технологияларды бұзбай, темір жол барлық электр техникалық жүйесі және темір жолдардың электр техникалық жүйелерінде жүргізілетін басқа өндірістік үрдістерді ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсету және жөндеу, пайдалану және диагностикалауды;
кәсіпорын персоналын басқару, атап айтқанда электр монтерлері жұмысын ұйымдастыру бойынша мәселелерді шешу және талдауды;
электромонтер және бригада жұмысының жұмыс орнын ұйымдастыруды орындауды;
оперативтік қайта қосуды жүргізу бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын орындауды;
жұмысшылар еңбегін ынталандыру және ұйымдастырудың прогрессивтік түрлерін енгізуді;
жұмысшылар және әкімшілік құқықтары мен міндеттерін сақтап, өндірісте ішкі құрылым ережесі мен жұмыс режімін бақылау және орындауды;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды, оның қызметі тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды.
Модуль диплом жобалануына дайындық, студенттердің алған білімі мен дағдыларын бекіту, жинақтау және жетілдіруге мүмкіндік береді, өндірісте озық технологиямен танысу, еңбек және өндірісті ұйымдастыру, диплом жобасы тақырыбы бойынша техникалық-экономикалық сұрақтарды талдау және әзірлеу, өз мамандығы бойынша ұйымдастырушылық жұмыстың бастапқы тәжірибесін алу, диплом жобасын орындауға материал жинау және дайындау.
Оқытудың нәтижесі: 1) Темір жолдар электр техникалық жүйелерінің ақаусыз жағдайы және үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету.
Кәсіптік практика
Бағалау өлшемшарттары
1. Қарап-тексеру барысында элект жабдығының кемшіліктерін анықтайды.
2. Уақытынан бұрын тозу себептерін анықтайды, оларды жою және алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.
3. Жоспарлы ескерілген жөндеу жасауға қатысады.
4. Бойлық элекртмен жабдықтау ауа және кабелді желілерін келтіру, сынау, пайдалану, қызмет көрсету және жөндеуді, орталықтандыру, сигнал беру, блоктау құрылыстарын электрмен жабдықтауды жүзеге асырады.
5. Байланыс желісі құрылымдарында өндірістік жарақат және апатты ескерту жөнінде іс-шараларды әзірлеу және жабдықтың бүліну себептерін зерттеуге қатысады.
6. Құрама жиынтықтық тарату құрылғылары және олардың жеке блоктары мен тораптарын орнату және реттеу бойынша бригада құрамында жұмыстарды орындайды.
7. Байланыс желісі құрылысы жұмысында кемшіліктерді жою, электр техникалық өлшеу мен сынақтар, оларды жөндеу, монтаждау және реттеу жұмыстарын бригада құрамында орындайды.
8. Бойлық электр жабдықтау желілері, оның ішінде төмен вольтты желілерге қызмет көрсету тжәне жөндеу жұмыстарын бригада құрамында орындайды.
9. Жұмыста үлкен және шағын механизациялау құралдары, арнайы құрылғылар мен аспаптарды пайдаланады. Уақытынан ерте тозу себептерін анықтайды, оларды жою және алдын алда ескерту бойынша шаралар қабылдайды.
10. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін алады. Аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсетеді.
11. Түзетуші көпір, электр қозғалтқыштар, генератор, сым, ажыратқыш, контактор, қайта қосушы, трансформатор, сорғылар жұмысын жөндеу, тексеру және реттеуді жүзеге асырады.
12.Аспаптар мен аппараттарды бөтен ток көздері мен кернеу әсерінен сынайды, оларды қосуға дайындайды.
13. Электр жабдықтары мен кабелді сынауға мамандандырылған бригадаларға көмек көрсетеді.
14. Микросызбаларда орындалған автоматика және электронды қорғану құралдарын монтаждау және тексеруге қатысады.
15. Станциялар мен өтпелерге қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асырады.
Оқытудың нәтижесі: 2) Темір жол құрылымдары электр және электр механикалық жабдықтарын баптау, сынау, пайдалану, қызмет көрсету жөнінде жұмысты ұйымдастыру.
Бағалау өлшемшарттары
1. Кәсіптік қызметте электр жабдығының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін өлшеу және диагностикалық аспаптарды пайдаланады.
2. Жоспарлауға қатысады және электр жабдығын алдын алу қарап-тексеруін жүргізеді
3. Жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
4. Еңбекті нормалау, жұмыс уақыты шығынын тізбелеу, еңбекке ақы төлеу жүйесі мен түрлері бойынша жұмысты орындайды.
5. Бригада құрамында қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындайды,
6. Жұмысқа нұсқаулық технологиялық карталарды қолдана біледі.
7. Электр жабдығының қабылдау-тапсыру сынау нормаларын сақтайды.
Оқытудың нәтижесі: 3) Электр техникалық құрылымдарды тексерудің орындалуын ұйымдастыру.
