«Отбасылық социограмма» тестін қолдану аз уақытта, «қазір және осы жерде» отбасындағы қарым-қатынас туралы түсініктерді байқауға болады. Бұл әдістемені жүргізудің әртүрлі нұсқалары бар. Мысалға, И.М. Никольская отбасылық диагностика барысында сыналушыға отбасылық социограмманың бірнеше нұсқасын салуды ұсынады: 1. Стандартты социограмма, онда сыналушының өзі және отбасы мүшелері бейнеленген. 2. нақты отбасы мүшелері бейнеленбеген немесе отбасына қатысы жоқ адамдар және объектілердің бейнеленуі көрінген социограммалар. 3. отбасы өмірінің әртүрлі кезеңдеріне қатысты социограммалар. Бұл әртүрлі отбасы құрамындағы шынайы қарым – қатынас жүйесінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған социограммаларды салыстыру және біріктіре отырып талдау психолог пен отбасы мүшелеріне мәселені жан – жақтан көруге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде нақты диагноз қоюға және қиын жағдайдан тиімді түрде жол табуға ықпал етеді.

Тест «Адам суреті»
«Адам суреті» әдістемесі баланың жеке ерекшеліктері жөнінде ақпарат алудың ең оңай рәсімі болып саналады. Адам денесін немесе мүшелерін бөлек салу сипатының негізінде баланың жеке дамуының жалпы беталысын байқауға болады. Айтып өту керек, бұл әдістеме баланың психологиялық келбетін толығымен бейнелеп бере алмайды, оның нәтижелері басқа әдістемелердің нәтижелерімен толықтырылуы және нақтылануы мүмкін. Нұсқау: «адам суретін сал». Бала суретті қарапайым қара қаламмен салады.Бала суретті салып болғаннан кейін, одан салынған «адам»жөнінде сұраған жөн. Біздің көңілімізді алған мәселе жөнінде сұрақ қоюға болады (тек баламен сезімдік жақын қатынас болған жағдайда), олар тура болмай («ол кіммен дос?», «оның достары көп пе?», «ол төбелеседі ма?» және т.б.) , жанама болуы тиіс («сен қалай ойлайсың, ...?», «саған қалай көрінеді, ...?»). мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігіне қарай, сұрақтарды балама түрде қойылуы дұрыс: «сенің ойыңша, ол біреумен дос па жоқ па?» немесе «саған қалай көрінеді, ол төбелескенді ұнатады ма жоқ па?» және т.б. Айта кеті керек, әдістеменің жобалық мүмкіншіліктері балалардың жасымен шектеулі (5 жасқа дейінгі балаларға арналған жобалық әдістеме ретінде қолданылады).