3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
31. Жалпы орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
32. Жалпы орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу.
33. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушыларда дамыту қажет:
11) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;
12) Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеу және сақтау;
13) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдау білігі;
14) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталануы;
15) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттілік алуан түрлілігін құрметтеуі;
16) рухани келісім және толеранттылық идеяларына бейімділік;
17) қоршаған ортаға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң қарым-қатынасының болуы;
18) шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
19) коммуникативтік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу;
20) өмір бойы білім алуға және өзін-өзі ынталануы.
34. Жалпы орта білім берудің мақсаты:
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;
7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.
35. Кең ауқымды дағдылар мектептен "шығу" нәтижесі ретінде білім алушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіне үйлесімді үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге, сондай-ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
36. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері болып табылады:
1) міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру;
2) оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін үйлестіру негізінде жоғары оқу орындарына түсуге білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз ету;
3) рухани-адамгершілік қасиеттерін, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын және проблемаларды сын тұрғысынан және шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктігін мақсатты дамыту;
4) бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу;
5) бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу.
37. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны білім алушыларды жоғары оқу орындарына түсу мен дербестігін мақсатты дамыту үшін білім алушылардың академиялық дайындығын кіріктіру негізінде айқындалады.
38. Білім алушылардың академиялық дайындығы әлемді танудың ғылыми әдістерін меңгеруге бағытталған білімнің іргелілігін күшейтумен қамтамасыз етіледі.
39. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
1) қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына және ғылымның даму деңгейлеріне сәйкес болу;
2) сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту;
3) пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейту;
4) негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім мазмұнының үздіксіздігі және сабақтастығы қағидатын сақтау;
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
6) оқытудың, тәрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
40. Міндетті оқу пәндерімен қатар білім алушылардың оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерінде бейіндік оқу пәндерін таңдауы қарастырылған.
41. Бейінді оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде оқу пәндерін таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Білім алушылар қалауынша өздеріне маңызды оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлеріндегі оқу пәндерін таңдайды. Стандарттық деңгейдегі оқу пәндеріне қарағанда, бейінді оқытудың тереңдетілген деңгейдегі оқу пәндеріне сағат саны көп бөлінеді. Стандарттық деңгейде бейіндік емес оқу пәндері оқытылады.
42. Жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиелеу бірлігі қағидатына бағдарланған. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі. Оқу оқушылардың ізденуге, мәселелерді талқылауда белсенділік танытуға, көзқарасын дәлелдеуге, сындарлы шешім қабылдауға деген ынтасын таныту арқылы тәжірибені игеруін ұйымдастыруға негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады.
43. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбиелеу мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
44. Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асуын қамтамасыз етеді.
45. Білім алушылардың жобалық және зерттеу іс-әрекеттерін дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
46. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
47.Үштілді білім беру іс жүзінде:
1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерін деңгейлік меңгеруді қамтамасыз ету;
2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндеоқытуды ұйымдастыру;
3) білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін және әртүрлі тәрбие жұмыстарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру мынадай жолдармен іске асырылады.
48. Жалпы орта білім берудің практикалық бағыттылығы оқыту процесі мен тәрбие жұмысы кезінде оқу, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын дамыту арқылы жүзеге асырылады.
49. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша анықталған оқытудан күтілетін нәтижелерге сәйкес әзірленетін оқу бағдарламаларымен нақтыланады.
РҚАО-ның ескертпесі!
50-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
50. Бейінді оқытудың барлық бағыттары үшін міндетті оқу пәндері бойынша білім мазмұны
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ орыс тілі", орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ ана тілі мен әдебиеті (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) пән мазмұны түрлі салалар мен қарым-қатынас жасау барысында тілді еркін меңгеруін қамтамасыз ету үшін коммуникативтік дағдыларын дамытуға; сыни ойлауы мен ауызекі сөйлеуін дамытуға; ақпаратты іздей алу біліктілігін дамытуды жүзеге асыруға; қажетті ақпаратты алу, өңдей алуға бағытталу керек. Тілді оқу процесінде алған білімін өмірдің түрлі жағдайында қолдана білу және ақпаратты бағалау, жинақтау, талдау, салыстыру сияқты ойлаудың жоғары деңгейіндегі дағдылары қалыптасады;
2) пәннің мазмұны образдық және талдамалық ойлауды дамытуға, шығармашылық қиялдауға, оқырман мәдениеті және автор ұстанымын түсінуге, білім алушылардың ауызша, жазбаша сөйлесімін дамытуға, әдебиет теориясының түсініктерін және негізгі тарихи-әдеби мәліметтерді, көркем шығарма мәтінінің мазмұны мен түрін бірлікте түсінуге бағыттау қажет. Әдебиет тарихына қажетті мәліметтерді және әдебиеттану түсініктерін қатыстыра отырып пәнді оқыту процесі барысында көркем шығармаға терең талдау жасау;
3) оқу пәнін оқыту сөздік қорын байыту мен қолданылатын грамматикалық құралдардың аумағын кеңейтуді, стилистикалық ресурстарды, сөйлеу этикеті мен әдеби тілдің негізгі талаптарын, тілдің қызметі мен қолданылуын түрлі қарым-қатынас аялары мен жағдайларында білім спектрін кеңейтуді қарастырады. Білім алушылардың тілді оқу процесінде алынған дағдыларды тиімді пайдалану тілдік бірліктер талаптарына, қарым-қатынас жағдайына сәйкестігі деңгейін бағалау;
4) тұлғаны рухани жағынан тәрбиелеуді дамыту, гуманистік дүниетанымын, азаматтық сана-сезімін, патриоттық сезімін, әдебиетке және отандық құндылықтарға, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілігі мен сыйласымдылығын қалыптастыру пән мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады.
Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/ орыс тілі мен әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін):
1) пәннің мазмұны қазақ тілі шартты түрде мемлекеттік тіл мәртебесінде қолданылады және орыс тілі мәртебесі ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылатын ұлтаралық қарым-қатынас тілі мақсатын көздейді;
2) аталған оқу пәндерін оқыту тілді оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік жасау, білім алушылардың Қазақстан халықтарының мәдениетімен араласуы олардың ұлтаралық қарым-қатынасқа дайын болуын қамтамасыз етеді;
3) оқу пәнінің мазмұны негізінде ынтасы мен тәжірибесіне сәйкес, қарым-қатынастың түрлі салалары және жағдайларында тілді қолданудың дағдылары мен біліктерін, ауызша және жазбаша сөйлеу тілі мәдениетінің негізін және сөйлесу іс-әрекетінің барлық түрлерін меңгеруі жатыр;
4) тілді оқыту процесінде білім алушылар тіл туралы тілдің таңбалылық жүйесі және қоғамның құбылысы ретінде, оның құрылысы, дамуы мен қызметі туралы білім алады;
5) тіл мен әдебиетті оқыту әдеби тіл нормаларын меңгеру деңгейін жетілдіре түсуге, білім алушылардың сөздік қорын молайтуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді және әдеби шығармаларды талдау және оларға баға беру қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Шет тілі:
1) "Шет тілі" оқу пәнінің мазмұны көптілді, көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға, түрлі стильде жазылған тең түпнұсқалы мәтіндердің мазмұны арқылы сөздік қорын молайтуға, коммуникативтік біліктілігін жетілдіруге, шеттілді коммуникативтік біліктілікті дамыту процесінде дүниетанымы мен әлемді қабылдауын әлеуметтік мәдени жағынан байытуды жүзеге асыруға, зерттеу жұмыстары мен түрлі оқу міндеттерін шығармашылық жағдайында шешуге мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс;
2) "Шет тілі" оқу пәнінің мазмұны талдау икемділіктерін дамытуға, тәжірибені таратуға, маңызды ақпаратты кәсіби тұрғыдан саралауға, тілді ғылыми және кәсіби іс-әрекеттегі қарым-қатынас үшін тиімді пайдалануға, сонымен қатар жеке, іскерлік хаттарды жазу, түйіндеме құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу, шет тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді;
3) "Шет тілі" оқу пәнінің кіріктірілген мазмұнын басқа пәндермен қатар білім алушыларға пәнаралық байланыс арқылы икемділіктерін қалыптастыру үшін дәлел аралық байланыстың себеп-салдарын, шет тіліндегі дереккөздерден негізгі және фрагментті алып, ақпаратпен жұмыс жасау үшін, орналастырып іске асыруға мүмкіндік беріледі;
4) "Шет тілі" оқу пәнінің құралы ретінде рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды, өз Отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеуді, өз халқына және басқа мәдениеттің өкілдеріне төзімділікпен қарау қарым-қатынасын, отбасында тұлғааралық қарым-қатынас әдебін тәрбиелеу, мектепте құрбы-құрдастарымен, мұғалімдерімен, тіл үйретушілермен қарым-қатынас барысында әлеуметтік мәдениет материалдарын қолдану икемділіктерін дамыту жүзеге асырылады.
