Сабақтың мақсаты: Отбасындағы дау-жанжалдың, ажырасудың алдын алу



бет3/8
Дата16.11.2023
өлшемі2,93 Mb.
#191549
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ашық сабақ Отбасындағы дау-жанжалдардың балаға әсері

Бұл жағдайда қарсыласыңыздан шыққан агрессивті импульсті алдымен сіздің бойыңыздан содан кейін жерге түсуін елестету керек. Ең бастысы сәулелер өзімен бірге сіз арылғыңыз келген жағымсыз қобалжулерды алып кететінін сезіну. Адам өзінің шынайы бейнесін көрсетті. Сіз оны өзгерткіңіз келе ме? Рахымсыз еңбек. Немесе ол қандай болса, солай қабылдайсыз ба немесе онымен қарым-қатынасыңызды үзесіз ба? Таңдау әрқашан өзіңізде. Бастысы- жәбірленушінің күйіне түспеңіз.

  • «Жерге түсу» әдісі

Жағымсыз эмоцияны су арқылы шығарып тастау жаттығуы да көмектеседі. «Жағымсыз» эмоция алдыңыз – кранды ашып «болды» деп айқайлаңыз, бәрі сумен ағып кетсін. Салқын сумен жуынып, жағымды эмоция алуға аттаныңыз. Конфликт жойылды. Сіз ол адамға қарағанда ақылды болып шықтыңыз! Өзіңізге «бес» қойыңыз және осы жағдайдан оңтайлы шешім шығарыңыз.

  • Жағымсыз эмоцияны су арқылы шығарып тастау жаттығуы да көмектеседі. «Жағымсыз» эмоция алдыңыз – кранды ашып «болды» деп айқайлаңыз, бәрі сумен ағып кетсін. Салқын сумен жуынып, жағымды эмоция алуға аттаныңыз. Конфликт жойылды. Сіз ол адамға қарағанда ақылды болып шықтыңыз! Өзіңізге «бес» қойыңыз және осы жағдайдан оңтайлы шешім шығарыңыз.
  • "Жағымсыз эмоция"
  • жаттығуы
  • “Үш шоқ гүл”
  • әдістемесі

Афирмация

  • Күніне біздің ой елегімізден 50-60 мыңға жуық ойлар өтеді. Бұлардың көбі біздің өмірімізге еш қатысы жоқ. Бірақ 1-5 % ойлар – қайталанбалы. Дәл осы қайталанбалы ойлар шешім қабылдау үрдісімен, көңіл – күйімен іс-әрекетімізге әсер етеді.
  • Аффирмация – қалыптасқан ойларды алмастыру үшін әдейі жоспарланған ойлар. Сіз ойларды ауызша немесе ішіңізден айта аласыз. Сынымен, сенімділікті дамытуға арналған аффирмациялар:
  • «Мен қауіпсіз әлемде өмір сүремін, менің өмірім жеңіл және менде бәрі ойдағыдай болады!»
  • «Мен өзіме деген махаббатты таңдаймын!»
  • «Менде сінімділік пен күш бар. Мен – тамаша тұлғамын!»
  • «Менің болашағым өз қолымда!»
  • « Мен өзім туралы жақсы ойлаймын. Мен өмірге сөзсіз ризамын!»
  • 6.1.2. «Отбасылық социограмма» тесті. «Отбасылық социограмма» тесті телімелі тесттердің қатарына жатады. Оның авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин болды. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді. Әдістеменің мазмұны. Сыналушыларға диаметрі 110 мм. болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау беріледі: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, аттарын жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір – бірімен кеңеспестен орындайды. Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі:
  • Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;
  • Дөңгелектердің көлемі;
  • Дөңгелектердің орналасу қатынасы;
  • Арасындағы қашықтық;
  • Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушының бейнелеген отбасы мүшелерінің санын шынайы санымен салыстырады. Мүмкін, бұл сыналушының қақтығысты қатынастағы отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде бейнеленеді. Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнділігін білдіреді.
  • Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына қатысты және бір – біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді. Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғарғы аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді. Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы арақашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. Дөңгелектердің бір-бірімен қиылысуы «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет