«Облыстық оңалту орталығының» Тіл дамыту «Бүлдіршін» қазақ тобының педагог-дефектологы Тұрмаханбетова Құрбанкүл Шегебайқызы
Логопед дефектолог: Тұрмаханбетова Қ.Ш.
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Тіл дамыту
Тақырыбы:«Ойыншықтар әлемі»
Мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы түсінік беру. Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға дағдыландыру. Тілдік қорын дамыта отырып байланыстырып сөйлеуге және сөздік қорын молайтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: Суреттер , қима қағаздар, ойыншықтар.
-
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Апайларды құрметтеп,
Бас иеміз біз
Шаттық шеңбері.
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Партаға отыру.
Балалар бүгін ерекше күн. Бүгін тіл дамыту сабағынан «Ойыншықтар әлемі» атты сабақ өтеміз.
Сұрақтар
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі
Қыс мезгілінде қанша ай бар?
3 ай, желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Бүгін аптаның қай күні?
...................
Қазір қандай сабақ өтеміз?
Әдетте сабақты неден бастаймыз?
Артикуляциялық жаттығулар
«сағат», «саңырауқұлақ», «кесе», «төбешік»,
Тыныс алу жаттығулары
«ақ ұлпа»
|
Жаңа сабақ
Балалар сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
Ия, қуыршақ, машина, доп, аю, қоян т.б.
Ендеше «Ойыншықтар әлемі» дүкеніне барып ойыншықтар сатып әкеліп ойнаймыз ба?
1-тапсырма. Ойын «Дүкен»
1. Саламатсыз ба? Машина қанша тұрады ?
Сатушы: 4 теңге
2. Қуыршақ қанша тұрады?
Сатушы:3 теңге
3. Аю қанша тұрады?
Сатушы:5 теңге
Сіздерде үйге жеткізу бар ма?
Сатушы:Жоқ
Бір балаға ойыншық жетпей қалады.
Қашан ойыншық әкелесіз?
Ертең
Олай болса өзіміз ойыншық жасап ойнайықшы.
Сергіту жаттығуы
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп,
Бір отырып тұрайық.
2-тапсырма. Балалар партада отырып ойыншықтар жасайды. Мысық, күшік, қоңыз, қоян т.б.
Ойыншықтарды көрмеге қоямыз.
3-тапсырма. Ойын «Жоқ бөлігін тап»
Тақпақтар
Добым, добым домала
Балшыққа сен жолама
Бүлдіресің қолымды
Жек көремін соныңды
Ойыншығым қуыршақ
Не берсемде жемейді
Еркелегі соншама
Көтермесем жүрмейді
Ойыншығым қонжығым
Анасында білмейді
Қорбаңдаған аюды
Түсінде де көрмейді.
Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем
Кабинаға сыймаймын
Сабақты қорыту.
Сабақты қорыту?
Не туралы айттық?
Не жасадық?
Ойыншықтарды қалай ұстаймыз?
|
Достарыңызбен бөлісу: |