Отбасын құруға деген психологиялық іштей дайындықтың жоқтығы.
Ойланбастан үйлене салу.
Екі жастың өмірге деген көзқарастары екі түрлі
Псирхологиялық жағынан қарайтын болсақ, екі жастың темперамент типтерінің сәйкес келмеуі. Қазақта мақал бар, «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» демекші, екі адамнның мінезі бір-біріне сәйкес келмесе, олда отбасындағы конфликт, яғни дау-жанжалға келіп соғады, енді өздеріңіз білесіздер, отбасындағы күндегі айқай шу ажырасуға келіп тіреледі.
Екі жастың ортасында махаббаттың болмауы.
Отбасындағы ажырасудың көптеген себептерінің бірі қиындыққа, жоқшылыққа төзе алмау, яғни материалдық жағдайдың жоқтығы.
Екі жастың бір-бірін түсіне алмауы.
Екі жастың өз отбасында алған тәрбиелері бір-біріне сәйкес келмеуі.
Мысалы ер бала бай отбасында дүниеге келеді. Ер бала өз отбасында ешқандай қиындықсыз, ата-анасының тапқанымен, жанын ауыртпай, еңбек етпей еркін өседі. Отбасы құрғаннан кейін бойын жалқаулық әбден билеген жігіт еңбек етіп ақша тапқысы келмейді, қиындыққа шыдай алмайды, ұрыс-керіс болады, арты ажырасу болып тынады.
Менің ойымша бұл кейбір ата-аналардың отбасы тәрбиесінен кеткен қателігі деп ойлаймын. Өйткені кейбір ата-аналар баласын қатты жақсы көргендігі сонша, оның бар дегенін жасайды да, артынан баласын өзіне бағындыра алмай әбден шаршайды. Үйдің фундаментін дұрыс қалау үшін, күнделікті еңбек ету керектігі сияқты, Жас бала дұрыс отбасын құруы үшін ата-ана отбасы тәрбиесінде баланы қиындыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу керек деп ойлаймын.