2. Әр түрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметi. Әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерi әр түрлi болып қана қоймай, ол қарама-қайшылықты болуы да мүмкiн, сайлау тұрғындардың әр түрлi топтары мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметiн атқарады. Сайлау алды күрес саяси бағытты халық бұқарасы қолдайтын бағытта құруға мәжбүр етедi. Мұнда сайлау әлеуметтiк конфликттердi институттандыру мен шешудiң тәсiлi болып табылады. Яғни конфликттер ашық, жария жүргiзiледi, ал бүкiл қоғам оның судьясы болады, әдiл бәсекелестiк күрес өтедi.