8. Багер және қоқырлы сорғылардың техникалық жайкүйін тексереді.
9. Москальков күл аппаратының араласқышын ауыстыруды орындайды.
Оқытудың нәтижесі: 4) Құбыржол арматурасын жөндеуді, қалау және оқшаулау жұмыстарын жүргізуді орындау.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Арматура бөлшектерінің материалдарын біледі.
2. Техникалық талаптарды және арматураны жөндеудің технологиясын біледі.
3. Арматураның тығыздағыш беттерінің сүртуін жүргізеді.
4. Арматураны құрастурыды және бөлшектеуді орындайды.
5. Оқшауланатын беттің дайындығын және оқшаулауды қалпына келтіруді орындайды.
6. Жылу өткізбейтін контрукцияларды бөлшектеуді орындайды.
7. Жылу өткізбейтін және қызуға төзімді бетондарды әзірлеу қағидаларын түсінеді.
8. Толтырылған тығыздау сылақтарды қалау тәсілдерін түсіндіреді.
9. Жылу өткізбейтін және қалауыт конструкциялардың құрастыруын орындайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 5) Жөндеу жұмыстарын орындау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Бұрғылауды, кесуді, шабуды, егеуді, иілуді, жамауды, қыруды орындайды.
2. Бөлшектердің контурын белгілеуді орындайды.
3. Саңылаудың сыртқы және ішкі диаметрін өлшейді.
4. Өтпелі саңылаудың бұрғылауын орындайды.
5. Металдар мен басқа да құрылмалық материалдардың ұсталық өңдеуінің негізгі әдістерін қолданады.
6. Бекітілген жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды тауып жояды.
7. Қажетті құралдар мен керек- жарақтарды қолданады.
|
|
|
Оқытудың нәтижесі: 6) Қолданылуы және қасиеттері бойынша конструкциялық материалдарды маркалау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Материалдардың негізгі сипаттамаларын; кристалл торшалардың қасиеттерін; кристалл торшалардың ақауларын атап көрсетеді.
2. Қорытпалардың кристалдану температурасын, кесінділер қағидаларын айқындайды.
3. Қолданылуы және химиялық құрамы бойынша болаттар мен шойындардың жіктелуін айқындайды.
4. Болаттар мен шойындардың маркалануын, олардың қолданылу салаларын айқындайды.
5. Термикалық және химиялық-термикалық өңдеудің қолданылуын, мақсатын, химиялық-термикалық өңдеудің және термоөңдеудің түрлерін түсінеді.
6. Коррозияның зардаптарын, коррозиямен күресудің әдістерін айқындайды.
7. Қысыммен өңдеудің түрлері туралы: прокат, илеу,нығыздау, соғу, штампілеу; қысыммен өңдеуге арналған жабдықтың түрлері; прокаттық бұйымдардың сұрыпталуы туралы ақпаратты меңгерген.
8. Мақсаты бойынша материалды таңдайды.
9. Қысыммен өңдеудің түрін айқындайды.
|
|
5 КБ. Қазандық агрегаттары мен қосалқы жабдықты монтаждауды, реттеуді және жұмыс режимін бақылауды жүргізу
|
05 КМ. Қазандық жабдығын монтаждау, реттеу және жұмыс режимін бақылау
|
Осы модуль жұмыстың нәтижелілігін, қазандық жабдығын монтаждау, реттеу және жұмыс режимін бақылаубойныша жұмыстарды орындау үшін қажетті дағдылар мен білімдерді сипаттайды.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар мыналарды меңгереді: монтаждау жұмыстарын ұймыдастыру қағидаттарын; бу қазандығының қызу беттерін монтаждауын; ыстық су құбыржолдарын монтаждауын; бу қазандықтарын іске қосу және тоқтатуын; барабанды және тура ағысты қазандықтардың су режимдерін; жұмыс режимін айқындайтын параметрлерін; негізгі және қосалқы қазандық жабдығын автоматты қорғау сызбаларын; өлшеу әдістері мен құралдарын.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: қазандық жабдығын монтаждау бойынша техникалық құжаттаманы пайдалана білуді;
бақылау-өлшеуіш аспаптардың көрсетімдерін тіркей білуді;
жүктеменің берілген кестесіне сәйкес қазан жұмысының жұмыс режимін жүргізуді; технологиялық процестерді автоматты реттеу жүйесін бағалауы, су режимін және су мен будың сапа нормасын айқындауды үйренеді.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Жабдықты монтаждауға даярлауды ұйымдастыру және жылу техникалық сынақтар жүргізу.
|
Суды дайындау және ЖЭС ақпасуларын тазалау
Жылу техникалық процестердің жылу техникалық өлшемдері және автоматтандыру негіздері
Өндірістік оқыту
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жабдықты монтаждаудың негізгі әдістерін біледі.
2. Жабдық тасымалын және такелаж жұмыстарын орындайды.
3. Арматураға гидравликалық сынақ жүргізеді.
4. Төсем қосылыстары және майұстағышты тығыздағыш саңылаусыздығын орындау жолдарын қолданады.
5. Реттеу жүйесін жөндеуді біледі.
6. Жабдықтың шағым жүйелерін реттейтін клапандардың тығыздығын тексереді.
7. Бақылаушы параметрлерінің жол бергісіз көтерілуінен қорғау жүйесінің баптауын орындайды.
8. Бу параметрлері өзгеруінің жабдық жұмысына ықпалын біледі.
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Будың ластануын болдырмау тәсілдерін таңдау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Химиялық құрамы мен дисперсия дәрежесі бойынша қоспалардың сипаттамасын айқындайды.
2. Жер үсті суларының қоспалары құрамы бойынша су тазарту сызбасын таңдайды.
3. Су сапасының көрсеткіштері туралы ақпаратты біледі.
4. Технологиялық нышандар бойынша су жіктелуін анықтай алады.
5. Станцияның қолданыстық циклындағы су айналымының сызбанұсқасын айқындайды.
6. Су мен буды тазартудың сызбанұсқаларын және әдістерін таңдайды.
7. Бу сапасына әсер ететін факторларды талдайды.
8. Сүйреудің судың сапасы мен деңгейіне, қазан жүктемесіне тәуелділігін түсінеді.
9. Қазанның үрлеуін орындайды.
10. Бөлетін құрылғылардың жұмыс істеу қағидаларына әсерін түсінеді.
11. Заттардың буда жоғары және шектен асқан параметрлерде еру жолдарын түсіндіреді.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Су мен бу сапасының нормаларын және су режимін анықтау.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Тоттануға әсер ететін негізгі факторларды анықтай алады.
2. Қазанның тоттану ерекшеліктерін біледі.
3. Қазандар мен жылу алмастыру аппараттарындағы шөгінділердің құрамы және қасиеттерін түсіндіреді.
4. Қақтануды болдырмау жолдарын таңдайды.
5. Су түзетіп өңдеу әдістерін қолданады.
6. Конденсат қоректік жолының су химиялық режимін таңдайды.
7. Сүзгіш материалдардың жұмыс істеу жолын және оған қойылатын талаптарды түсіндіреді.
8. Сүзгі құрастырылымын біледі.
9. Коагуляция кезінде суда болатын физика-химиялық үдерістерді түсіндіреді.
10. Реагенттерді және оларды пайдалану үшін оңтайлы жағдайды таңдайды.
11. Суды өңдеу үшін құрылғының аралас сызбанұсқасын қолданады.
12. Мөлдірлеткіштің жұмысын және түсінеді.
|
Оқытудың нәтижесі: 4) Технологиялық үрдісті автоматтық реттеу жүйесін бағалау.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жылу энергиясын нысандарын автоматтық басқару жүйесі түрлерін біледі.
2. Автоматтық басқару жүйесі схемаларының жұмысын сипаттайды.
3. Автоматтық басқару жүйесінің техникалық құрылымын және оның элементтерін біледі.
4. Автоматтандыру микропроцессорлық құралдарының жұмыс істеу жолдарын түсіндіреді.
5. Жылу энергетикалық басқару нысандарын реттеуші органдардың жұмысын сипаттайды.
6. Қазанды автоматтық реттеу схемаларын қолданады.
7. Қосалқы жабдықтарды автоматтандыру сызбасын таңдайды.
8. Құрылыс мақсаты, қағидаты және автоматты жылу қорғанысын біледі.
|
Оқытудың нәтижесі: 5) Жылу техникалық бақылау аспаптары жұмысының қағидаты мен құрылымын түсіну.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жылу техникалық бақылауды ұйымдастыру мен міндетін біледі.
2. Аспап көрсеткіштерін тексеру және түрленуі әдістерін қолданады.
3. Шамаларды өлшеу әдістері мен бірліктерін біледі.
4. Газдар, су және бу құрамын өлшейді.
5. Арнайы өлшеу үшін аспаптар жіктелуін біледі.
6. Жіктеуіш трансформаторлық түрлендіргіштің және көрсеткіштерді қашықтан жіберу сызбаларының жұмысын сипаттайды.
7. Құрылғылар жұмысын және термометрлер жұмысы қағидасын түсіндіреді.
8. Температура өлшеудің өтемдік түрін қолданады.
9. Теңдестірілген өлшегіш белдемені қолданады және оның әрекет ету қағидасын сипаттайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 6) Қазан жабдығы жұмысының кестесін бақылау дағдысын игеру.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Қызу бетінде тоттанудың және шөгінділердің пайда болуын болдырмау әдістерін қолданады.
2. Су мен бу сапасының нормаларын және режимін сақтайды.
3. Жұмыс ортасының параметрлерін өлшеуге арналған аспаптарды қолданады.
4. Бақылау-өлшеу аспаптар көрсеткіштерін тіркейді.
5. Жұмыс режимінің өзгеруіне байланысты қазандардың топтық басқару қалқанынан ауыстыруды орындайды
|
|
6 КБ. "Қазандық жабдықтарын аралаушы машинист" біліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау
|
06 КМ.
Қазандық жабдықтарын аралаушы машинистбіліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау
|
Осы модуль қазандық жабдықтарын аралаушы машинистің құзыретін қалыптастырады.
Модульді зерделеудің нәтижесінде білім алушылар:
құбыржолдардың, арматураның, дренаждық, сақтандыру және үрлеу құрылғыларының орналасу сызбасын жасауды,
аралап тексеру арқылы қазандық жабдығына, шаң дайындау қондырғысына, газ-ауа жолына, дренаждық жүйеге, жану құрылғыларына, қазанның бу-су жолына химиялық реагенттерді енгізу бойынша қондырғыға, үрлеу жүйелеріне, бак шаруашылығына, техникалық су және сығымдалған ауа жүйелеріне қызмет көрсетуді және жұмысын бақылауды жүзеге асыруды;
эксплуатациялау кезінде жабдықтың жұмысындағы ақаулардың себептерін анықтау және оларды жою тәсілдерін;
құбыр ұяларын және құбырлардың соңын тазалауды орындауды;
құбырлық және жайпақ дайындамалардың ұсақтарын бөлшектеуді орындауды; ауыспалы қима, бұрылыс, штуцерлерді есептеуді және қолдан сызуды жүргізуді;
қазан агрегатының жұмыс режимі мен жүктемесін реттеуді;
наряд толтыруы және жұмыс көлемдеріне ведомостер жасауды; бұрандалы қосылыстарды тығыздау тәсілдерін таңдауды; бұрандалы қосылыстардың гидравликалық сынауларын жүргізуді;
қызмет көрсетілетін жабдықты отын жағуға, іске қосуға, тоқтатуға, салқындатуға, сынама алуға, нығыздауға дайындау бойынша операциялар, қазандық қондырғысының жылу сызбаларында қайта қосу операцияларын орындауды;
қазан агрегатының жұмыс режимін және жүктемесін реттеуді;
қазанның, қосалқы жабдықтың, арматураның, құбыржолдардың, басқару, автоматика және қорғау аспаптарының жұмысы мен жай-күйін бақылауды орындауды үйренеді.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Бу қазанының және қосалқы жабдықтың жұмысы мен жай-күйін қадағалау.
|
Кәсіптік
практика
(жұмысшы біліктілігін алуға практика)
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, жұмсы қағидаты және техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты меңгерген.
2. Агрегаттардың жылу сызбалары мен технологиялық процесін айқындайды.
3. Құбыржолдардың, арматураның, дренаждық, сақтандыру және үрлеу құрылғыларының орналасуын айқындайды.
4. Жабдыққа қызмет көрсетеді және аралап қарау жолымен жұмысын бақылауды жүзеге асырады.
5. Аралап тексеру арқылы қосалқы жабдықтың: шаң дайындау қондырғысының, газ-ауа жолының, дренаждық жүйенің, жану құрылғыларының, қазанның бу-су жолына химиялық реагенттерді енгізу бойынша қондырғының, үрлеу жүйелеріның, бак шаруашылығының, техникалық су және сығымдалған ауа жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Жабдықтың жұмысындағы ақауларды табу және аварияларды жою.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жабдықтың жұмысындағы ақаулардың себептерні және оларды жою тәсілерін айқындайды.
2. Құбыр ұяларын және құбырлардың соңын тазалауды орындайды.
3. Құбырлық және жайпақ дайындамалардың ұсақтарын бөлшектеу туралы ақпаратты меңгерген.
4. Ауыспалы қима, бұрылыс, штуцерлерді есептейді және қолдан сызуды жүргізеді.
5. Энергия қондырғыларын қауіпсіз эксплуатациялаудың нормалары мен қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды.
6. Жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге құжаттама ресімдейді.
7. Наряд толтырады және жұмыс көлемдеріне ведомостер жасайды.
8. Арматураны эксплуатациялау кезінде туындайтын ақауларды және оларды жою тәсілдерін анықтайды.
9. Ілінісу муфталарының, подшипник тораптарның, шегелеу қосылыстарының мақсатын және қолданылу саласын; оларды эксплуатациялау кезінде туындайтын ақауларды және оларды жою тәсілдерін түсінеді.
10. Негізгі және қосалқы жабдықтың конструкциясын түсінеді.
11. Жабдықты бөлшектеуді және жинауды оындайды.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Қазан агрегатының жұмыс режимі мен жүктемесін реттеу.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Бақылау-өлшеуіш, қорғау және автоматты құрылғылар үшін қарқындылық желілерін біріктіру сызбаларын орындайды.
2. Қызмет көрсетілетін жабдықтың сызбалары мен басқару тәсілдерін, жабдықтың қорғау, автоматика, блоктау және сигнализация жүйелерін, қорғаулар мен блоктаудың іске қосылу шектерін түсінеді.
3. Қызмет көрсетілетін жабдықты отын жағуға, іске қосуға, тоқтатуға, салқындатуға, сынама алуға, нығыздауға дайындау бойынша операциялар, қазандық қондырғысының жылу сызбаларында қайта қосу операцияларын орындайды.
4. Қазан агрегатының жұмыс режимін және жүктемесін бақылайды.
5. Жабдықтың ақаулары және параметрлердің ауытқуы туралы сигнализацияның мақсатын түсінеді.
6. Аспаптарды, басқару кілттерін, сигналдық түймелердің орналасу қағидаттарын сақтайды.
7. Қазанның тоқтауына технологиялық қорғауды қолданады.
8. Қазанның, қосалқы жабдықтың, арматураның, құбыржолдардың, басқару, автоматика және қорғау аспаптарының жұмысы мен жай-күйін бақылайды.
9. Жұмыс істеп тұрған жабдықтан резервтік жабдыққа ауыстыруды орындайды.
|
|
"090602 2 - Турбиналы жабдықтарды аралаушы машинист" біліктілігі
|
ПК 7. Негізгі және қосалқы турбина бөлімшесінің жабдығына қызмет көрсету және тексеруді жүргізу
|
ПМ 07. Негізгі және қосалқы турбина жабдығына қызмет көрсету және тексеруді жүргізу
|
Бұл модуль негізгі және қосалқы турбиналық жабдықтарды техникалық қызмет көрсету үшін қажетті дағдылар мен білімді, жұмыс өнімділігін сипаттайды.
Модульді оқыған кезде білім алушылар мына білімді меңгереді: турбиналардың мақсаты мен типтері, олардың құрылымы, жұмыс істеу қағидасы және техникалық сипаттамаларын; жылу циклы қолданыстық затының үдерістерін; турбиналық торлар арналары арқылы ағу кезіндегі будың газдинамикасы негіздерін; көп сатылы турбинаны есептеу негіздерін; бу турбиналары бөлшектері және түйін конструкциясын; конденсациялық, жылуландыру турбиналардың ерекшеліктері, сызбалары, міндеті, қималарын; турбина цехының көмекші жабдықтарының мақсаты және конструкциясын; майлау жүйесі, турбинаны реттеу және қорғауын; электр станцияларындағы техникалық сумен қамтамасыз ету жолдарын; меншікті қажеттіліктерін.
Модульды оқу кезінде білім алушылар келесі біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді:
турбинадағы будың кеңею үдерісін есептеуді;
жұмыс торларының жылулық есептеулерін жүргізуді;
шапшаңдық үшбұрыштарын салу және есептеу; турбина арқылы бу шығынын анықтауды;
турбина режимдерінің диаграммасын пайдалануды;
турбина сатысын есептеуді;
реттелмейтін сатыларды, олардың дылу құламасын анықтауды;
техникалық су шығынын анықтауды;
негізгі көрсеткіштер бойынша сумен жабдықтау жүйесін таңдауды.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Тордың типтерін анықтау және турбина сатысының есептеулерін орындау.
|
Жылу электрстанцияларының турбиналық қондырғылары.
Турбиналық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету.
Гидравлика және сорғылар.
Жылу электрстанциялары және құбыржолдар Өндірістік оқыту
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Турбиналардың міндеті мен типтерін, олардың құрастырылымын біледі.
2. Бу энергиясының шүмектермен жұмысқа қалақтарында түрленуін біледі.
3. Будың конфузорлық және диффузорлық ағындарын біледі.
4. Су буының ағынын есептеу үшін оның жай-күйінің hs диаграммасын пайдаланады.
5. Maх санына байланысты торлар типтерін анықтайды.
6. Шапшаңдық үшбұрыштарын салуын және есептеуін орындайды.
7. Турбина торларының айналып ағуы кезіндегі энергияның жоғалуын анықтайды.
8. Турбиналық сатының жылулық есебін орындайды
9. Конденсатор жылу балансының теңдеуін есептейді.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Турбоқондырғы бөлшектері мен түйіндер конструкциясын түсіну.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Корпустың негізгі элементтерін біледі.
2. Жоғары, орташа және төмен қысымды цилиндрлерді, олардың ерекшеліктерін біледі.
3. Турбина роторларының жұмыс істеу жағдайларын, конструкциясын және типтерін біледі.
4. Турбиналардың нығыздануын, олардың міндеті мен материалдарын біледі.
5. Турбиналар мойынтіректері конструкциясының жұмысын сипаттайды.
6. Турбина бөлшектері жылу кеңейтулерін біледі.
7. Турбина іргетасының конструкциясын біледі.
8. Ротор мен статор бөлшектері үшін материалдар таңдай алады.
9. Турбинаның су жүретін бөлігінің тіліктерінен хабардар.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Конденсат және жылуландыру турбиналарының жұмысын басқару.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Регенерациясы бар бу турбиналы қондырғының технологиялық сызбасын біледі.
2. Бу кеңейту үдерісін is диаграммада орындайды.
3. Қондырғылардың түбегейлі сызбаларының Т, ПТ, Р типтес турбиналармен жұмыс істеу жолдарын түсіндіреді.
4. Конденсациялық турбиналар режимдерінің диаграммаларын жасайды.
5. Будың турбина арқылы және оның әр бөлігі арқылы шығынын анықтайды.
6. Конденсациялық турбиналардың конструкциясын біледі.
7. Жылуландыру турбиналарының конструкциясын біледі.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 4) Турбина мен қосалқы жабдықтарды майлау, реттеу және қорғау жүйесіне қызмет көрсету
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жиілік реттегіштің жұмыс қағидасын және құрастырылымын біледі.
2. Тікелей және тікелей емес реттеу сызбаларының талаптарын орындайды.
3. Гидравликалық байланыстары бар реттеу сызбасын біледі.
4. Буды аралық қатты қыздыратын конденсациялық турбиналардың жұмысын реттейді.
5. Майды үлестіруді жіберу жүйесін біледі.
6. Отқа төзімді майларды қолдана алады.
7. Айналдыру жиілігінің көтерілуінен турбинаны қорғауды орындайды.
8. Бу қысымының сатыға шамадан тыс түсуінен қорғауды орындайды.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 5) Станцияның толық сызбасын құрастыру әдістемесін қолдану.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Регенеративті жылытқыштарды жылулық сызбасына қосу сызбаларын біледі.
2. Сорғы қондырғысын қосу сызбасының талаптарын сақтайды.
3. Бәсеңдету салқындату қондырғысын және оның есебін біледі.
4. Агрегаттар қуатын, турбинадан бу алу мен қуаттың жете өндірмеу коэффициентін анықтайды.
5. Ыстық сумен бірге жылуды жіберуді реттеуді орындайды.
6. Жылулық сұлбаны есептеу тәртібін және әдістемесін біледі.
7. Бас жоспарды құрудағы негізгі талаптарды сақтайды.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 6) Жылу электр станцияларын сумен жабдықтау жүйесін таңдау.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жылу электр станцияларында техникалық суды тұтыну туралы біледі.
2. Сумен жабдықтау жүйесінің көздерін анықтайды.
3. Сумен жабдықтаудыңтік ағынды жүйелерінің жұмысын сипаттайды.
4. Сумен жабдықтаудың айналымды жүйелерінің функцияларын анықтайды.
5. Табиғи сорғысы бар мұнаралы мұздатқыштардың жұмысын біледі.
6. Тамшылаушы бассейндердің және салқындатқыш тоғандардың жұмыс істеу қағидаларын түсінеді.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 7) Негізгі және көмекші жабдықтарға қызмет көрсету дағдыларын игеру.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Турбинаны қорғаудың және реттеудің түрлі сызбаларын біледі.
2. Турбинаның су жүретін бөлігінің тіліктерінен хабардар.
3. Турбина мойынтіректеріне май жеткізуді реттейді.
4. Ауаның турбинаның вакуумдық жүйесіндегі сорма орындарын анықтайды.
5. Генерация жүйесіне, желілік қондырғыға және сорғы жабдығына қызметкөрсетеді.
|
|
|
|
|
Оқытудың нәтижесі: 8) Энергетикалық сорғыларды саралау.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Сорғылардың конструкциясын және жұмыс қағидатын, сорғылардың қолданылуын; олардың негізгі параметрлерін түсінеді.
2. Ортадан тепкіш сорғының негізгі теңдеуін пайдаланады және сорғының теоиялық және шынайы қысымын айқындайды.
3. Сорғы жабдығына қойылатын талаптарды орындайды.
4. Қоректендіру, конденсаттық, желілік, циркулярлық және май сорғыларының үлгілері мен параметрлерін айқындайды.
5. Сорғыларды реттеу тәсілдерін таңдайды.
6. Қысымның анықтамасы бойынша сорғылардың сипаттамаларын құруды орындайды.
7. Аспаптардың көрсетімдері бойынша сорғының қысымын айқындайды.
8. Қалақшаға кіру және шығуда сұйықтық жылдамдықтарын есептейді және үшбұрышын жасайды.
9. Каталогтармен және техникалық паспорттармен жұмыс істейді.
|
|
8 КБ. Жабдық ақауын және апаттық жағдайды анықтау, оларды жою шараларын қабылдауды орындау
|
08 КМ. Жабдық ақауын және апаттық жағдайды анықтау, оларды жою шараларын қабылдау
|
Бұл модуль жабдықтардың ақауларын және апаттық жағдайларды анықтау, оларды жою шараларын қолдану үшін қажетті дағдылар мен білімді, жұмыс өнімділігін сипаттайды. Модульді оқыған кезде білім алушылар мына білімді меңгереді: жылу энергетикалық жабдықтың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою тәсілдерін; турбиналық жабдықтарды күрделі жөндеу кезінде үлгі жұмыстарының көлемін; жабдықты жөндеуге дайындау және жоспарлауды; жабдықты жөндеуге шығару ережелері мен тәртібін; жылу алмастырғыштарды, сорғыларды жөндеуді; жабдықты жөндеуден қабылдау технологиясын; әрбір элементтің жұмысындағы ақаулар және бұзылуларын; вакуумдық жүйе және конденсатордың тығызсыздығын анықтауды; жабдықтың ақаулығы және режимнің бұзылу себептерін талдауды; жабдықты жөндеуге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңдерін.
Модульды оқу кезінде білім алушылар келесі біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді:
турбина жабдығы жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және оларды жою жолдарын таңдауды;
турбинаны шаю бағдарламасын құруды;
қолданылатын аспаптар мен құрылғыларды пайдалануды;
жабдық бөлшектері мен түйіндерін анықтауды;
металл мен пісіру қосылыстарының сапасын бақылуды жүргізуді, жабдықты бөлшектеу және динау әдістерін және ақауларды жою тәсілдерін қолдануды.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Жабдықты жөндеуге шығару тәртібін анықтау және қағидаларын сақтау.
|
Турбиналық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету.
Жылу энергетикасындағы конструкциялық материалдар.
Еңбекті қорғау
Өндірістік оқыту
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жөндеу қызметкерлеріне қойылатын талаптарды біледі.
2. Турбиналық жабдық жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайды.
3. Жұмыс орындары жабдықтары үшін қондырғылар таңдайды.
4. Жабдықты жөндеуге шығару жөнінде талаптар алгоритмін орындайды.
5. Қысым астында жұмыс жасайтын жабдықтың гидравликалық сынақтарын орындайды.
6. Жабдық жағдайын тексеруді орындайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Жабдықтағы ақаулар мен апаттардың түрін, олардың себептерін анықтау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жабдықты тексерудің реттілігін біледі.
2. Диафрагмалардың қалдық бүгілуінің жылылық саңылауларын тексеруді орындайды.
3. Диафрагма және құрсау ақаулықтарын жою кезінде талаптарды сақтайды.
4. Жартылай жалғастырғыштар ернемекінің радиал және қапталдық соғуларын тексереді.
5. Білікқұбыр центрлігінің оптикалық әдісінің технологиялық реттілігін құрады.
6. Нығыздамалардағы радиал саңылауларды қалпына келтіру бойынша есептеулерді орындайды.
|
2.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Жабдықты бөлшектеу және жинау әдістерін және ақауды жою тәсілдерін қолдану.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Бөлшектеу тәртібін және мойынтірек ішпегін тексеруді біледі.
2.
3.
4.
5.
6.
2. Мойынтірекішпегін қайта құю кезінде баббиттің қажетті санының есептеуін орындайды.
3. Тісті доңғалақтардың қалыпты жұмыс шарттарын сақтайды.
4. Түрлі жалғастырғыш ақауларын анықтайды.
5. Айналмалы механизмдерді туралауды орындайды.
6. Қалақшалы аппараттардың діріл сипаттамаларын айқындайды.
|
7.
|
Оқытудың нәтижесі 4) Жөндеу жұмыстарын орындау дағдыларын игеру
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Бұрандалы байланыстарды нығыздау жолдарын анықтайды.
2. Түрлі диаметрлі тойтарма шегелерді әзірлейді.
3. Жалғастырғышты орнату және туралауды орындайды.
4. Мойынтірек түйіндерінің ақауларын анықтайды.
5. Жөндеу жұмыстарын қауіпсіз орындау үшін жұмыс орнын анықтайды.
6. Сырғанау мойынтіректерін толтырады.
7. Бітеуіштерді орнатады және шешеді.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 5) Металдың және пісіру қосылыстарының сапасын бақылауды жүргізу.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Пісіру жұмыстарын және өртке қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтайды.
2. Пісіру кезінде конструкцияның деформациялануын немесе құрылымдық өзгеруін тудыратын себептерді анықтайды.
3. Флюстің мақсатын және құрылымын; сығылған газдарға арналған баллондардың құрылымын; газбен пісірудің қолданылу саласын түсінеді.
4. Жылу энергетикалық жабдықты монтаждау және жөндеу кезінде пісіру жұмыстарының спецификасын қолданады.
5. Жылу электр станцияларында және атом электр станцияларында пісіру жұмыстарына жіберілген пісірушілерге талаптарды сақтайды.
6. Пісіру қосылыстарына талаптарды сақтайды.
7. Конструкцияның жұмыс жағдайларына қарай пісірудің түрін таңдайды.
8. Өнімнің сапасын бақылаудың құқықтық негіздерін; металдың және металдан жасалған бұйымдардың сапасы деңгейін бағалау әдістерін; энергетикалық жабдықтың мақсатын, қолданылуын және сапасын бақылау көлемін түсінеді.
9. Материалдардың сапасын бақылау әдістерін таңдайды.
10. Металда ақауларды анықтаудың түрлі әдістерін қолданады.
|
|
9 КБ. Турбина жабдығын монтаждауды және баптауды жүргізу
|
09 КМ. Турбина жабдығын монтаждау, баптау, сынау
|
Бұл модуль турбина жабдықтарын монтаждау және баптау үшін қажетті дағдылар мен білімді, жұмыс өнімділігін сипаттайды. Модульді оқыған кезде білім алушылар мына білімді меңгереді: турбина цилиндрлерін монтаждауды; конденсаторларды монтаждауын; бу турбиналарын іске қосу және тоқтатуды; турбиналардың жұмыс кестесін анықтайтын параметрлерін; негізгі және көмекші турбиналық жабдықты автоматты қорғау сызбаларын; өлшеу құралдары мен әдістерін; турбиналарда ағатын жылу режимін; жабдық контрукциясы, жұмыстың негізгі жұмыс параметрлерін; турбинаны жұмысқа қосу тәртібі мен ережесі, турбинаны тоқтатуын; жүктемелердің жұмыс аймағындағы турбина жұмысын; турбиналық құрылғының көмекші жабдығын реттеудің функционалдық сызбаларын.
Модульды оқу кезінде білім алушылар келесі біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді:
монтаж жұмыстарын ұйымдастыруды;
жбдық жұмысының негізгі параметрлерін бақылауды;
бақыланатын шамалардың белгіленген мәндері бойынша турбина мен көмекші жабдықтың жұмыс режимін талдауды;
жабдықты іске қосу және тоқтату жөніндегі нұсқаулықпен жұмыс жасауды;
қауіпсіздік талаптары және нормативтеріне сай жабдықтың оңтайлы жұмыс режимін қамтамасыз етуді;
өндірістік жағдайларды талдауды;
турбина жабдығын монтаждау бойынша техникалық құжаттаманы қолдана білуді;
белгіленген жүктеме кестесіне сай турбинаның жұмыс режимін жүргізуді;
жабдықты іске қосу және тоқтату жөніндегі нұсқаулықпен жұмыс жүргізуді.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Жабдықты монтаждауға дайындықты ұйымдастыру және жылу техникалық сынақтарды жүргізу.
|
Жылу техникалық процестердің жылу техникалық өлшеулердің және автоматтандырудың негіздері.
Турбиналық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету.
Еңбекті қорғау
Өндірістік оқыту
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жабдықты монтаждаудың негізгі әдістерін біледі.
2. Такелаж жұмыстарын және жабдықты жабдықтың тасымалдауын орындайды.
3. Турбиналардың цилиндрлерін монтаждауды жүргізеді.
4. Маймен қамтамасыз ету және реттеу жүйесін баптауды біледі.
5. Конденсаторларды монтаждауды орындайды.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Жылу техникалық сынаулар жүргізу.
|
|
Бағалау өлшемшарттары
|
1. Жабдықтың май жүйесінің реттеуіш қақпақшаларының тығыздығын тексереді.
2. Бақыланатын параметрлердің рұқсат етілмейтін артуынан қорғау жүйесін баптауды орындайды.
3. Ағын бөлігінде және нығыздағыштарда саңылауларды тексереді.
4. Жабдықтың жұмысына бу параметрлерінің өзгеруінің әсерін айқындайды.
|
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Сырғымалы параметрлер, есептелмейтін режим кезінде турбина сатысы жұмысының қадағалауын жүргізу.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Турбиналардың максималды және минималды жүктемелерінде жұмыс жасау тәсілдерін біледі.
2. Бу сырғымалы параметрлерінде блоктар жұмысы кезіндегі талаптарды сақтайды.
3. Бу параметрлерінің турбина жұмысына әсерін анықтайды.
4. Турбиналардың су жүретін бөлігінің күртігін біледі.
5. Турбиналардың іске қосу тоқтату режимдерінің қағидаларын біледі.
6. Турбоагреттың дірілді күйі туралы біледі.
7. Турбоагреттың дірілді күйі туралы біледі.
|
Оқытудың нәтижесі: 4) Қысымды, қысымдар және тоқты ажыратын айырымдарын өлшеу.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Қысымды өлшеу аспаптарының жіктемесін біледі.
2. Сұйықтықты, шыны манометрлерді біледі.
3. Деформациялық манометрлермен жұмыс істей алады.
4. Магнимодуляциялы түрлендіргіші бар манометрлерді, олардың құрылымын біледі.
5. Манометрлердің құрылмалық сипаттамаларын түсінеді.
6. Сынапты вакуум өлшеуіштер мен мановакуум өлшеуіштермен жұмыс жасай алады.
|
Оқытудың нәтижесі: 5) Автоматтандырылған басқару жүйелерінің техникалық құралдарының функцияларын анықтау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Автоматты реттеу жүйесінің техникалық құрылымын және оның элементтерін біледі.
2. Пневматикалық реттегіштер мен атқарушы механизмдердің функцияларын анықтайды.
3. Энергетикалық блоктың қуаттылығын басқарусыз баларының түйінді сипаттамаларын түсіндіреді.
4. Турбиналардың көмекші қондырғыларын автоматтандыруды орындайды.
5. Турбиналы генераторлардың жылу қорғанысын орныдайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 5) Турбина жабдығы жұмыс режимін бақылау дағдыларын игеру.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Бақылау өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің тіркеуін орындайды.
2. Турбиналарды басқарудың блокты немесе топтық қалқанынан ауыстыруды орындайды.
3. Құбыр ұяларын және құбыр соңдарын жаншып қақтау арқылы тазартады.
4. Резеңке мен парониттен аралық қабаттарды дайындайды.
5. Берілген жүктеме кестесіне сәйкес турбина жұмысының режимін бақылауды жүргізеді.
6. Турбинаны іске қосу және тоқтату нұсқаулықтарымен жұмыс істейді.
|
10 КБ. 090602 2 Турбиналы жабдықтарды аралаушы машинист біліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау
|
10 КМ. Турбиналы жабдықтарды аралаушы машинист біліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау
|
Бұл модуль қазан қондырғысының сызбасымен, жабдықтың конструкциясымен, тұтастыруымен және жұмыс қағидасымен таныс етеді және қазан жабдығы бойынша аралаушы машинистің құзыреттерін қалыптастырады.
Жылу электр станциясының сызбаларын оқу;
будың және судың түрлі күй кезіндегі қасиеттерін анықтау;
цилиндр жалғағыштарының қажетті тығыздығын қамтамасыз ету әдістерін қолдану;
мойынтірек қалыптарының температурасын анықтау;
турбинаның тоқтауынсыз қалақшалы аппараттың жұмыс беттерінен қаттылық тұздарын жою тәсілдерін қолдану;
турбинаға жұмсалатын бу шығынын реттеу;
маймен жабдықтау жүйесінің жұмысының реттеу;
майдың қажетті қысымын және температурасын қолдау;
пайдалану кезінде жабдықтар жұмысындағы ақаулар себептерін және оларды жою тәсілдерін табу;
турбинаның жоғары қысымды цилиндрі мен орташа қысымды цилиндрлеріне ернемек арқылы жалғастыруларының қызуына бу жеткізу сызбасын қолдану;
жартылай жалғастырғыштардың астыңғы ашылуымен белдіктерді туралауды орындау;
ауаның тубриналық вакуум жүйесіне сорма жерлерін анықтау;
диафрагмалардың тығыздағыш сақиналары бойынша саңылауларды анықтау;
тірек сұққышты құрсаудың отырғызу шеңберіне орнату;
бақылауөлшегіш, қорғаныс және автоматтық құрылғылар үшін импульстік сызықтарды қосу сызбаларын қолдану;
турбоагрегаттың жүктеме және жұмыс режимін реттеу;
режим карталары және өндірістік нұсқамалары талаптарына сәйкес бекітілген жабдықтың қалыпты, үздіксіз және тиімді жұмыс режимін қамтамасыз ету.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Турбина мен көмекші жабдықтың күйі мен жұмысын бақылау және қағадалау.
|
Кәсіптік практика (жұмысшы біліктілігін алуға практика)
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Қызмет көрсетілетін жабдықтың техникалық сипаттамаларын, жұмыс қағидасын және құрылымын біледі.
2. Бу турбиналық қондырғының жылу үдерістерін қолданады.
3. Түрлі күйдегі су мен будың қасиеттерін анықтайды.
4. Турбиналардың жылу сызбаларын, құбыр желілерінің, арматураның, кептіру, сақтандыру және үрлеу құрылғыларының орналасуы мен сызбаларын біледі.
5. Цилиндр жалғағыштарының қажетті тығыздығын қамтамасыз ету әдістерін біледі.
6. Құрсаудағы диафрагмаларды қалыптастырады.
7. Мойынтірек бөлшектерінің негізгі түйіндерін біледі.
8. Мойынтірек қалыптары температурасын өлшейді.
9. Турбинаның тоқтауынсыз қалақша аппараттың жұмыс беттерінен қаттылықты ұзын жою әдістерін қолданады.
10. Соңғы нығызмадалардың құбыржелілерінің қағидалық сұлбасын біледі.
11. Тубриналарға жұмсалатын бу шығынын реттеу тәсілдерін қолданады.
12. Маймен жабдықтау жүйесінің жұмысын реттейді: майдың қажетті температурасын және қысымын қолдау.
13. Жылу электр станцияларының жинау сұлбасын орындайды.
|
Оқытудың нәтижесі2) Жабдық жұмысындағы олқылықты анықтау және апаттарды жою.
|
|
Бағалау өлшемшарттарыоценки:
|
1. Қызмет көрсетілетін жабдықты басқару жолдарын және сұлбаларын біледі.
2. Жабдық жұмысындағы пайдалану ақаулықтарының себептерін және оларды жою жолдарын қарастырады.
3. Турбинаның жоғары қысымды цилиндрі мен орташа қысымды цилиндрлеріне ернемек арқылы жалғастыруларды қыздыруға бу жеткізу сызбасын біледі.
4. Жартылай жалғастырғыштардың астыңғы ашылуымен белдіктерді туралауды орындайды.
5. Мойынтірек ішпегін жонып өңдеу түрлерін анықтайды.
6. Реттеу жүйесінің статикалық және динамикалық сипаттамасын біледі.
7. Ауаның тубриналық вакуум жүйесіне сорма жерлерін анықтайды.
8. Ақаулы бөлімнің өңдеуін орындайды.
9. Цилиндр мен мойынтіректер корпустарының буатты қосылыстарындағы саңылауларды өлшейді.
10. Корпус жалғағышының созылуы кезінде цилинд статорының жонып өңдеуінің жылжуын өлшейді.
11. Диагфрагмалардың нығыздағыш сақиналары бойынша саңылауларды анықтайды.
12. Тірек сұққышты құрсаудың отырғызу шеңберіне орнатуды орындайды.
13. Бу тиек және бу тарату органдарының тығыздығын тексереді.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Турбоагрегаттың жүктеме және жұмыс кестесін реттеуді жүргізу.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Бақылау-өлшеу, қорғаныс және автоматты құрылғылар үшін импульстік сызықтарды қосу сызбасын қолданады.
2. Турбоагрегаттың жүктеме мен жұмыс режимін реттейді.
3. Режим карталары және өндірістік нұсқамалары талаптарына сәйкес бекітілген жабдықтың қалыпты, үздіксіз және тиімді жұмыс режимін қамтамасыз етеді.
4. Сутегі салқындатуы бар генератордың май нығыздама жүйесінің жұмысын қадағалайды.
5. Бу турбинасы қорғанысын сынауды жүзеге асырады.
6. Бу ілгекті және бу үлестіру тығыздығын тексереді.
7. Турбиналардың, бойлерлердің конденсатының сапасын қадағалайды.
8. Турбиналардың, бойлерлердің конденсаты сапасын бақылайды.
9. Бу турбинасы қорғауларын сынауды жүргізеді.
|
"090603 3 - Техник-энергетик" біліктілігі
|
11 КБ. Әртүрлі қалыптағы беріліс буындарының негізгі өлшемдерінің, механикалық жүйелердің бекемділігін есептеу білімін игеру.
|
11 КМ. Техникалық механиканың негіздерін ескере отырып, машиналар мен механизмдер детальдарының беріктігі мен таңдауын есептеу
|
Бұл модуль машиналар мен механизмдердің бөлшектерін таңдау және есептеу, бөлшектер мен түйіндердің деформациясының және тозуының түрлерін, беріліс түрлерін, олардың құрылысын, міндетін және схемалардағы шартты белгілерін, механизмдердің кинематикасын, машина бөлшектерінің қосылысын, механикалық берілістерді анықтау үшін қажетті дағдыларды, білімді және біліктілікті сипаттайды.
Модульді зерделеудің нәтижесінде білім алушылар меңгереді:
статиканың, кинематиканың және динамиканың негізгі түсініктерін; материалдардың қарсылығының негізгі ережелерін; машиналар детальдарының негізгі ережелерін; детальдар мен тораптардың тозу және деформация түрлерін; майлауыш материалдардың түрлері, тораптармен детальдарды майлау үшін қолданылатын майлардың қасиеттеріне талаптар, майлауыш материалдарды сақтау қағидаларын; берілістердің құрылымы, саралануы, әрекет ету қағидатын; механизмдердің түрлерін.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: өзекті және білікті жүйелердің реакцияларын айқындауды; пайдалы әрекеттің жұмысын, қуатын және коэффициентін айқындауды; деформацияның әр түрінің беріктігін есептеулерді орындауды; жалғағыш және айырғыш қосылыстардың, берілістердің, подшипниктердің және аралықтардың беріктігіне есептеулерді орындауды үйренеді.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Күштердің жайпақ және кеңістіктік жүйелерінің реакцияларын айқындау.
|
Техникалық механика негіздері
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Статиканың негізгі түсініктерін түсінеді.
2. Өзекті және арқалық жүйелердің реакциясын айқындайды.
3. Жайпақ геометриялық фигуралармен стандарттық профильдердің ауырлық орталығын айқындайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Пайдалы әрекеттің жұмысын, қуатын және коэффициентін айқындау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Кинематика мен динамиканың негізгі түсініктеріне сипаттама береді.
2. Механикалық қозғалыстың негізгі параметрлерін айқындайды.
3. Кинетостатика әдісін және динамиканың негізгі теоремаларын пайдаланып, инерция күшін айқындайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Деформацияның әр түрінің беріктігін есептеуді орындау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Материалдардың қарсылығының негізгі ережелерін білуін көрсетеді.
2. Жайпақ қималардың геометриялық сипаттамаларын айқындайды.
3. Деформацияның әр түрі кезінде тексеру, жобалау және рұқсат етілетін жүктемені есептеуді орындайды
|
Оқытудың нәтижесі: 4) Машиналардың детальдарын беріктікке есептеуді орындау
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Машиналар детальдарының негізгі ережелеріне сипаттама береді.
2. Жалғағыш және айырғыш қосылыстардың беріктігіне есептеулерді орындайды.
3. Берілістер мен аралықтардың жобалық есептеулерін орындайды.
4. Берілістердің, подшипниктердің және аралықтардың беріктігін есептеулерді орындайды.
5. Стандарттық және қалыптандырылған муфталарды іріктеуді орындайды.
|
ПК 12. Күштік тізбек пен электржабдықта электр және магнит тізбегінің негізгі заңдарын және олардың көріністерін қолдану
|
12 КМ. Күштік тізбек пен электржабдықта электр және магнит тізбегінің негізгі заңдарын және олардың көріністерін қолдану
|
Бұл модуль жұмыс өнімділігі, күштік тізбек пен электржабдықта электр және магнит тізбегінің негізгі заңдарын және олардың көріністерін пайдалану үшін қажетті дағдылар мен білімді сипаттайды. Модульді оқыған кезде білім алушылар мына білімдерді меңгереді: тұрақты тоқ электр тізбектерінің ең маңызды қасиеттері мен сипаттамаларын; электромагниттік өрістің негізгі ұғымдар мен заңдарын; айнымалы токтың бір фазалы электр тізбегін; тұрақты және айнымалы тоқтың трансформаторлары, электр машиналарын; электр энергиясын беру және бөлуін.
Модульды оқу кезінде білім алушылар келесі біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді:
электр тізбегін есептеу, өлшеу құрылғыларын пайдалануды;
электр және магниттік тізбектердің кернеуін, қуатын, кедергісін өлшеуді;
айнымалы ток электр тізбегінің әртүрлі элементтері бар схемаларын жинауды;
электр машиналары жұмысының режимдерін өзгерту, векторлық диаграмма салуды;
тұрақты тоқ машинасын және үш фазалы асинхронды қозғалтқышты іске қосуды.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Электр энергиясын өндіру, беру және тарату қағидатарын түсіну.
|
Жалпы электротехника электроника негіздерімен
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Электр тізбегінің негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама береді.
2. Электр энергиясының көздері мен тұтынушылардың мақсатын айқындайды.
3. Электр энергиясын өндірудің қағидатын түсіндіреді.
4. Электр энергиясын беру және тарату қағидатарын білетінін көрсетеді.
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Электр тізбегі негізгі сипаттамалары мен заңдары туралы білімді көрсету.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Электр және магниттік өрістердің қасиеттеріне сипаттамасын бағалайды.
2. Электр тізбектерінің негізгі заңдары мен қасиеттерін пайдаланады.
3. Магниттік тізбектердің негізгі заңдары мен қасиеттерін пайдаланады.
4. Тұрақты және ауыспалы тоқ тізбектерінің ерекшеліктерін айырады.
5. Желілік және желілік емес тізбектердің ерекшеліктерін айырады.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Аналитикалық және графикалық әдістермен электр тізбектерін есептеу.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Тұрақты тоқтың желілік және желілік емес тізбектерін есептейді.
2. Ауыспалы тоқтың бірфазалы тізбектерін есептейді.
3. Ауыспалы тоқтың симметриялық және симметриялық емес үшфазалы тізбектерін есептейді.
4. Магниттік тізбектерді есептейді.
5. Желілік электр тізбектерінде өтпелі.
процестерді есептеудің әр түрлі әдістерін қолданады.
6. Таратылған параметрлері бар синусоидалдық емес тізбектерді, желілерді, төрт полюстік және электр сүзгілердің есептеу әдістерінің ерекшеліктерін түсінеді.
|
13 КБ.
Жабдықтың жұмыс кестесін түрлі жүктеме жағдайларында басқару әрі тексеру
|
13 КМ.
Белгіленген жүктеме кестесіне сай жылу-энергетикалық жабдық жұмысының кестесі
|
Бұл модуль жүктеменің белгіленген кестесіне сәйкес жылу энергетикалық жабдықтың жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін қажетті дағдылар мен білімді, жұмыс өнімділігін сипаттайды.
Модульді оқыған кезде білім алушылар мына білімдерді меңгереді: жылу энергетика жабдығын ревизиялаудың мақсаты және оның мазмұнын; жабдықтың негізгі техникалық сипаттамаларын; негізгі технологиялық параметрлерді өлшеуге арналған аспаптарын; жабдық жұмысының негізгі техникалық параметрлерін; жылу техникалық бақылауды ұйымдастыру және мақсатын; автоматты реттеу міндеттерін; максималды және минималды жүктеме жағдайларында қазан мен турбина жұмысының сенімділігі мен үнемділігінің өлшемшарттарын; параллель жұмыс істеп тұрған агрегаттардың арасында жүктемені ұтымды бөлудің шарттарын.
Модульды оқу кезінде білім алушылар келесі біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді:
жабдықты іске қосу мен тоқтату сызбасын жасауды;
жабдықтың жұмыс режимін басқаруды;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалауды;
жабдықтың сипаттамасы бойынша негізгі ағындардың параметрлерін анықтауды;
штаттық және штаттық емес жағдайларда тиімді шешімдер шығаруды;
өндірістік жағдайды дұрыс бағалауды; жабдықтың түрлі жүктемелерінде режим картасын қолдануды.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Жүктеменің жұмыс диапозонында жабдықтың іске қосуын және тоқтатуын жүргізу.
|
Қазандық жабдығын жөндеу және қызмет көрсету.
Турбиналық жабдықты жөндеу жәе қызмет көрсету.
Еңбекті қорғау.
Жылу техникалық процестердің жылу техникалық өлшемдері мен автоматтандыруының негіздері.
Кәсіптік практика
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жабдықты іске қосу режимдерін біледі.
2. Қазанды сумен толтыра алады.
3. Қызудың бу түзетін беттерін жылытады.
4. Турбиналы қазанды іске қосудың басты ерекшеліктерін түсіндіреді.
5. Энергиялық блоктың тоқтау және салқындау үдерісінің жұмысын сипаттайды.
6. Іске қосу және тоқтату кезінде жылу ысыраптарын анықтайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Белгіленген жүктемеге сай жабдық жұмысын басқару
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Бу үлестіру құралдары айналу жиілігінің шектен тыс асуынан қорғау жүйесін тексеру әдістерін біледі.
2. Жүктеменің кенет тастауы кезінде реттеу жүйесін тексеруді орындайды.
3. Агрегаттардың оңтайлы сипаттамаларын анықтайды.
4. Агрегаттар арасында жүктемелер үлестіру қағидаттарын түсінеді.
5. Аралас өндірудің максималды энергетикалық әдісін таңдайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Жүктеменің ауыспалы кестесі жағдайларында жабдықтың жұмысын басқару, энергиялық блоктың ептілігі.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
Энергиялық блоктың жұмыс режимдерін анықтайтын параметрлерді біледі.
2. Рұқсат етілген жүктемелердің реттемелік ауқымын пайдалана алады.
3. Ішінара жүктемелерде будың асқынқызуы температурасын қолдай алады.
4. Айналма контурларының сенімділігін бағалайды.