Математика:
1) "Математика" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың келесі білім алу деңгейінде табысты оқуы, содай-ақ практикалық есептерді шешуі үшін қажетті математикалық білім жүйелері мен біліктерін және математикалық мәдениетті дамытуға бағытталуы қажет. Математика курсы адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудағы математиканың рөлін түсінумен қатар, функционалдық сауаттылығын, кеңістіктегі қиялын, абстрактілі, логикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
2) "Математика" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеу және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер тәжірибеде барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне бағытталған;
3) оқу пәні мазмұнында жалпы зияткерлік және танымдық, оқу біліктерін одан әрі дамыту көзделген. Математикалық заңдылықтарды түсіну барысында гипотезаны тексеру және ұсыну проблемаларын тұжырымдау үшін салыстыру, саралау, тарату, талдау, жинақтау, дерексіздендіру, нақтылау сияқты біліктер қолданылады;
4) оқу пәнінің мазмұны мектептегі математика курсының тақырыптарын қамтитын математиканың негізгі бөлімдерінен тұрады: "Сан", "Алгебра", "Геометрия", "Статистика және ықтималдық теориясы", "Математикалық модельдеу және анализ".
Қазіргі әлемдегі Қазақстан:
1) аталған пән Қазақстан тарихы және география, қоғамтану, құқық негіздері, әлеуметтану, саясаттану мен мәдениеттану пәндерінің жиынтығы болып табылады. Курстың сипатты ерекшелігі біртұтас қоғамдық пәндердің өзара тығыз байланысы болып табылады. Әрбір жекелеген ғылым өзінің қоғам және адам туралы білімнен үзінді мен оған өз көзқарасын ұсынады, және "Қазіргі әлемдегі Қазақстан" оқу пәні осы үзінділер мен позициялардан әлеуметтік-саяси әлемнің толық және көлемді бейнесін қосуға мүмкіндік береді;
2) "Қазіргі әлемдегі Қазақстан" оқу пәнінің мазмұны қазіргі Қазақстанның әр алуан кеңістігі, оның жалпы және өңірлік ерекшеліктері туралы, сонымен қатар табиғат, этникалық, әлеуметтік, шаруашылық, мәдени, діни және басқа процестердегі түрлі деңгейге таралуы туралы ұғымды қалыптастыруға бағытталған;
3) курстың оқытылу барысындағы мазмұны мемлекеттің пайда болуы мен дамуының жалпы және арнайы ерекшеліктері туралы, адамдардың өмірлік іс-әрекеті ерекше саласы ретіндегі саясат туралы, адамдардың тарихи-әлеуметтік тәжірибесі ретіндегі мәдениет туралы, пайда болу заңдылықтары туралы, діннің дамуы мен қызмет етуі туралы білім қосылған;
4) білім алушыларға шектеулі өндіріс қорларын пайдаланудың тиімді жолдарын іздеу процесінде адамдардың өзара іс-әрекеті туралы халықаралық саяси процестерге мемлекеттердің аумақтық-кеңістік ерекшеліктері жағдайына нақты-тарихи түрлерінің ықпал етуі мен рөлі туралы білімді тұжырымдауға мүмкіндік береді. Түрлі қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және саяси құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдар байланыстары мен кеңістік – уақыттық заңдылықтарды түсіну еліміздің дамуына қарым-қатынас бойынша сол немесе өзгеде іс-әрекеттің нәтижелерін алдын ала болжау білігін жасап шығаруға, өмірдің әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани салаларындағы ең әдеттегі мәселелер шешімдерді жобалауға мүмкіндік береді;
5) алынған білім негізінде күнделікті практикадағы ақпараттарды түсіндіру мен қолдану, түрлі табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстарды түсіндіру мен бағалау үшін әлеуметтік-саяси және қоғамдық білімді қолдану дағдыларын дамыту қарастырылады.
Өзін-өзі тану:
1) "Өзін-өзі тану" оқу пәнінің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамның рухани-адамгершілік әлеуетін ашуға, өзін-өзі тануға және өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын дамытуға, отбасындағы, ұжымдағы,қоғамдағы өзінің рөлін түсінетін жоғары адамгершілік сапасын дамытудың қажеттілігін, қоғамға қызмет жасау дағдыларын, физикалық және рухани денсаулықтың байланысын түсінетін, еліміздің, қаланың, ауылдың, мектептің, отбасының өміріне өзінің қатыстылығын сезінетін және өз ойлары мен сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға бағытталған;
2) "Өзін-өзі тану" оқу пәнін оқыту адамзаттың рухани мәдениеті туралы білімін кеңейтуді, тән және жан денсаулығының байланысын түсінетін, рефлексия дағдыларын меңгерген, өз іс-әрекетіне сыни қарау дағдыларын дамытатын,өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білімін көтеру дағдыларымен түрлі өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдай алатын, адамгершілік талаптарға сай өз мақсаттарын қоя білетін және оған жету жолдарын көрсете алатын, отбасында, ұжымда, қоғамда рухани-адамгершілік негізінде қарым-қатынас жасай білуді қарастырады.
Экономика және кәсіпкерлік негіздері:
1) оқу пәнінің мазмұны білім алушыларда дүниежүзілік экономика контекстінде елдегі экономикалық ахуал, оның қоғамдық-саяси жүйемен әрекеттесуі туралы, экономиканың адам өміріндегі және іс-әрекетіндегі рөлі туралы жалпы түсінік; кәсіпкерлік және нарықтық экономика негіздері саласында білім қалыптастыруға бағытталған;
2) экономика және кәсіпкерлік негіздерін оқыту қаржылық сауаттылық және ойлаудың экономикалық бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу пәні білім алушыларға болашақта қоғамдағы азаматтың, жұмысшының, тұтынушының және кәсіпкердің сындарлы рөлін атқаруына көмектесу үшін қоғам өміріне және әлемдік қауымдастыққа бейімдейді;
3) оқу пәнінің мазмұндық желісі "Экономика негіздері" және "Кәсіпкерлік негіздері" курстарынан тұрады.
Дене шынықтыру:
1) "Дене шынықтыру" оқу пәнінің мазмұны: қимыл-қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, спорттық дайындық, дене тәрбиесімен шұғылданудың болашақ еңбек жолындағы маңызы, әскер қатарында қызмет етуге дайындау туралы білім көлемін кеңейтуді; білім алушының жасына және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес ағзаның қызмет ету қабілеттерін жоғарылатуды; спорттың негізгі түрлері бойынша техникалық және тактикалық әрекеттер мен тәсілдерді жетілдіруді; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінің дербес және ұжымдық түрлерінің құзыреттілігін дамыту, белсенді демалыс және спорттық жарыстарды ұйымдастырудың шығармашылық дағдыларын дамытуды; жеке тұлғаның өзін шынайы бағалауын, адамгершілік сананы, өмірлік көзқарасты, ұжымшылдықты қалыптастыру, мақсаткерлік, батылдық, ұстамдылық, табандылықты дамытуды; спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервті дамытуға және қалыптастыруға жағдай жасауды қамтамасыз етуі тиіс;
2) "Дене шынықтыру" оқу пәні білім алушыларға пән бойынша алған білім, біліктілік және дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға; қимыл-қозғалыс құзыреттілігі мен дене дамуларын жақсарту қажеттілігін бағалауға; адамгершілік қасиеттерін дамытуға және әділ ойын мен үздіксіз өздік дамуды сезінуге; жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; адамның денелік және энергетикалық жүйесіне дене жаттығуларының әсер ету дәрежесін, өздік дене дамуы және қимыл-қозғалыс дайындығы деңгейі, ағзаның қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін бағалауға; ойлаудың сыни және шығармашылық дағдыларын дамытуға, қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық:
1) "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың бойында әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет ету және әскери іс негіздері, әскери ант және әскери жарғылар мазмұнына қойылатын талаптар бойынша білім туралы түсінікті қалыптастыруды; өмірлік маңызы бар дағдылары мен қасиеттерін дамытуға ықпал етуді; теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын нық игерулері арқылы оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындауды; бойында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінікті қалыптастыруды; жастардың бойында азаматтық көзқарас, Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділікті, әскери қызметке деген жауапкершілікке саналы тұрғыдан дайын болуды қалыптастыруды; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, оның дәстүрлері, әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктері, жалпы әскери мамандыққа деген қызығушылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс;
2) оқу пәні білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, олардың сана-сезімі мен танымдық қызығушылықтарын, қарым-қатынас орната білу қабілеттерін, жігер сапаларын, әскери іс, робототехника бойынша білім, білік және дағдының, сандық фото және бейне жабдықтарды пайдаланудың алғышарттарын дамытудың жалпы жүйесінде маңызды орынға ие;
3) "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу пәні әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты, білімді тұлғаны дамытуды көздейді.
