Хх ғасырдың 50-70 жылдарындағы көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының қыр-сырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталады



Дата12.10.2022
өлшемі0,89 Mb.
#152751
Байланысты:
Педагогикалық іс-әрекет


Педагогика
лық іс әрекет, технология, шеберлік

Жоспары:


ХХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының қыр-сырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталады:
  • педагогикалық іс-әрекет құрылымы (Н.В:Кузьмина, А.И.Щербаков т.б.);
  • педагогикалық техника (Ю.П.Азаров т.б.);
  • мұғалім профессиограммасы (С.А.Сластенин, О.А.Абдуллина т.б.)

Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі – мұғалім.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:
  • Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
  • Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет. 
  • Іс-әрекет субъект – субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады. 
  • Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілетін педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашықта ғана айқындалады. 

Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.Д.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.

Мұғалімнің кәсіби негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: *оқушыларға деген сүйіспеншілігі, *педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы, *бақылағыштылығы, *педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы, *педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, *қарым-қатынас жасай алуы, *ұжымшылдығы, *шығармашылығы 

Педагогикалық іс- әрекет тәсілдері: 

Педагогикалық іс- әрекет нәтижесі

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оны тұлға ретінде, іс- әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет