Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік



бет1/4
Дата13.11.2019
өлшемі149 Kb.
#51691
  1   2   3   4
Байланысты:
27.01.2016 жылғы №83 бұйрық өзгеріс 12.04.2018ж. №152(1)



04.05.2018 ЕСЭДО ГО (версия 7.21.2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.

18.05.2018 ЭҚАБЖ МО (7.20.0 нұсқасы) Электрондық құжаттың көшірмесі. ЭЦҚ-ны тексерудің нәтижесі оң.





Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы
Өзгеріс 12.04.2018 жылғы №152 бұйрығымен

«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта,

жалпы орта білімнің жалпы білім беретін

оқу бағдарламаларын, техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің

білім беру бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін

педагог қызметкерлер мен оларға

теңестірілген тұлғаларды және білім

және ғылым саласындағыбасқа да

азаматтық қызметшілердіаттестаттаудан

өткізу қағидалары меншарттарын бекіту

туралы»ҚазақстанРеспубликасы

Білімжәне ғылымминистрінің 2016 жылғы

27 қаңтардағы№ 83 бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы


БҰЙЫРАМЫН:

1. « Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламалары және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы «12» cәуірдегі

№ 152 бұйрығына  қосымша
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «27» қаңтардағы

№ 83 бұйрығымен бекітілген



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламалары және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар)  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің беру бағдарламаларын және арнайы білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын айқындайды.

Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – республикалық апеляциялық комиссия) және тестілеуді өткізу пунктіндегі апеляциялық комиссия -  педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелерімен келіспеу кездерінде даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайтын,  білім беру саласындағы уәкілетті орган мен облыстың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы құратын комиссиялар;

  2. аттестаттау кезеңі – аттестаттау аралығындағы кезең;

  3. аттестаттау комиссиясы – аттестаттау  рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;

  4. біліктілік санаты – осы Қағидалармен айқындалатын біліктілік талаптарына сай келетін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейі;

  5. біліктілік тестілеуі – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған рәсім;

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын ұйым ұйымдастырады және өткізеді. 

  1. кезекті аттестаттау  – әр бес жыл өткен сайын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) үшін мерзімді жүзеге асырылатын рәсім;

  2. қызметтің  қорытындыларын кешенді талдамалық қорытындылау  – келесі көрсеткіштер негізінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыретін  жүйелі, бірізді  және объективті зерделеу: білім алушылардың (тәрбиеленушілер)білім сапасы, іскерлігі мен дағдылары, жетістіктері, сабақ беру (тәрбие беру және оқыту) сапасы және  аттестаттау  кезеңіндегі кәсіби жетістіктері;

  3. мерзімінен бұрын аттестаттау – кезекті аттестаттау мерзімі басталғанға дейін  біліктілік санатын алу үшін үміткер, педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың өз еркімен жазған өтініші негізінде өткізілетін рәсім;

  4. пәндік олимпиадалар, шығармашылық, кәсіби конкурстар, ғылыми, спорттық жарыстар – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізімге енгізілетін іс-шаралар;

  5. педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар  –   «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымды атқаратын тұлғалар;

  6. педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды
    аттестаттау – педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби қызметті орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттілігін белгілейтін, біліктілік санаттарын (растау) беру бойынша бірізді әрекеттердің тәртібі;

  7. педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілігін арттыру –білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оқыту мен сабақ беру сапасын арттыру үшін кәсіби білімін, іскерлігін, дағдыларын және құзыреттілігін жаңартуға, сондай-ақ бұрын алғандарын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін оқыту;

  8. педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың портфолиосы – қызметтің  қорытындыларын кешенді талдамалық қорытындылау  материалдары;

  9. сараптамалық  кеңес  – аттестаттау комиссиясының қарауы үшін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытындылау  бойынша қорытынды жасайтын және дайындайтын жұмыс органы.

  10. CEFR (Common European Framework of Reference,  шет тілді  меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті) –  тіл білу деңгейін  сипаттау үшін қолданылатын халықаралық стандарт;

  11. ұлттық біліктілік тестілеуі – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестілер бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы ортабілімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.

Педагог қызметкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуін білім беру саласындағы өкілетті орган айқындайтын ұйым ұйымдастырады және өткізеді.

  1. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары құрылады: білім беру ұйымындарында, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органда (республикалық ведомостволық бағынысты ұйымдар үшін)  тиісті саланың уәкілетті органдарында.

Аттестаттау комиссиясының құрамы білім беру ұйымының, білім бөлімінің қалалық/аудандық, білім басқармасының, мемлекеттік органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Аттестаттау комиссиясының мүшелері тақ саннан құралады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен төраға орынбасары комиссия мүшелерінің арасынан таңдалады. Хатшы аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

  2. Аттестаттау комиссиясының  құрамына  тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер, ғылыми-педагогикалық кеңестердің,  оқу-әдістемелік бірлестіктердің, біліктілікті арттыру институттарының, қоғамдық және қоғамдық емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, білім беруді басқару органдарының, кадр қызметінің мамандары,өндірістік бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҚР «Атамекен» ҰКП) өкілдері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін), мамандары кіреді.

Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттауды білім беру ұйымдарының және тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.

Тиісті органдарда білікті мамандар болмаған жағдайда білім беру ұйымының басшысы білім беруді басқару органынан педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау туралы өтінішпен жүгінеді.




2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілердіаттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары
1-Параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында  жұмыс істейтін  педагог қызметкерлер мен оларға  теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары


  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында  жұмыс  істейтін  педагог қызметкерлер мен оларға  теңестірілген тұлғаларды(бұдан әрі – аттестатталушы адамдар) аттестаттау кезекті және мерзімінен бұрын болып бөлінеді.

  2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар аттестаттаудан Заңның 51-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кемінде бес жылда бір рет өтеді.

  3. Аттестатталушы адамдаркелесі оқу жылында аттестаттаудан (кезекті және мерзімінен бұрын) өту үшін ағымдағы жылғы 
    25 мамырға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.


  4. Аттестатталушы адамдардыңтізімдік құрамы білім беру ұйымының алқалық органының шешімімен жыл сайын 10 маусымға дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ұсынылады.

  5. Аттестатталушыадамдардың біліктілік санаттарын алу (растау) үшін кезекті атестаттаудан өткізу педагог қызметкерлер қызметінің қорытындысын кешенді талдамалық қорытындылау арқылы бір кезеңде жүзеге асырылады.

  6. Аттестатталушыадамдардың біліктілік санаттарын  көтеру үшін Заңның 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарына сай өтініш негізінде мерзімінен бұрын аттестаттау өткізіледі:

1) екінші біліктілік санатына:

кәсіптік орта (техникалықжәне кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жоғары оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;

«Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;

өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;



      2) бірінші біліктілік санатына:

ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі және магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар;

облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтықтан) облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын даярлаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;



      3) жоғары біліктілік санатына:

облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларын даярлаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың қатысушылары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

облыстық немесе республикалық немесе халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

біліктілікті арттыру жүйесінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жылдық педагогикалық жұмысы өтілі, бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

магистр академиялық дәрежесі және кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар, ЖОО-дан білім беру ұйымына педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар;

өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде бес жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттау олардың біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуі ескеріле отырып өткізіледі.



  1. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер тұлғалар екі кезеңдік аттестаттаудан өтеді:

  1. бірінші кезең – біліктілік тестілеуі;

  2. екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

  1. Біліктілік тестілеуін жыл сайын 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім беру саласындағы уәкілетті орган, қарамағында білім беру ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым өткізеді.

  2. Тестілеудің өткізілу мерзімі аттестатталушы адамдарғатестілеу рәсімін өткізуге кемінде 2 апта қалғанда хабарланады.

  3. Аттестаттау барысында біліктілік тестілеуіне жататын еңбек қызметі бейіні бойынша бағыттар тізбесі білім туралы құжат бойынша біліктілігіне сәйкес анықталады.

  4. Біліктілікке тестілеу жүз тестілік тапсырмадан тұрады:

«Қызмет бағыты бойынша» – жетпіс тапсырма;

«Педагогика,оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

Біліктілік тестілеуініңжалпы уақыты екі жүз отыз минутты құрайды.

«Қызмет бағыты бойынша»- 50%, «Педагогика және оқыту әдістемесі» бойынша - 50% дұрыс жауап алынса, тестілеу нәтижесі оң деп есептеледі.



Тестілеу кезінде 50 %-дан кемнәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған аттестатталушы адамдар бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді.

Дәлелді себептер мыналар болып табылады:

  1. ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын);

  2. жүктілік және бала туу, бала күту демалысында болу;

  3. шетелде қызметтік іссапарда болу.

  1. Қайта тестілеу кезінде 50%-дан кемнәтиже көрсеткен аттестатталушы адамдараттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді. Тестілеуден табысты өткен аттестатталушы адамдар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі.

  2. Тестілеу аяқталған соң нәтижелері бойынша ведомость білім беруді басқару органдарына жолданады,сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымның ресми сайтына орналастырылады.

  3. Біліктілік тестілеуінің нәтижесі бір жылға жарамды.
    Өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар біліктілік тестілеуінен босатылады.


  4. Аттестатталушы адамдар қызметінің өтініш берілген біліктілік санатына сәйкестігін кешенді талдамалық қорытындылау жүргізу үшін білім беру ұйымы, аудандық (қалалық) білім бөлімдері, білім басқармалары, мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен 1 қаңтардан 1 наурыз аралығында сараптамалық кеңес құрылады:

екінші біліктілік санатына – білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылған сараптамалық кеңес, оның құрамына: әдістемелік бірлестіктер, кафедралар, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақ, ата-аналар қоғамы, жұмыс берушілер өкілдері, білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін әдіскерлер мен тәжірибелі педагог қызметкерлер кіреді;

бірінші біліктілік санатына – аудан (қала) деңгейінде ұйымдастырылған сараптамалық кеңес, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, ауданның (қаланың) тәжірибелі педагог қызметкерлері, біліктілікті арттыру жүйесі, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақ, жұмыс берушілер, ата-аналар қоғамының өкілдері кіреді;

облыстық маңызы бар білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың бірінші біліктілік санатына және жоғарғы біліктілік санатына – облыстық деңгейде ұйымдастырылған сараптамалық кеңес, оның құрамына: «Атамекен» ҰКП, әдістемелік кабинеттер, біліктілікті арттыру жүйесі, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақ, жұмыс берушілер өкілдері, облыстағы тәжірибелі педагог қызметкерлер кіреді.

Аттестатталушы адамныңқызметінің өтініш берген біліктілік санатына сәйкестігін белгілеу үшін сараптама кеңесінің қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:

1) аттестаттауға өтініш;

2) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері:

жеке басты куәландыратын құжат;

білімі туралы диплом;

қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаты;

бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;

біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар;

3) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда):

педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасау;

педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың қызметінің кешенді талдамалық жинақтаудың қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, әріптестер мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базаларының басшылары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат;

педагогикалық қызмет нәтижелері: аттестатталушы адамның, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, спорттық, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, байқауларға, жарыстарға, ойындарға қатысуы, марапаттау материалдары;

соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің динамикасы (мерзімінен бұрын аттестаттауда – 1-2 жыл).



  1. Сараптамалық кеңес әрбір аттестатталушы адам бойынша қорытынды (аттестаттауға ұсыну (ұсынбау) шығарады.

  2. Тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары аттестаттау процесінде:

  1. аттестатталушы адамдақызметініңқорытындыларын қарастырады және талдайды;

  2. аттестатталушы адамдардың кәсіби құзыреттілігін бағалайды. Аттестатталушы адамдардың біліктілік санаттарын беруді (растауды) тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады:

  1. білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде педагогтердің екінші біліктілік санатын бекітеді, бірінші және жоғары санатты беру (растау) үшін педагогтердің материалдарын дайындайды;

  2. аудандық (қалалық) білім бөлімінің аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде педагогтердің бірінші біліктілік санатын бекітеді, жоғары санатты беру (растау) үшін педагогтердің материалдарын дайындайды;

  3. облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде педагогтерге жоғары біліктілік санатын береді (растайды).
    Аттестатталушы адамдарғабірінші және жоғарғы біліктілік санатын білім беру саласындағы уәкілетті орган береді (растайды).

Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссиясының қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. аттестататтудан өтуге арналған өтініш

  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  3. білімі туралы дипломның көшірмесі;

  4. біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесін;

  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

  6. бұрын берілгенбіліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі (растау) (жоғары білім беру ұйымынан өткен және біліктілік санаттары жоқтардан басқалары).

  7. тестілеу нәтижелері бар ведомость (жедел өтушілер үшін);

  8. сараптамалық кеңестің қорытындысы.

22.Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысушы мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысқан кезде қабылданды деп саналады. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады.

Аттестаттау комиссиясының шешімі барлық мүшелер қол қоятын тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді. Тиісті деңгейдегі басшы шешімінің қорытындылары бойынша бұйрық шығарылып, кейіннен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау) үшін аттестатталушы адамды аттестаттау туралы куәлік беріледі.

Аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымының әрбір педагог қызметкері және оған теңестірілген тұлғалар бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) өтінім берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;

2) өтінім берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді.

Даулы мәселелер туындаған жағдайдатиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы алқалы түрде шешім қабылдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет