Бағдарламаның мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны мәнмәтінінде жоғары оқу орындары педагогикалық мамандықтары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынадай міндеттер айқындалған:
осы бағдарламаның оқу модульдері шеңберінде жоғары мектеп педагогының кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлемдік ғылым мен практиканың жетістіктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;
педагогикалық білім беруді жаңғыртудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;
оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінде, сондай-ақ тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдері негізінде заманауи дәріс құруда кәсіби жобалау және модельдеу дағдыларын жетілдіру;
жоо-да оқу процесінде инновациялық білім беру технологияларын және интерактивті әдістерді пайдалану білігін қалыптастыру;
білім алушыларда сыни және креативті ойлау, проблемалық міндеттер мен жағдаяттарды тұжырымдау мен шешу білігін қалыптастыру дағдыларын дамыту;
педагогтың кәсіби өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау білігін қалыптастыру;
оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігін қалыптастыру.
Курс соңында тыңдаушылар:
осы бағдарламаның оқу модульдері шеңберінде жоғары мектеп педагогының кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлемдік ғылым мен практиканың жетістіктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыруды; педагогикалық білім беруді жаңғыртудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны туралы біртұтас түсінік қалыптастыру біледі;
жоғары оқу орындарында білім алушылардың кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметін жобалау және үлгілеу тәсілдерін, тұлғалық-әрекеттік және құзыреттіліктік тәсілдері негізінде заманауи сабақтарды құрастыру әдістерін, сыни және креативті ойлауды қалыптастыру тәсілдерін қолдана алады;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда инновациялық білім беру технологияларын қолдану, білім алушылардың жетістіктерін бағалау, кәсіби өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, проблемалық міндеттер мен жағдаяттарды құру және шешу қабілеттерін меңгереді.