Білім кілті кітапхана. Кітапханаға саяхат жасау



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі26,97 Kb.
#85389
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
08.09.20
АКТ реферат, АКТ реферат, 204790
Қазақстандағы оқу жүйесі
Балалар мектепке барғанша 6 немесе 7 жасқа дейін балалар бақшасына барады. Білім беру біздің елде жеті жастан басталады, сонда бала бастауыш мектепке барады. Орта білім 5-сыныптан басталады, онда балалар әдебиет, тарих, жаратылыстану ғылымдары сияқты көптеген жаңа пәндер өтеді. Емтихан 9-шы және 11-ші сыныптарда өткізіледі. Кейбір оқушылар 9-сыныптан кейін мектепті тастап, кәсіптік-техникалық колледждерде оқуын жалғастыра алады.
Қазақстанда негізгі типтік мектептен басқа да орта типтік мектептер бар. Бір пәнді, мысалы, шет тілін, әдебиетті, физиканы т.б. пәндерді әрі тереңдетіп, әрі жедел оқытатын арнаулы орта мектептер де жоқ емес. Сонымен бірге мамандандырылған музыкалық, балет, көркем сурет және спорттық мектептер бар. Олар аса дарынды балаларға арналған. Мүгедек балаларға да арнаулы мектептер бар.
Орта білім алу біздің елімізде тегін. Жаңа типті орта мектептердің арасында гимназия, колледж және лицейлер де бар. Олардың көбі ақылы оқу жүйесіне көшкен.
Жоғары оқу орындарының арасында, елімізде институт, жоғары білім беру мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді. Қазақстанның жоғары оқу жүйесі 1992 жылдан бастап батыс елінің үлгісімен төрт жыл оқытып – бакалавр және қосымша екі жыл оқытып – магистр дәрежесін алады. Жлғары оқу орнына түсу үшін міндетті түрде сол оқуға түсу алдындағы сынақтан өтуі керек. Тегін жоғары білімді республикалық тестен өткен талапкерлер ғана ала алады. Басқа жағдайларда оқу негізі ақылы.


г) 1-ережемен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет