Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Жалпы саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты ықпал етуi мүмкiн



бет35/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)

Жалпы саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты ықпал етуi мүмкiн
1 Саяси мәдениет ықпалымен саяси өмiрдiң дәстүрлi формалары өндiрiлуi мүмкiн;
2 Саяси мәдениет әлеуметтiк және саяси өмiрдiң қоғам үшiн жаңа, дәстүрлi емес формаларын өндiруi мүмкiн;
3 Саяси құрылыстың өткендегi және жаңа элементтерiн бiрiктiруi мүмкiн.
Саяси өмiрде саяси мәдениет белгiлi бiр қызметтер атқарады:
1 Танымдық қызметi  қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптердi танып бiлуге үйретеді және субъектiнi саяси салада табысты жұмыс iстеуіне керектi бiлiммен, қоғамды басқару әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады;
2 Етенелесу қызметi  адамдардың белгiлi бiр әлеуметтiк қауымдастыққа жатуын, әрi сол топпен өзiнiң мүдделерiн жақындастыруын, сол топпен саяси өмiрге белсендi араласуын түсіндіреді;
3 Әлеуметтендiру қызметi  адамның қандай да бiр саяси билiк жүйесiнде өзiндiк саяси құқығы мен саяси қызметiн, мүдделерiн iске асыруға қажеттi дағдылар мен қасиеттердi игеруiн қамтамасыз ету;
4 Реттеушiлiк қызметi  бұл саяси мәдениеттiң адам мiнез-құлқына әсерi, олардың iшкi және халықаралық өмiрдiң саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазiргi саяси жүйенi, саяси қайраткерлердi, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерiн бағамдау, әлеуметтiк-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу;
5 Тәрбиелiк қызметi  бұл саяси бiлiмдердi игеру жеке адамның интеллектуалды дамуына, дүниетанымының кеңеюiне, мүдделердi қорғауға, қоғамдық-саяси әрекетке, қимылға белгiлi тұлғаның қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзiнiң көрiнiсiн әлеуметтiк белсендiлiктен табады;
6 Интегративтiк (бiрiктiрушiлiк) қызметi  саяси мәдениет өмiр сүрiп отырған саяси жүйенiң тiрегi қызметiн атқарады. Саяси мәдениет қоғамның көпшiлiгiнiң өмiр сүрiп отырған саяси жүйенi қолдауын қамтамасыз ету арқылы оларды бiрiктiру мақсатында қызмет етедi;
7 Коммуникативтiк (қарым-қатынас) қызметi  өмiрде үстемдiк алған саяси сана мен мiнез-құлықты жаңа ұрпаққа жеткізу және беру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет