«Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм басшысы Г. Ағдарбекова



Дата02.07.2018
өлшемі41 Kb.
#45757

Келісілді:

«Білім, дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ басшысы
__________________Г.Ағдарбекова


Бекітілді:

«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры

______________Г.Ногаева


«Туған өлке тарихының жаңа беттері» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

    1. Осы ереже «Туған өлке тарихының жаңа беттері» байқауын өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды

    2. Байқау Балқаш қаласы мен жақын орналасқан кенттер өлкетануының дамуына бағытталған

    3. Байқау ұйымдастырушылары – «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ мен «Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

ІІ. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Өскелең ұрпақты туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімде тәрбиелеу

2.2. Көркем шығармашылығы арқылы туған өлкенің мәдени-тарихи мұрасын сақтау

2.3. Оқушылардың туған өлкенің тарихына қызығушылығын дамыту

2.4. Байқау қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамдарын дамыту

2.5. Өңірдің өлкетану бағытында ізденіс жұмыстарға ынталандыру

2.6. Биографиялық және өлкетану материалдарын зерттеу негізінде рухани-өнегелік құндылықтарын тәрбиелеу және қалыптастыру

2.7. Жастарды туған өлкеге, оның тарихына және мәдениетіне қатысы бар екенін түсіндіріп, жоғары ұлттық рухани сезімде тәрбиелеу



ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқауда келесі үміткерлер қатыса алады:

- 11 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары;

- 16 мен 18 жас аралығындағы жастар

3.2. Байқау 2 кезеңнен тұрады:

1 КЕЗЕҢ (2015 жылдың 1 мен 15 ақпан аралығында): үміткерлердің өтінімдері мен ізденіс жұмыстары қабылданады;

2 КЕЗЕҢ (16 мен 28 ақпан аралығында): қазылар алқасының жұмысы, жеңімпаздарды анықтау, марапаттау рәсімі

IV. Ізденіс жұмыстарға қойылатын талаптар

4.1. Қоңырат ықшам ауданы мен Саяқ кентінің атақты адамдардың еңбек, шығармашылық, жауынгерлік өмірі мен қызметі жөнінде өмірбаян немесе өзіңнің баяндама шығармасы ретінде ізденіс жұмыстары ұсынылады

4.2. Байқауға бұрын басылымда шықпаған, басқа байқауларда ұсынылмаған ерекше авторлық жұмыстар ғана қабылданады

4.3. Ізденіс жұмыстарға қойылатын талаптар:



  • Компьютерлік басылым;

  • А4 форматы;

  • Қалыпты параметрлер;

  • Times New Roman 14 шрифті, бір жарым интервал

4.4. Әр ізденіс жұмысқа фотоматериалдар қосып беріледі

V. Байқау жұмыстардың бағалануы

5.1. Байқау жұмыстары келесі шарттар бойынша бағаланады:

- тақырыптың толық ашылуы, мазмұндылығы, ізденіс бағытының дұрыстығы;

- білгірлігі;

- жұмыстың жүйелілігі мен ерекшелігі

VI. Ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы

Жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. Жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтауға қазылар алқасы құрылады, оған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен, тарихшы-өлкетанушылар мен БАҚ өкілдері кіреді.

Қазылар алқасы жұмыстарды осы ережеге сәйкес талаптарға сай бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды.

VII. Марапаттау

7.1. Жеңімпаздар және олардың жұмыстары туралы ақпарат С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың cbss@list.ru сайтында және жергілікті БАҚ беттерінде жарияланады.

7.2. Байқау соңында барлық жұмыстар кітапхананың көрмесінде қойылады

7.3. Жеңімпаздарды марапаттау:

І орын – І-ші дәрежелі Диплом және естелік сыйлық;

ІІ орын – ІІ-ші дәрежелі Диплом және естелік сыйлық;

ІІІ орын – ІІІ-ші дәрежелі Диплом және естелік сыйлық

Өтінімдерді тапсыру:


  • Қатысушының тегі, аты-жөні;

  • Туған жылы (толық жасы);

  • Қысқаша өмірбаяны;

  • Ұйым, оқу орны (атауы, мекен жайы, телефон, e-mail);

  • Жұмыстың қысқаша мазмұны

Қатысушылардың жұмыстары келесі мекен жайы бойынша қабылданады:

Балқаш қаласы, Калмыков көш., 3, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана



Электрон поштасы: cbss@list.ru

Байланыс телефондары: 42838, 75026

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет