Білім және ғылым лексикалық тақырып


ОҚЫЛЫМ 2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз



бет2/6
Дата20.12.2021
өлшемі29,01 Kb.
#104119
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
В1-4 апта (1)

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Қазақстан Республикасында оқу жүйесі қалыптастырылған заң негізінде жүзеге асырылады. Білім берудің алғашқы баспалдағы жеті жастан басталып, бала бастауыш мектепке барады. Арнайы мектепке барудан бұрын бала мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің алғашқы әліппесін балабақшадан алады. Бастауыш мектеп бірінші – төртінші сыныптар аралығын қамтиды. Орта білім 5-сыныптан басталады. Яғни 5-сыныптан бастап балалар әдебиет, тарих, жаратылыстану, жағрафия, химия, физика сияқты жаңа пәндерді оқиды. Мемлекеттік емтиханды оқушылар тоғызыншы және он бірінші сыныптарда тапсырады. Кейбір оқушылар өз қалауынша 9-сыныптан кейін кәсіптік-техникалық лицейлерде оқуын жалғастыра алады. Қазақстанда мемлекеттік негізгі типтік мектептен басқа орта типтік мектептер де бар. Сонымен қатар жеке бір пәнді, мысалы, шет тілін, физиканы, математиканы т.б. пәндерді әрі тереңдетіп, әрі жеделдетіп оқытатын арнаулы орта мектептер де бар.

Қазіргі уақытта заман талабына сай мамандандырылған музыкалық, балет, көркемсурет, спорт мектептері де бар. Мұндай мектептерде аса дарынды балалардың болашағына жол ашады.

Орта білім алу біздің мемлекетімізде тегін және міндетті. Елімізде жаңа типті орта мектептер – гимназия, колледж, лицейлер де көп. Бірақ олардағы білім алу жүйесі ақылы.

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі де кең ауқымды. Жоғары білім беру жүйесінің аясында институт, жоғары білім беру мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді. Бұл оқу орындарына түсу үшін талапкер арнайы міндетті сынақтан (тестіден) өтуі керек. Білім министрлігі бөлген арнайы гранттар мен кредиттерді конкурс (байқау) бойынша сынақтан ең жоғарғы балл жинаған талапкерлер иемденеді. Олар жоғарғы оқу орнында тегін оқиды. Басқа жағдайларда талапкер оқуы – ақылы. Жоғары оқу жүйесі бүгінгі таңда батыс елінің жоғары білім беру үлгісімен оқытады. Бұл үлгі бойынша студент төрт жыл оқып бакалавр, қосымша екі жыл оқып магистр дәрежесін алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет