Білім және ғылым лексикалық тақырып


ОҚЫЛЫМ 2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз



бет4/6
Дата20.12.2021
өлшемі29,01 Kb.
#104119
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
В1-4 апта (1)

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамда түбегейлі өзгерістер болды. Әлеуметтік-экономикалық сала нарықтық жағдайда дамып жатыр. Қазақстан мемлекеті дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше болмақ, сондықтан экономиканың барлық саласында жұмыстың ұйымдастырылуы әлемдік талаптарға сай болуы қажет. Білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болуда.

ҚР білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеу. Ол үшін сапалы, бәсекеге қабілетті білім орындарын қалыптастыру қажет.

Еліміздің білім беру жүйесінде білім берудің барлық деңгейінде әлемдік талаптарға сай өзгерістер енгізу көзделген. Мәселен, жастарды білікті маман, озық ойлы азамат етіп қалыптастыру үшін, оларға бала күнінен жүйелі тәрбие беру қажет. Сондықтан мектепалды тәрбие мен оқтуды жетілдірудің жаңа тұстары айқындалған.

ҚР білім беру жүйесінде орта білім мәселелеріне зор назар аударылған, себебі бұл сала үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны.

Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік негізгі талаптардың бірі – жоғары сатыларда жастардың жеке қабілетін дамытуға жағдай жасау үшін дербес пәндерді тереңдете оқыта отырып, оқушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіретін оқыту жүйесін қалыптастыру. Бұл ұсыныстың негізінде біздің еліміз 1997 жылы қабылдаған Лиссабон конвенциясының талаптары жатыр.

Жоғары білім беру саласында да бірқатар жаңалықтар ұсынылған. Оның барлығы – тұлғаның сапалы жоғары білім алуына барлық жағдай жасау. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі енгізілген. Сондай-ақ, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа технологиясы енгізілді; оқытудың несиелік жүйесі жүзеге асырылуда. Бұлардың бәрі білім сапасын жетілдіруге жол ашады және оқытушылардың да жауапкершілігін күшейтеді.

Білім беруді іске асыру үшін оқу орындарының материалдық-техникалық базаларын нығайтып, жаңа ақпараттық жабдықтармен жұмыс істеу қажет. Жаңа оқулықтар дайындап, педагогтердің біліктілігін жетілдіру де қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет