Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы «__»_________ №____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министірінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
- тарау. Жалпы ережелер
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - жоо) педагогикалық мамандықтары оқытушыларына арналған.
Бағдарлама жоо педагогикалық мамандықтары оқытушыларының білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары саласындағы кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған.