Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Саяси сананың атқаратын қызметтері



бет37/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)

Саяси сананың атқаратын қызметтері:
1. қоғамдық сана саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелейді;
2. субъектілердің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы, оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар береді;
3. саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру және іс-әрекеттерге итермелеу.
Саяси сана қарапайым саяси сана, теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстык) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүр, нанымдар жиынтығы. Ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана саяси тұжырымдар мен көзқарастарды теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді және олардың жүйесін қалыптастырады. Теориялык саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.
Саяси психологияға саяси өмір негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады.


Cеминар №13. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы.


Сабақтың жоспары:

    1. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты. Әлеуметтік саясаттың жаңа кағидалары. Мемлекеттілікті әрі карай бекіту және Қазақстандық демократияның дамуы.

    2. ҚР сыртқы саяси мен аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті нығайту. Экономикалық және сауда дипломатиясының дамуы. Күшті және сәтті мемлекет. Демократияландыру мен либералдандырудың тұрақты процесі. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясы.

    3. КР Мемлекеттік жастар саясаты, оны жүзеге асырудың ерекшеліктері. Студенттік жастар саясатының нысаны ретінде. Жастардын саяси қатысуы. Жастар ұйымдары. Қазіргі жастардың саяси мәдениеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет