Демократия концепциясы, оның негiзiн салушы А. Токвиль. Демократия концепциясы негiзiнде құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы сияқты iлiмдер қалыптасты.
Бюрократия концепциясының дамуына М. Вебер, Р. Мертон, С. Липсет еңбектерi ықпал етті. Олар еңбектерiнде бюрократияның қызметi мен құрылымын жан-жақты зерттеді. Бұл теориядағы маңызды нәрсе бюрократиялық билiктi заңдастыру және демократиямен қарым-қатынасы туралы мәселе болып табылады.
Тоталитаризм концепциясы. Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х. Арендт, австро-американ ғалымы Ф. Хайек, орыс ғалымы Н. Бердяев еңбектерiнде жазылды.
Саяси зерттеу әдістері.
Жүйелiк әдiс
Салыстырмалы әдіс
Тарихи тәсіл
Бихевиористiк тәсiл.
Шешiмдер қабылдау әдiсi
Социологиялық әдіс
Саясаттануда іскерлік ойын әдісі
Саяси ғылымның функциялары:
1 Танымдық қызметi
2 Бағалау (аксиологиялық) қызметi
3 Саяси әлеуметтендiру қызметi.
4 Реттеушiлiк, басқарушылық қызметi.
5 Саяси өмiрдi жетiлдiру қызметi.
6 Болжау қызметi.
Бұл қызметтерiн қоғамда саясаттану мына мiндеттерiн орындау арқылы жүзеге асырады:
қоғамдық-саяси күштердiң бiрiгуi қағидаларын, жолдарын, жағдайын анықтау;
саяси жүйенi демократияландырудың негiзгi бағытын, формалары мен әдiстерiн әзiрлеу;
құқықтық мемлекет пен өзiн-өзi басқарушы мемлекеттiк құрылысқа өтудiң ең тиiмдi жолын анықтау;
ұлттық-этникалық шиеленiстердi, қоғамдық ұлттық-мемлекеттiк құрылысты шешудiң жетiлген жолдарын белгiлеу;
азаматтардың саяси мәдениетiнiң теориялық және практикалық аспектiлерiн зерттеу, адамдарды әлеуметтiк-саяси жауапкершiлiк рухында тәрбиелеу жолдары мен формаларын анықтау;
халықаралық қатынастардағы жалпы адамзаттық және мемлекеттiк мүдделердiң тиiмдi қойылуын анықтау.
Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.
Достарыңызбен бөлісу: |