РҚАО-ның ескертпесі!
51-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
51. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
Биология:
1) "Биология" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың тірі организмдердің көп түрлілігі, қоршаған орта эволюциясы, табиғи құбылыстардың заңдылығы мен заңдары, бақылау, саралау, жүйелеу, салыстыру, қатар қою, талдау, затты бағалау және ақпарат, себеп-салдарлық байланысын анықтауға бағытталған;
2) "Биология" оқу пәнінің тереңдетілген курсы мазмұны табиғи биологиялық көріністер мен процестердің болмысын, білім алушылардың тереңірек түсінуін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде адамның іс-әрекетінің алатын орнының мәнін ұғынуды, сондай-ақ адам денсаулығына қатысын қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және тірі әлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды;
3) "Биология" оқу пәнінің негізгі құрылымдық мазмұнын мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың құрылысы мен қызметі, көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық және эволюциялық дамуы; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
Химия:
1) химия курсының мазмұны тереңдетілген білімге бағытталған, химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы туралы және олардың басқа затқа айналуын, табиғи ресурстарды ұқыппен қолдануын дамыту, оқытылатын процеске шығармашылық және сыни ойлауды қолдану, практикалық және эксперименттік біліктерін кең ауқымда дамыту; табиғи құбылысы ретінде химия туралы тереңдетілген білімдерін негізге ала отырып, білім алушылардың түсінігін кеңейту;
2) оқу пәні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға баулиды және өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады;
3) тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді;
4) "Химия" оқу пәні бойынша орта білім беру мазмұнының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: "Бөлшектер және олардың құрылысы", "Химиялық реакциялардың заңдылықтары", "Химиядағы энергетика", "Біздің айналамыздағы химия", "Химия және өмір".
Физика:
1) физиканың тереңдетілген курсы білім алушылардың табиғат туралы ғылым ретіндегі физика туралы, ғылыми танымның әдістері мен әдіснамасы, таным процесіндегі теория мен эксперименттің рөлі және өзара байланысы туралы түсініктерін дамытуға бағытталған;
2) оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың табиғаттың жалпы заңдары ретіндегі механиканың, жылу физикасының, электр және магнетизмнің, оптиканың және атомдық физиканың заңдары туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Танымның ғылыми әдістері негізінде білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктері кеңейеді және ғылыми көзқарастары қалыптасады;
3) физика курсы табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай алу және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді;
4) тереңдетілген курстың мазмұнында эксперимент нәтижелерін жинау мен талдау негізінде эмпирикалық байланысты айқындауға бағытталған экспериментті жоспарлау және жүргізу мүмкіндігі туғызылады.
5) Физикадан тереңдетілген жалпы білім беруге дайындық білім алушылардың игерген білімдерін әр түрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіруге, модельдер құруға және болжам жасауға қолдануларын ұйғарады.
Информатика:
1) "Информатика" курсының тереңдетілген мазмұны ақпаратты іздеу, талдау, сын тұрғысынан бағалау, таңдау, ұйымдастыру, беру және өңдеу, объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға; есептерді шешу және ақпараттық технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгеруге бағытталған;
2) курстың оқу бағдарламасымен нақты объектілер мен процестердің ақпараттық модельдерін қолдану, талдау және түрлендіру дағдыларын дамыту; алгоритмдік және есептік ойлау; компьютерлік модель құралдарымен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді;
3) оқу пәнінің мазмұны компьютерлік технологиялар арқылы ақпараттық процестерді іске асыруды, компьютерлік жүйелер және модельдермен жұмыс атқаруды, ақпаратты сақтау әдістерін зерделеуді, интерактивті компьютерлік модельдерді пайдалана отырып модельдеу, визуализациялау және формализациялау үшін тәсілдерді қарастыруды болжайды;
4) курс мынадай мазмұндық бағыттарды қамтиды: "Компьютерлік жүйелер", "Ақпарат және ақпараттық процестер", "Алгоритмдеу және бағдарламалау" және "Денсаулық және қауіпсіздік".
РҚАО-ның ескертпесі!
52-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
52. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
География:
1) "География" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың әлемнің географиялық көрінісі жайында түсінік қалыптасуына, географиялық іргелі заңдар мен заңдылықтар жүйесінің динамикалық дамуы туралы түсініктерінің қалыптасуына бағытталған;
2) пәннің оқу бағдарламасы елтану туралы түсінік қалыптастыру тұрғысынан құрылып, бүгінгі күнгі географиялық ерекшеліктерін танытуға және өңірлердің сипаттамасын беруге құрылған;
3) география курсы білім алушылардың ғылыми көзқарасын қоғамның табиғатпен бірлікте болатынын түсіндіру негізін қалыптастыруға, географияның адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынастағы ролін танытуға бағытталған;
4) аталған курс қоғамдағы заманауи адамзаттық және ғаламдық мәселелерді зерделеу негізінде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын және оларды туындаған мәселелерді шешу жолдарын түсінуді дамытады; әлемде және Қазақстан көлемінде географиялық мәселелер бойынша тұрақты дамуды, табиғатты тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге арналған;
5) "География" оқу пәнінің мазмұны кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және географиялық нысандардың қызмет ерекшеліктері мен қызметін, процестер мен құбылыстарын, географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және геосаяси құбылыстар мен процестерді қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
Графика және жобалау:
1) "Графика және жобалау" пәні графикалық бейнелеу және геометриялық-графикалық модельдеу теориясы негіздерін оқытуға, білім алушылардың жобалау бойынша шығармашылықтарын дамытуға, олардың графикалық мәдениеттерін қалыптастыруға бағытталған;
2) оқыту пәнінің мазмұнының жиынтығы мынадай бес білім беру түзуімен анықталады: "Ақпараттық жүйелер, әдістер мен тәсілдер және визуализациялау құралдары", "Кескіндер. Графикалық бейнелеудің типтері мен түрлері. Кескіндерді түрлендіру", "Графикалық модельдеу. Түр қалыптастыру. Құрылым жасау. Құрастыру", "Жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау графикасы", "Компьютерлік (машиналық) графика. Жобалаудың автоматтандырылған жүйесі (ЖАЖС)".
РҚАО-ның ескертпесі!
53-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
53. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
"Қазақ тілі" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/"Орыс тілі" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) оқу пәні жоғары оқу орнында оқылатын "Тіл біліміне кіріспе", "Әдебиеттануға кіріспе", "Жалпы тіл білімі" пәндерінің пререквизиті болып табылады. Пәннің білім мазмұнында қазақстандық көптілді білім беру жағдайында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім алушылар үшін маңызды болып табылатын филологиялық маңызы үлкен теориялық мәліметтер беріледі және практикалық дағдылар қалыптастырылады;
2) оқытудың тереңдетілген деңгейдегі оқу пәні білім алушыларға тілмен және мәтінмен жұмыс жасауға бағдарланған "мектеп – жоғары оқу орны" тізбегінде тілді оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді (жоғары оқу орны мамандықтары: "Филология", "Лингвистика", "Журналистика", "Аударма ісі");
3) оқу пәні білім алушының лингвистикалық және әлеуметтік-мәдени құзыреттерін қалыптастыруға және ол өзіне дыбыстық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық құбылыстарды және оқытылатын тілдің қызмет ету заңдылықтары мен оның қызмет ету түрлерін қамтитын лингвистикалық білім жүйесінің негізгі терминдері мен түсініктері бойынша білімді қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан тарихы:
1) "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған;
2) берілген курс түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді;
3) "Қазақстан тарихы" тереңдетілген курсы Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі патриотизмді қалыптастырумен, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға дағдыландырумен жасалады.
Дүниежүзі тарихы:
1) "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің этногенез, саясигенез, мәденигенезі негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған;
2) осы курс білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған;
3) "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады;
4) аталған оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады.
География:
1) географияның тереңдетілген курсы білім алушылардың табиғаттың даму заңдылықтары туралы білімдерін кеңейтуге, тұрғындар, экономика және геосаясат, әлем туралы білімдерін жан-жақты қалыптастыруға, табиғат ерекшеліктерін объективті бағалауға, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді тануға бағытталған;
2) оқу пәнінің мазмұны география тұрғысынан ойлануды дамытуға, адамзаттың және қоршаған ортаның қазіргі және болашақтағы жағдайына жеке жауапкершілікті сезінуге, осының барлығы білім алушылардың құндылықтарды бағалауын қалыптастыруға жәрдемдеседі;
3) оқу пәнінің географиялық мазмұны заманауи әлемнің кеңістіктегі көптүрлілігін, оның жалпы және өңірлік ерекшеліктері мен серпінітуралы түсінігін қалыптастыру; кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын, себеп-салдарлық байланысын түсінуге дағдылану, кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының географиялық құбылыстар мен процестердің аралығын; географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстар мен процестерді, түрлендіру мен географиялық ақпараттарды күнделікті өмірде қолдануды қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
РҚАО-ның ескертпесі!
54-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
54. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
Информатика:
1) "Информатика" оқу пәнінің мазмұны ақпаратты іздеу, талдау, сын тұрғысында бағалау, таңдау, ұйымдастыру, ұсыну және өңдеу, объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға; алгоритмдік ойлау, ойлау икемділіктерін, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін ақпараттық және коммуникациялық құралдар арқылы дамытуға бағытталған;
2) оқу пәні ақпараттық процестерді компьютерлік технологиялар арқылы жүзеге асыруды, ақпаратты қорғау әдістерін одан әрі оқуға, әртүрлі пәндік аймақтардан ақпараттық және компьютерлік модельдерді әзірлеу жолдарын қарастыруға бағытталған;
3) курс келесі мазмұндық бағыттарды қамтиды: "Компьютерлік жүйелер", "Ақпарат және ақпараттық процестер", "Алгоритмдеу және бағдарламалау" және "Денсаулық және қауіпсіздік".
Жаратылыстану:
1) оқу пәні пәнаралық болып, ғылыми-жаратылыстану циклінің пәндері бойынша білім мен дағдыларды біріктіреді; ол дәстүрлі "Биология", "Химия", "Физика", "География" пәндерінің мазмұндары аясында білім алушылардың жинақты, жүйелі және іргелі білімдерін қамтамасыз етуге бағытталған;
2) оқу пәнінің мазмұны қоршаған ортада болатын процестерді, экологиялық жүйелер мен қоғам арасындағы өзара байланысты түсінуді қалыптастыруға, экологиялық мәселелердің ғылыми, этикалық және әлеуметтік-саяси аспектілерін бағалауға жағдай жасауға, әлемнің ғылыми-жаратылыстану көрінісін түсінуді күшейтуге бағытталған;
3) пәннің мазмұны алған білім арқылы табиғаттағы оқиғаларды, процестерді тану, түсіндіру, оларға сипаттама беру; адам қоғамының Жер табиғатына тигізетін әсерін және оның салдарын талдау; қоршаған ортада мінез-құлық ережелерімен әрекет жасау; "табиғат-қоғам-адам-техносфера" мегажүйесін тұрақты және үйлесімді дамытуды қамтамасыз ету мақсаттарын және құндылықтарын басшылық ету; Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына танымал өндіріс технологияларды бағалау; әлемді өзара байланысты нысандар жүйесі ретінде көрсету үшін ғылыми-жаратылыстану білімдер мен заңдылықтарды қолдану икемдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
55-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
55. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
Құқық негіздері:
1) "Құқық негіздері" оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған;
2) пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді;
3) "Құқық негіздері" стандарттық деңгейде құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықты қалыптастырумен, құқықтық сана-сезім құндылықтарына негізделген.
56. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |