талдау, бағалау және жинақтау;
      5) өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу;
      6) білімге негізделген қоғамның дамуына септігін тигізу қабілеттерінің болуын қарастырады.
      85. Докторантураның жалпы құзыреттіліктері:
      1) мынадай:
      ғылым эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы;
      жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының пәндік, дүниетанымдық және әдіснамалық ерекшеліктері туралы;
      білімнің белгілі бір саласындағы ғылыми мектептер мен олардың теориялық және практикалық жаңалықтары туралы;
      белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы;
      ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы;
      ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы;
      ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсінігінің болуы;
      2) мыналарды:
      жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын;
      ғылыми танымның әдіснамасын;
      белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін;
      ғылым мен білімнің әлеуметтік жауапкершілігін (сезінуі және қабылдауы);
      халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін кемінде бір шет тiлiн кәсiптік деңгейде білуі қажет;
      3)мыналарды:
      ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыруды, жоспарлауды және іске асыруды;
      зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды, бағалауды, салыстыруды және қорытынды жасауды;
      әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды және өңдеуді;
      заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өз бетімен орындауды;
      ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің жаңа ғылыми ойларын айтуды, өзінің білімі мен ойларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізуді;
      зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдап, оны тиімді қолдануды;
      өзінің кәсіби дамуын жоспарлауды және болжауды білуі тиіс;
      4) мынадай:
      әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды сыни тұрғыда талдау, бағалау және салыстыру;
      ғылыми қызметте талдау және эксперимент жүргізу;
      зерттеулер нәтижелерін жоспарлау және болжау;
      халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу;
      ғылыми хат пен ғылыми байланыс;
      ғылыми зерттеулер процестерін жоспарлау, үйлестіру және іске асыру;
      зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсете білу;
      ғылыми іс-шараларда, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу;
      басқарудағы көшбасшылық және ұжымды басқару;
      ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметке жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарау;
      заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып, патенттік ізденіс жүргізу мен ғылыми ақпаратты беру тәжірибесі;
      ғылыми жаңалықтар мен туындыларға зияткерлік меншік құқығын қорғау;
      шет тілінде еркін сөйлесу дағдысының болуы тиіс;
      5) мынадай:
      ақпараттар ағымының жедел жаңару және жедел өсу жағдайындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
      теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізуде;
      ғылыми зерттеуде теориялық және қолданбалы міндеттерді қою мен оларды шешуде;
      белгілі бір саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуде;
      тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелерінде;
      мамандарды жоғары оқу орнында даярлау мәселелерінде;
      ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізуде;
      үнемі кәсіби өсуді қамтамасыз етуде құзыретті болуы қажет.
      86. Арнайы құзыреттер докторантураның әрбір мамандығы бойынша қоғамның әлеуметтік сұраныстары мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып әзірленеді.
      87. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
      88. Докторанттардың оқу жетістіктерін бақылау және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Офис регистратор (бөлім, сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау білім берудің қорытынды нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
      89. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын Офис регистратор есепке алып отырады және докторанттардың белгіленген нысандағы транскрипінде көрінеді.
      Транскрипт докторантқа білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
      90. Докторанттың білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі.
      91. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарында көрсетілген мерзімде кешенді емтихан мен докторлық диссертацияны қорғау нысанында мынадай құжаттарға сай өткізіледі:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережесі;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгілік ереже.
      92. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жүргізген сараптама қорытындысы бойынша оң шешім шығарған кезде докторантураның білім беру бағдарламасын толық орындаған және докторлық диссертацияны сәтті қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом мен дипломға қосымша (транскрипт) беріледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік


жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша      

PhD докторантурасының білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 3 жыл)





Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

ДӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Теориялық оқыту (1:2)

36

30

1620

540

1080

54,00

2

Докторлық диссертациясын орындауды қоса алғанда докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы (1:7)

28

62

3360

285

3075

54,55

3

Қорытынды аттестаттау (1:6)

5

10

525

75

450

52,50



Барлығы

69

102

5505

900

4605



4

Практика (кәсіби), оның ішінде.:

6

15

450

90

360

30,0



1) педагогикалық (1:1) +
зерттеу (1:7) немесе

3
3

3
12

90
360

45
45

45
315

30,0
30,0

2) өндірістік (1:4)

6

15

450

90

360

30,0

5

Демалыс



25









6

Емтихан сессиясы (3х2 апта)



6











Барлығы (52 апта х 3 жыл – 8 апта =148 апта)

75

148

5955

990

4965



      Ескерту:
      1. Философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін мамандық бойынша ҮОЖ-да жоспарланған кредиттерге қарамастан білім алушы теориялық оқудан кемінде 36 кредит, практикадан кемінде 6 кредит және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысынан кемінде 28 кредит меңгеруі тиіс.
      2. Кешенді емтиханға 1 кредит, докторлық диссертацияны ресімдеу мен қорғауға 4 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан).
      3. Практикаға бөлінген кредиттер саны кемінде 6 кредит болуы керек және оның жалпы санын ЖОО өзі анықтайды.
      4. Қызмет түрлеріне қарай апта саны өзгеруі мүмкін, бірақ докторанттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
      5. Демалыс ұзақтығы соңғы курстан өзге курстарда 5 аптадан кем болмауы керек. 5 аптадан артық демалыс уақытын жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
      6. Педагогикалық практиканы оқу процесінен қол үзбей теориялық оқытумен қатар өткізген дұрыс. ДҒЗЖ оқытудың басынан бастап жоспарлаған және теориялық оқытумен немесе зерттеу практикасымен қатар өткізген дұрыс. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып, тиісінше олардың апта саны артуы қажет, бірақ докторанттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет