Кіріспе
«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың мақсаты: – студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саясаттану пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.
«Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтардың негізгі міндеттері:
- студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу;
- қоғамның саяси өмірінде болып жатқан өзгерістермен таныстыру;
- саяси процестер мен құбылыстардың даму қарқыны жөнінде, саясаттанудың басты феномені – саяси биліктің негізгі механизмдері мен тармақтарының қызметі жөнінде және т.б. мәлеметтер беру;
- саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың бағдарламалары мен жұмыс бағыттарын түсіндіру;
- қоғамның саяси жүйесінің басты элементі болып табылатын мемлекеттің, оның түрлерімен және қызметтерімен таныстыру;
- Қазақстандағы қалыптасқан басқару формасының түрімен, құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерімен, демократияның қалыптасу шарттарымен, азаматтық қоғаммен, Конституциямен, заңдар жинағы және нормативтік актілермен таныстыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |