Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Cеминар №1. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану



бет3/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)

Cеминар №1. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану


Сабақтың жоспары:

  1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны мен рөлі.

  2. Саясаттанудың қалыптасуы мен даму тарихы.

  3. Саясаттану пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  4. Саясаттанудың негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.

  5. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

  6. Саясаттанудың негізгі мектептері.

  7. Саяси зерттеу әдістері.

  8. Саяси ғылымның функциялары.

  9. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.



Сабақтың мазмұны
Мемлекеттiк маңызға ие болатын саяси, әлеуметтiк мәселелер зерттеу объектiсi болып табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң болашақ дамуы үшiн маңыздылығы зор. Қоғамымыздың саяси жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір азаматтың саяси мәдениетінің барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт.
Саяси білімдер жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне көшiру баспалдағы және жас азаматтың саяси көзқарастарының iргелi негiзiн құрайтын, қоғамдағы бiрлiктi, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дүниетанымы мен саяси бағдарын қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. Саяси ғылымдарының негiздерiн меңгеру қазiргi өтпелi қоғам жағдайында еркiн бағдар ұстап, белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және сыртқы саясаттың сыр сипатын, қилы құбылыстарды жете ұғынуға, басқа адамның құқықтарын қадiрлеуге, өркениеттi түрде өзiнiң мақсат мүддесiн бiлдiруге жол ашады. Саясаттану саяси төзiмдiлiкке, келiсiмге, серiктестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-жанжалды дер кезiнде шешудi, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi. Жастардың отаншылдық және патриоттық сезімдерін қалыптастырады және дамытады. Саясаттану жастарды саясат пен саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде хабарлар етеді.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либор «Тарих және саяси ғылым» кафедрасын ашты. Кейінен 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың «Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы», 1903 жылы «Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы» құрылды.
1896 жылы «Саяси ғылымдар элементтері» аты классикалық еңбек жарыққа шықты. Г.Моска бұл еңбегінде «саяси ғылымдар» ұғымын ғылыми білімнің дербес бір саласы және жеке пән ретінде қолданды.
XX ғасырдың басында саясаттану дербес академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылым халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған «Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы» зор рөл атқарды.
Саясаттанудың негізгі категориялары.

  1. «Саяси»

  2. Саясат

  3. Билiк

  4. Саяси жүйесi

  5. Азаматтық қоғам

  6. Мемлекет

  7. Саяси партия

  8. Саяси мәдениет

  9. Саяси режім



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет