Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет5/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Саясат функциялары – бұл қоғамдағы саясаттың белгілерін көрсететін процестердің жиынтығы. Саясаттың негізгі функциялары:
• қоғамның барлық топтары мен құрылымдарының билікке қатысты қызығушылықтарын бөліп көрсету
• әр түрлі халықтың интеграциясын, қоғам жүйесінің тұтастығын, тұрақтылығын, тәртібін қолдау.
• пайда болған қарама- қайшылықтарды шешу, қоғамдық процестерге жетекшілік ету және оны басқару.
мемлекет пен қоғам арасын өзара өркениетті қарым – қатынаспен қамтамасыз ету
• жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру
Саясаттың субъектісі: жеке тұлғалар, әлеуметтік таптар мен топтар, ұйымдар, мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысушылар немесе оған ықпал етушілер. Саясат субъектісін шартты түрде үш деңгейге бөліп қарауға болады:
әлеуметтік – тұлғалар және әр түрлі әлеуметтік таптар, оның ішінде жеке тұлға, кәсіби топтар, ұлттар, класстар, элита және т.б.
институционалдық – мемлекет, партиялар, кәсіподақтар, саяси қозғалыстар, институтционалдырылған әр түрлі топтар және т.б.
функционалдық – саясаттқа бірқатар ықпалы бар, саяси емес міндеттерді орындауға арналған әлеуметтік институттар (діни мекемелер, корпорациялар, спорттық ұйымдар, оқу орындары және т.б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет