Білім философиясы — білім теориясының тарауы, осы әлеуметтікмекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.[1] Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде. Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау – оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру – бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады. Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі – постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің «Білім археологиясы» атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады. М.Фуконың пікірінше, білім берудің құрылымы инвертизацияланған (дағдылы тәртіптің орын алмастырылуы). Ол білімді қабылдау және оны меңгеру арасында сәйкестік жоқ деп санады. Бұл екеуін үйлестіретін әдістемелер дайындау қажеттігін айтады. Фуконың ойынша шәкірттік кеңістік екіге бөлінеді: 1)оқытылатын білім шеңберінің жабықтығы; 2)ашық сала (өзінен-өзі айқын шындық). Ұстаз бен шәкірттің диологы мәселесіне де Фуконың қосары болды. Постмодернизмнің өкілі ретінде ол сөйлеушінің мәдениет кеңістігіндегі орнын анықтайды. Сөйлеуші – бұл текстті ұғынушы, оны талдау барысында өз үлесін қосушы. Текст постмодернисттердің түсінігінде – бұл әлем. М.Фуко өзінің дискурсивті практика атты теориясын білім мен өкіметтің бірлігі түсінігімен ұштастырды. (Дискурс – правила речевого объяснения реальности). Постмодерн кезеңінде тілдік ойын маңызды орынға шығады. Ж.Ф.Лиотар наррациялық білімді ғылыми біліммен, классикалық біліммен салыстырады. Наррация – дәстүрлі, қарапайым, ғылыми емес білім. Лиотардың пікірінше, білім «кең ағартушылық» түрде болуы мүмкін, немесе денотивті пікірлердің жиынтығы ретіндегі мәдениет болуы мүмкін. Оның пікірінше білім – бұл ғылым да емес, таным да емес. Білім - кумулятивтік сипатқа ие феномен. (Лиотардың еңбегі «Постмодерннің күйі»). Білім — бұл рухани өсудің маңызды саласы. Ол қоғамның рухани өркендеуінің көрінісі ғана емес, сондай-ақ, экономикалық базасын да құрайды. Ол сол рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа шып-шырғасын шығармай жеткізе отырып, сақтаудың және трансформациялаудың басты құралы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан өткеннен сабақ алып, білім мен ғылымды дәуір дамуына сай жетілдіріп келеді. Әлемдік білім кеңістігінің озық үлгілерін отандық үрдіске, халықтық қалыпқа, ұлттық үлгіге бейімдеу негізінде реформалар жасалуда. Қазір Қазақстан төрткүл дүниедегі 177 мемлекеттің арасында сауаттылық жағынан 14 орыңды иеленіп отыр. Білім алушылардың ұзын саны 4,5 миллион адам. Білім-ғылым саласында 500 мыңнан астам оқытушылар мен ғалымдар қызмет етеді. Білім мен ғылымды қар-жыландыру соңғы 10 жыл ішінде 7 есеге өсті. 2008 жылы білім саласына бөлінген каржы 25,7 пайызға көтеріліп, 604,2 млрд. теңгеге жетті. Білім сапасын арттыру жолында өткен жылы қабылданған "Білім туралы" Заңның алар орны ерекше. Бұл құжат елімізде жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың тұжырымдамалық идеясына жауап береді. Заңнамада білім беру қызметі нақты жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері бір негізге бағындырылған. Осы заңның басты міндеттерді шешуге арналған тармақтарын атап айтсақ: оның біріншісі, әлемдік білім кеңістігіне кіруге (интеграцияға), екінші, педагог қызметкерлердің мәртебесін арттыруға, үшінші. сапалы білім берудін қолжетіңділік кепілдігін көтеруге, төртінші, басқару және қаржыландыру жүйесін дамытуға мүмкіндік беруі, т.б. Сонымен бірге, білім берудің парадигмасы "өмір бойына алған біліммен" қажеттілік пен мүмкіндікке сүйенуге, "бүкіл өмір бойы білім алуға" қол жеткізу. Бұған сәйкес білім берудің жана технологиялары мен әдістері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың талап-тілегін орындауды жүзеге асыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 мектеп, 100 аурухана салу жөніндегі кемел ойын іске асыру 2008-2009 жылдары қолға алынды. Елбасының "Тілдердің үш тұғырлылығы" идеясын мүлтіксіз жүзеге асыру мақсатында 32 мектеп ашылып, онда оқушыға математика, физика, информатика, химия, биология, экономика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын болады. 2008-2009 оқу жылынан бастап республика мектептеріне 60 шетелдік мүғалімдер тартылып, тәжірибе алмасу жүргізіледі. Астанадан 20 интел-лектуалдық мектеп ашу да жүзеге асырылады. Еліміздің мектептеріндегі таланты ерен, қарымы бөлек жастар тек қана өз Отанымызда ғана емес, әлемдік білім сайыстарында бақтарын сынап, мемлекет абыройын биік деңгейге көтеріп жүр. Бұрын осындай олимпиадалық жарыстарды өз республикамызда өткізудің сәті қашан түсер екен деп жүруші едік. Сол күн де жақындап келеді. 2010 жылы елордада әлемнің 100 мемлекетінен жүзден жүйрік деп танылған мыңнан аса оқушы математикадан өтетін халықаралық олимпиадада сын төзіне түседі. Бұл қазақ елінің білім саласында да танылуына жол ашады деп білемін. Осы заманда кәсіптік білім мен нәсіп айырудың тиімді жолдары ұсынылуда. Бұл туралы да Елбасы жиі еске салумен қатар, техникалық және технологиялық мектептерді көбейту, сөйтіп, қажетті мамандықтарды дайындау мәселелері туралы нақты тапсырмалар берді. Бір кездері ешкімге кажеті болмай қалған кәсіптік мектептер, қазір аяғынан тік тұрып келеді. 2007 жылдың өзінде 18 сондай оқу орны бой көтерді. Тек қана республикалық бюджеттің, не болмаса жергілікті жердің қаржысымен бұл саланы дамыту, әрине, мүмкін еместігі белгілі. Осы мәселеге ұлттық компаниялар мен жеке құрылымдар да назар аударып, колледждер жүйесін салуға көмектесіп жатыр. Әрине, бұл жаппай көрініс тапқан жоқ. Егер солай болып жатса, нұр үстіне нұр болып, мамандық алам деушілерге жан-жақты мүмкіндік туар еді.