5. Қызу беттері металының температуралық режимін сақтайды.
6. Энергиялық блоктың белгіленген жұмыс режиміне режим картасын қолданудың түйінді сипаттамаларын түсіндіреді.
7. Блогы бар және блогы жоқ энериялық блоктардың іске қосуын және тоқтатуын орындайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 4) Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану қағидалары мен нормаларын сақтау
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жылу энергетикасы кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанушылықтан адамдарды қорғау тәсілдерін және негізгі қауіпсіздік ережелерін біледі.
2. Электр тоғымен зақымдану, қансырау, күйік, ыстық өту кезінде алғашқы көмек көрсете алады.
3. Қысым астында жұмыс жасайтын сауыттар, құбыр желісі және ыстық су жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.
4. Лауазымдық және өндірістік нұсқауларды біледі.
5. Тозаң дайындау жүйесіне, отын жеткізуге қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.
6. Қызметкерлермен жұмысты ұйымдастыра алады.
7. Өндірістік ғимараттарға, бөлмелерге және жабдықтарға қойылатын талаптарды біледі.
8. Тиеу және түсіру кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 5) Энергия блогының ақпаратты көрсету және бақылаудың компьютерлік жүйесі бар оқу сынау-тренажерлық кешенінде жылу энергетикалық жабдықтың жұмысын автоматты басқару дағдыларын алу.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Берілген жүктемеге сәйкес негізгі жабдықтың жұмысын автоматты басқаруды біледі;
2. Жылу сызбаларында автоматты қайта қосуды орындайды;
3. Сырғымалы бу параметрлерінде энергия блоктарының жұмысын бақылайды;
4. Барабанды және тура ағынды қазандардығ режимдік картасын жасайды;
5. Персоналдың әрекетін автоматты бағалаудың бағдарламасын жасайды;
6.Авариялық жағдайлардың имитациясын орындайды;
7. Түрлі жылу жағдайларынан дайындық және іске қосу операцияларын орындайды;
8. Энергия блогын жоспарлы және авариялық тоқтатуды таңдайды;
9. Энергия объектісінде авария алдындағы және авариялық жағдайлардың әр түрін имитациялаумен оқу-жаттығулар жүргізеді.
10. Оқу сынау-тренажерлық кешенде кез келген бастапқы қалыптан (ыстық, суымаған, салқын) энергия блогын іске қосуды жүргізеді.
|
14 КБ. Тетіктер мен жабдықтың ақауларын анықтау және жөндеу жүргізу
|
14 КМ. Жылу энергетикалық жабдық жұмысында ақауларды жою және жөндеу технологиясы
|
Бұл модуль жылу энергетикалық жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою, жөндеу жұмыстарын орындау технологиясы бойынша дағдылар мен білімді,жұмыс өнімділігін, "Техник – энергетик" біліктілігі жұмыстарының негізгі түрлерін сипаттайды.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар меңгереді:
жөндеудің түрлері және кезеңіділігін; жабдықтың жөндеуде тұру нормаларын; жұмыстардың үлгі көлемдерін; жөндеу жұмыстарының желілік кестесін құру сызбасын; жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуді ұйымдастыруды және тәртібін айқындайтын ережелер және нормаларын; орындалған жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау тәсілдерін; жабдықтың жұмысындағы ақаулардың түрлері және оларды жою әдістерін; жабдықты жөндеу кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы шараларын.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: жабықты жөндеу бойынша дайындық, жедел, қорытынды және есептік құжаттама жасауды;
реттеу сипаттамаларын қолдануды; негізгі және қосалқы жабдықтың тораптары мен механизмдерін, құбыржолдарды, арматураларды нығыздау және сынамалау кезінде техникалық талаптарды сақтауды;
негізгі және қосалқы жабдыққа сапалы жөндеу жүргізуді; біліктілік бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау үшін теориялық білімдерді пайдалануды; жедел персоналмен жұмыс істеуді үйренеді.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Түйіндер мен бөлшектердің ақауларын анықтау
|
Қазандық жабдығын жөндеу және қызмет көрсету.
Турбиналық жабықты жөндеу және қызмет көрсету.
Еңбекті қорғау
Кәсіптік практика (өндірістік– технологиялық практика)
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Қажетті ауыстырмалы бөлшектердің, түйіндердің және арматуралардың дайындығын жүргізу әдістерін біледі.
2. Айналмалы механизмдерді теңестіру және теңгерімдеу қағидаттарын түсінеді.
3. Ескірген жабдық бөлшектерін ауыстырады.
4. Құбыр желісінің, коллектордың және басқа да жабдықтың дәнекерленген жіктерін зерттеу қағидаттарын түсінеді.
5. Бу құбырларының жапсарларын дәнекерлеу арқылы ақауларды жоя алады.
6. Бөлшектер мен түйіндерді өңдеудің дәнекерлік, ұсталық тәсілдерін қолдана алады.
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Жабдық жұмысының нашарлау себептерін табу, оларды жою.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Біріктіргіш бөлшектердегі серпімді элементтер туралы біледі.
2. Бөлшектердегі тозған саңылаулардың жөндеуін балқыма қаптаумен немесе бастақтаңқыраумен жүргізеді.
3. Жол берілмейтін саңылаудың, белдіктер туралауының бұзылуының алдын алады.
4. Сұққылар астындағы саңылаулардың біржақты тозуын анықтайды.
5. Электр қозғалтқыш пен механизм белдіктерінің өстестігінің тексеруін орындайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Орындалған жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау тәсілдерін қолдану.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Барлық түйіндерді дұрыс орнату талаптарын біледі.
2. Жөндеу сапасының алдын ала бағалауын орындайды.
3. Бекітілген нысанға сай қабылдау актін жасады.
4. Дәнекер тігістерді тексеруді орындайды.
5. Жүктеме астындағы агрегатты тексереді.
6. Энергиялық блок жұмысының бұзылу себептерін талдайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 4) Жылу энергетикалық жабдықты жөндеу технологиясындағы дағдыларды игеру
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Ақауларды табу мақсатымен жабдық пен механизмдерді тексереді.
2. Жабдықтарды жинау және бөлшектеу ретін біледі.
3. Пісірмелі жіктердің, жалғастықтардың бүлінулерін жою әдістерін анықтайды және қолданады.
4. Пісірмелі жіктерді монтаждайды және бөлшектейді.
5. Роторлардың статикалық және динамикалық теңдестіруін орындайды.
6. Жұмыс көлемінің тізімдемесін құрастырады.
|
Оқытудың нәтижесі: 5) Электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғыларының конструкциялық материалдарын таңдау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Матеириалдың қызмет мерзіміне қолайсыз факторлардың әсері туралы ақпаратты меңгерген.
2. Жылжымалылық; релаксация; радиация; радиациялық төзімділіктің табиғатын және кезеңдерін тани біледі.
3. Бу қазандарының жабдығы материалдарына талаптарды сақтайды.
4. Ерекше қасиеттері бар болаттар мен қорытпалардың маркасын айқындайды.
5. Бу құбырлары үшін қолданылатын материалдарға талаптарды орындайды.
6. Жұмыстың түрлі режимдерінде жылу техникалық жабдықтың детальдары мен тораптарының ықтимал деформациясының түрлерін айқындайды.
7. Қазан тұрғызуда қолданылатын материалдардың маркасын саралайды.
|
|
|
|
Оқытудың нәтижесі: 6) Жабдықтың жұмыс режимін басқару.
|
|
Бағалау өлшемшарттары
|
1. Энергия блогын іске қосу және тоқтату нұсқаулығын жасайды.
2. Жабдық режимдерін баптауды жүргізеді.
3. Энергия блогын қорғау жүйесін реттейді.
4. Қызудың бетін тазалаумен байланысты слесарлық жұмыстарды орындайды.
5. Жабдықтың жай-күйін тексереді.
6. Энергия блоктарының жұмыс режимінің бұзылу себептерін талдайды.
|
|
|
Оқытудың нәтижесі: 7) Түрлі жүктеме жағдайларында жабдықтың жұмыс режимін бақылау.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Негізгі технологиялық параметрлерді өлшеудің құрылымдық сызбаларын қолданады.
2. Реттеудің функциялық сызбаларын оқиды.
3. Жылу және электрлік жүктемелердің кестесін құрады.
4. Жабдықтың берілген жұмыс режимін есептеуді орындайды.
5. Логикалық басқару және автоматты реттеу жүйесін жобалайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 8) Ақауларды анықтау мақсатында механизмдер мен жабдықты жөндеуді жүргізу.
|
Бағалау өлшемшарттары
|
1. Жабдықты жөндеуді жүргізу сатыларын айқындайды.
2. Ақаулық ведомості жасайды.
3. Жабдықтың ақауларын және механизмдердің тозуын айқындайды.
4. Жабдықтың ақаулары себебін талдайды.
5. Жөндеуден кейін жабдықтың жай-күйін тексереді.
|
15 КБ. Өндірістік үрдістегі есептеу-жобалау жұмыстарын орындау
|
15 КМ. Өндірісті жобалау
|
Бұл модуль жылу электр станцияларының жылуэнергетикатық қондырғыларын жобалауға қажетті дағдылар мен білімді, жұмыс өнімділігін сипаттайды.
Модульді оқыған кезде білім алушылар мына білімді меңгереді: жылу электр станцияларының негізгі энергетикалық көрсеткіштерін; электр станцияларының пайдалы әсер коэффициенттерін арттыру әдістерін; энергетика кәсіпорындарын басқарудың негіздері және олардың құрылымын; жылу электр станцияларының жылулық сызбаларын есептеуді; жылу электр станциялары жүктемелерінің жобалау шарттарына сәйкестігін тексеруді; жылытқыштарды, ауасыздандырғыштарды, үздіксіз үрлеп тазалау кеңейткіштерін есептеуін; жылудың жылытуға, вентиляцияға, ыстық сумен жабдықтауға анықтау, жылумен жабдықтау жүйесі, олардың жіктелімін; техникалық судың жылу электр страцияларындағы көздердегі және сумен жабдықтау жүйелеріндегі тұтынылуын; турбиналар мен энергетикалық қазандарды таңдау әдістемесін; басты бу құбырларының сызбасын таңдау және есептеу; дағаралы және тура ағынды қазандар үшін сорғылар типін және ауасыздандырғыштар санын және типін таңдауын; регенерация сызбасының жабдығын таңдауын; еңбекті төлеу және ұйымдастыру саласындағы кәсіпорындарды басқарудың экономикалық механизмінің әрекеттерін.
Модульды оқу кезінде білім алушылар келесі біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді:
станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, және жылу электр станцияларының брутто және нетто пайдалы әрекетінің коэффициентін анықтауға тапсырмаларды шешуді; станцияның негізгі және қосалқы жабдығын есептеуді және таңдауды жүргізуді.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Станцияның жылу есебін орындау.
|
Жылу электр станциялары мен құбыржолдар
Жылу электр станцияларының жыл техникалық жабдығын таңдау
Саланың экономикасы
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Элементтерді қосу сызбасын біледі.
2. Жылытқыштарды, ауасыздандырғыштарды, үздіксіз үрлеу кеңейткіштерін есептеу әдістемесін таңдайды.
3. Турбиналардың бөлімдері бойынша бу кеңеюінің құрылысын біледі.
4. Турбоқондырғы суы мен буының есептік параметрлерін анықтайды.
5. Іріктеу булары мен қуаттылықты жете өндірмеу коэффициенттерін анықтайды.
6. Турбинаның түріне байланысты бу шығынын есептейді.
7. Желілік судың жылытқыштарына кететін будың шығынын анықтайды.
8. Турбина қуаттылығын және турбоқондырғының энергетикалық теңгерімін анықтайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Станцияның негізгі және көмекші жабдықтарын есептеу мен таңдауды жүргізу.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Максималды сағаттық отын шығынын анықтайды.
2. Станцияның отын шаруашылығы жабдықтарын таңдайды.
3. Жылу электр станциялары жылу сұлбаларының жабдықтарын таңдайды.
4. Қоректендіргіш құбыр желілері және басты бу құбырлары сызбаларын таңдауды есептейді.
5. Станцияның техникалық суды тұтыну шығынын есептейді.
6. Тартып үрлейтін қондырғыларды және түтін мұржаларын есептейді және таңдайды.
7. Күл жинау және күлқож жою жүйесін таңдайды және есептейді.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Техникалық-экономикалық негіздеме және сметалық құжаттама үшін есептерді орындау.
|
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Станция құрылысына қаржы жұмсалымын есептейді.
2. Станция коллекторларынан жылудың пайдалы шығуын анықтайды.
3. Жылу және электр энергиясын шығаруға жатқызылған меншікті қажеттіліктердің электр энергиясының жылдық шығынын есептейді.
4. Біртипті және әр типті жабдықтардағы пайдалы әрекеттер коэффициентін және шартты отын шығындарын анықтайды.
5. Станцияның пайдалану шығындарын (ұсталым) есептейді.
6. Электр және жылу энергиясының өзіндік құнының калькуляциясын жасайды.
7. Жылу электр станциясының жүктемелеріне қарай турбиналардың қажетті саны мен олардың типтерін айқындайды.
8. Конденсациялық қондырғының, регенеративтік ысытқыштар мен төкпе сорғыларының, деаэраторлардың, қоректендіру сорғылары жабдығының саны мен типтерін айқындайды .
9. Желілік және қоректендіру суының шығысын айқындайды.
10. Түтін сорпатар мен желдеткіштердің саны мен типін таңдайды.
11. Шаң дайындау, жылу беру және еріту шаруашылығы жабдығының саны мен типін таңдайды.
12. Түтін мұржасының биіктігі мен кертпелерінің стандарттық шамаларын айқындайды.
|
16 КБ. "090603 3 - Техник-энергетик" біліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау
|
16 КМ. Диплом алдындағы практика
|
Бұл модуль дипломдық жобаларды орындау, Техникэнергетик міндеттерін орындау үшін кәсіпорынның режимімен және жабдығымен, кәсіпорынның бөлімшелерінің жұмысымен, жалпы станциялық мақсаттағы цехтармен, материалдарды жүйелендірумен таныс етеді.
Модульды оқу кезінде білім алушылар келесі біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді:
шектес қызметтер және қызметкерлермен қарымқатынас әдістерін қолдануды;
жұмыс ұжымын басқаруды;
жұмыс күнін және жұмыс аймағының талдауын жоспарлауды;
еңбекке ақы төлеу түрлерін анықтау және жұмыс күнінің фотографияларын жасауды;
жұмыс өндірісіне өкім рәсімдеуді;
техникалық қызмет көрсетуге және жабдықты жөндеуге құжаттама рәсімдеуді;
жұмыстарды орындауға жүктелімдерді рәсімдеу және жабуды;
жұмыс орнында нұсқаулық жүргізуді.
|
Оқытудың нәтижесі: 1) Өндірістік бөлімді басқаруды орындау
|
Кәсіптік практика
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1.Өндірістік учаскенің жұмысын орындайды.
2. Жұмыс күнін жоспарлай алады.
3. Жұмыс орнында нұсқаулық жүргізеді.
4. Жөндеу және пайдалану жұмыстарына техникалық құжаттаманы рәсімдейді.
5. Жабдыққа қызмет көрсетеді және жөндеу жүргізеді.
|
Оқытудың нәтижесі: 2) Жылу электр станцияларының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын талдау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Кәсіпорынның энергитикалық қызметтерінің құрылымын біледі.
2. Жұмыс күнінің фотосуретін жасайды.
3. Жалақы түрлерін біледі.
4. Кәсіпорынды материалдар мен қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеді.
5. Техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау үшін экономикалық есептеулерді орындайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 3) Диплом жобасын орындауға материал жинауды жүргізу
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жылу электр станцияларының жылу сұлбаларының есептеу әдістемесін біледі.
2. Жабдықтардың санын және түрін анықтайды.
3. Анықтамалық және техникалық әдебиетпен жұмыс істейді.
4. Технологиялық жобалау нормаларының талаптарын біледі.
5. Дипломдық жобалар үшін материал таңдайды.
|
Оқытудың нәтижесі: 4) Шебердің міндеттерін қайталау.
|
Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі шебердің міндеттерін орындайды.
2. Жабдықтың жұмысындағы ақауларды табады және жояды.
3. Негізгі жылу энергетикалық жабдықтың сызуларын оқиды.
4. Жабдықты жөндеуге наряд-рұқсат жасайды.
5. Істен шыққан детальдардың эскиздерін жасайды.
6. Тозу дәрежесіне қарай детальдардың ақауын іріктеуді жүргізеді.
7. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді және қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды сақтай отырып, бақылауды жүзеге асырады.
8. Жөндеуге құжаттаманы жүргізеді және ресімдейді.
9. Саймандарды, құралдарды және қосалқы бөлшектерді жөндеуді қамтамасыз етеді.
10. нарядтар ресімдейді.
11. Жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.
|