Бағалау өлшемшарттары
1. Электр және электр механикалық жабдық жұмысының тиімділігін бағалайды.
2. Электр қондырғыларын пайдаланудың түрлі кезеңдерінде электр өлшеу жүргізеді.
3. Электр қондырғылары деталдары мен тораптарының жұмысқа қабілеттігін тексеру бойынша жұмысты жоспарлауға қатысады.
4. Электр қондырғыларының кемшіліктерін анықтайды, жояды.
Оқытудың нәтижесі: 4) Кәсіптік қызметте автомобиль және темір жолда, вагон– зертхана, құрылғы, құралдар мен аспаптар көтеру-көліктік, жүк, тасымалдау, диагностикалық және технологиялық машиналар мен тетіктерді пайдалану.
Бағалау өлшемшарттары
1. Түйіспелі торап автомотрис, автодрезина, виброартушы, қазандық қазғыш, бұрғылау машина, мотто тасу тиеу-көлік арнайы машиналары мен тетіктерін пайдаланып жұмысты орындайды .
2. Жұмысында шағын механизациялау құралдарын қолданады .
3. Жұмысында Байланыс желісі және ауа желісінде қолданыдатын құралдарды пайдаланады.
4. Диагностика және өлшеу құралдарымен жұмыс істейді және
(Байланыс желісілерді зерттеу вагоны) контакт желі параметрлерін өлшеу және оның тағайындалуы үшін вагон-зертхана жұмысына көмек көрсетеді.
Оқытудың нәтижесі: 5) Байланыс желісі жабдығына реттеуді және жөндеуді жүзеге асыру.
Бағалау өлшемшарттары
1. Байланыс желісіні диагностикалау бойынша ұмыстардың түрлерін атайды және бұл жұмыстарды орындауға аспаптарды атайды.
2. Электр тапсыру желілері мен құрылғыларды қарау, оларды машинистің кабинасы немесе вагоннан қарап-тексеруге қатысады.
3. Іргетас конструкциялары жағдайы, топырақты қазбай төмен және созуды қарап-тексеруді жүргізеді.
4. Контактік желі тіректерінде тұрақты дабыл белгілерін орнатуды орындайды.
5. Қайта қосу сымдарын тексеру және реттеу біледі.
6. Бригада құрамында Байланыс желісі бойлық және аралық реттеу жұмыстарына қатысады
7. Бригада құрамында икемді аралық сым арқанды белгілеп созуды реттеу жұмыстарына қатысады
8. Бригада құрамында электрмен жабдықтау нысандарын дистанциялық басқару аппаратураларын жөнге келтіру, реттеу жұмыстарына қатысады
9. Бригада құрамында Байланыс желісіні реттеу жұмыстарына қатысады.
Оқытудың нәтижесі: 6) Еңбекті қорғау, электр қауіпсізідігі және қауіпсіздік техникасы негіздерін түсіну.
Бағалау өлшемшарттары
1. Контактілі желіде жұмыстардың санаттарны айыра біледі.
2. Электр тогы –негізгі және қосымша зақымданудан жеке қорғану құралдарын қолданады.
3. Байланыс желісіде ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды орындайды.
4. Жұмыстың басында, жұмыс уақытында, жұмыс аяқталғаннан кейін және апатты жағдайларда қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
5. Өз лауазымдық міндеттері шеңберінде жұмысты орындаған кезде еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін орындайды, байланыс желісімен жұмыс істегенде электр қауіпсіздігі ережесін сақтайды.
6. Байланыс желісіде жұмыс кезінде қоршауды орындайды.
7. Темір жолдарда болу ережесін орындайды.
8. Жарақат алған кезде зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді.
Оқытудың нәтижесі: 7) Базалық кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін зерделеу
Бағалау өлшемшарттары
1. Кәсіпорынның ұймыдастырушылық құрылымын және онда қолданылатын басқару жүйесін талдайды.
2. Мамандықтың бейіні бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттаманы зерделейді.
3. СОқыту кезінде алған мамандық бойынша теориялық және практикалық білмдерін жүйелейді, кеңейтеді және бекітеді, жұмаста практикалық машықтар алады.
4. Кәсіпорын жұмысының техникалық- экономикалық мәселелері туралы ақпаратты және электрмен жарақтау дистанциясының әкімшілік-басқарушылық аппараты туралы материалдарды меңгерген.
5.Ұйымның (кәсіпорынның) өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін зерделейді.
6. Электрмен жарақтау дистанциялары құрылымдық бөлімшелерінің қызметін болжау, талдау, реттеу, жоспарлаумен байланысты және басқа да мәселелерді меңгерген.
7. Дипломдық жобаны құру үшін қажетті материал жинауды жүзеге асырады.
Ескерту:
Қолданылған аббревиатуралар:
БҚ - базалық құзыреттілік;
КҚ - кәсіптік құзыреттілік;
БМ - базалық модульдер;
КМ - кәсіптік модульдер.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 553 бұйрығына
139-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің "Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары" мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары