Мемлекеттің типтері:
Басқару формасы бойынша
монархиялық:
абсолюттік
конституциялық
республика:
президенттік
парламенттік
аралас
Саяси режимі бойынша:
тоталитарлық
авториторлық
демократиялық
Әкімшілік-территориялық ұйымдастыруы бойынша:
унитарлық
федерациялық
конфедерациялық
Приоритеттік функциясы бойынша:
әскери (полициялық)
құқықтық
әлеуметтік
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік биліктің қызметі және ұйымдастыру формасы, оған мемлекеттің өзі, барлық әлеуметтік қауымдастықтар, жекелеген индивидтер құқықты сыйлап оған деген қатынастары бірдей болады.
Құқықтық мемлекеттің айрықша белгілері:
қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның үстемділігі
заң алдында барлығының теңдігі
тұлғаның құқығына кепілдік, оның еркін дамуына мүмкіндік
мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі
билікті заң шығарушы, атқарушы, сот деп бөлудің принциптері
азаматтық қоғам
Әлеуметтік мемлекет – мемлекет биліктің өзіне тән ұйымдастырылу формасы, азаматтардың тұрмыс-жағдайына қамқорлық, өмір сүруіне лайықты жағдайлар туғызу, олардың талаптарының іске асырылуына тең мүмкіндік және тіршілік ортасына жағымды жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғам – бұл демократиялық мемлекеттердегі адамзат қауымдастығының қалыптасуы және дамуы, өз еріктерімен қатысып құрылған мемлекеттік емес құрылымдар сеті (бірлестіктер, ұйымдар, ассоциялар, одақтар, орталықтар, клубтар, фондалар) қоғамның өміршеңді барлық салаларының және мемлекеттік емес қатынастарының жиынтығы – экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |