Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Студенттерге берілетін тапсырмалар



бет6/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Студенттерге берілетін тапсырмалар:
1 тапсырма. Саясаттану ғылымының қызметтерінің анықтамалары:






Қызмет түрі

Анықтамасы

1

Танымдық қызметi




2

Бағалау /аксиологиялық/ қызметi




3

Саяси әлеуметтендiру қызметi




4

Реттеушiлiк, басқарушылық қызметi




5

Саяси өмiрдi жетiлдiру қызметi




6

Болжау қызметi




2 тапсырма. Төмендегі кестені толықтырыңыздар:






3 тапсырма. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдармен байланысын анықтаңыз:






Пәндер

Байланысы

1

Философиямен




2

Экономикалық теориямен




3

Құқықтық ғылымдармен




4

Әлеуметтанумен




5

Тарихпен






4 тапсырма. Саясаттану ғылымының зерттеу әдiстерiн анықтаңыз:






Әдіс түрі

Анықтамасы

1

Шешiмдер қабылдау әдiсi




2

Құрылымдық-функциональдi әдiс




3

Нормативтi-құндылықтық әдiс




4

Жүйелiк әдiс




5

Бихевиористiк тәсiл




6

Сандық әдiстер






5 тапсырма. Саясаттану ғылымының негізгі парадигмаларын анықтаңыз:






Парадигма

Анықтамасы

1

Тиiмдi-сыни




2

Натуралистiк




3

Теологиялық




4

Әлеуметтiк




Cеминар №2. Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы


Сабақтың жоспары:

  1. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

  2. XІX ғасырда өмір сүрген қазақ ағартушыларының саяси ойлары.

  3. ХХ ғасырдың басында тарих сахнасында ерекше орын алған қазақтың ұлттық зиялыларының саяси көзқарастары



Сабақтың мазмұны:
Қазақ мемлекетінде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдар жүйесі болған. «Жеті жарғы» тек құқықтық қалыптар жинағы емес. Онда әртүрлі діни, тәлімдік, әдептілік, қарым-қатынастық мәселелер, яғни қоғамның барлық мәдени-әлеуметтік өмірі қарастырылған. Оған қоса айтарымыз бұл тарихи құжатта алғашқы рет қазақтардың саяси құндылықтары стандартталынды, жүйеленді, қалыптандырылды. Бұл өркениеттілікке қарай жасалынған біршама қадам болатын. Бірнеше ғасырлар бойы хандық билікте болған қазақ жері «дала демократиясының» өзіндік тәжірибесінен өтті, бұл өте құнды рухани-саяси мұра болып табылады.
Қазақ зиялылары туралы сөзді XІX ғасырда өмір сүрген қазақтың ағартушыларынан бастаған жөн сияқты. Өйткені, олар өздерінің шығармашылығын әлемдік деңгейдегі мәдениет көздерінен сусындап отырып өрбіткен, іс-әрекеттерін әлеуметтік, саяси дамудың принциптеріне, үрдістеріне сай екшеп отырған. Өз заманының керемет саясаткері, этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов қазақ елінің саяси өміріндегі кейбір мәселелердің шешімі ұлттық-этникалық жетілуде екенін пайымдаған. Сондықтан сол халықтың ішкі мүмкіндіктерін ашудың бірі этносаралық қатынастарды, ұлттық мәдениеттерді жақындату екенін байқайды. Ш. Уәлиханов «Сот реформасы жайында хат» атты саяси тұрғыда жазылған еңбегінде қазақтың ел билеу тәжірибесіндегі маңыздылықтар қатарына мыналарды жатқызды: қазақтың әдет-ғұрып заңын; билер институтын; халықтық сайлауды әділетті өткізу. Жетілмеген саяси жүйенің қозғаушы күші сол халықтың белсенділігін, білімділігін арттыруда екеніне де баса назар аударады. Бұл идеяны өзінің шығармашылығы арқылы дәлелдеуге тырысады. Ы.Алтынсарин көтерген бастама (оқудың, білімнің қадірін көтеру) өз заманындағы ұлттық идеямен парапар болатын. Өйткені ол саяси күреске, тәуелсіздік алуға дайын емес халықты алдымен сауаттандыру керек екендігін түсінген еді. Міне, соның арқасында келесі ғасырларда қазақтар білімділігі жоғары, сауатты халықтардың қатарына қосылды. А.Құнанбаевтың «Қара сөздері» түркі халықтарының даналығының бір биігі болатын. Өз халқының әлеуметтік, саяси жағдайына жаны ашыған көреген ақын өз шығармашылығында көп мәселені шешуді мәдениеттен, руханилықтан бастауды тұжырымдайды. Еркіндіктің қайнар көзі халықтың дүниетанымында екеніне назар аударады.
А. Құнанбаев 41-ші қара сөзінде ұлттың ішкі бірлігін, тұтастығын нығайту үшін мықты үкімет құрылуы керек екендігін және сол үкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке тартуға міндетті екені айтады. Сонымен қатар, үкімет, билік басындағы адамның материалдық жағдайының жақсы болғанын қалады. Өйткені, бұл тұжырым биліктегі адам күнделікті күйкі тірліктің мәселелері деңгейінде алаңдамауы қажет деген ойдан туындаса керек.
ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына қазақтың ұлттық зиялыларының үлкен бір тобы келеді. Бұл топ кейін «Алаш» қозғалысын ұйымдастырып, халықтың саяси мүддесін жаңа заман туғызған саяси құндылықтар ауқымында тұжырымдай бастайды. Олардың арасынан ірі тұлғалар Ә. Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты, Х. Досмұхамедовты, М. Дулатовты, М. Тынышпаевты, М. Шоқайды және т.б. атап көрсетуге болады. Бұл ұлттың алдыңғы қатарлы өкілдерінің көзқарастары сол тарихи кезеңдегі саяси ахуалға сәйкес қайшылықтардан бастау алады. Қазақ жеріндегі қалыптасқан саяси санада екі, бір-бірінен сапалы түрде айырмашылығы бар саяси бағдар қалыптасады. Біріншісі, ұлттық-діни құндылықтарға бет бұрып, мұсылмандық шарттарға арқа сүйеу арқылы дамуды көксесе, екіншісі, ұлттық-либералдық құндылықтарды қолдайды, яғни батыстық бағдарды ұстанады (екінші бағыттағылар Ресейдегі демократтарға жақын болуға тырысады және соны жақтайды). Сол кезеңнің саяси элитасы өздерінің бағдарламаларында төмендегідей саяси құндылықтардың маңыздылығын атағаны жөнінде «Қазақ» газетінде материал жарық көреді.
 тең құқылық (дініне, шығу тегіне және жынысына қармастан адамдар тең құқылы);
 жеке бастың еркіндігі (мемлекет шенеуніктері кімді болса да заңсыз жолмен тұтқындай алмайды);
 сөз, ұждан бостандығы (жиналыстар өткізу, бірлестіктер өткізу, бірлестіктер құру, сөз сөйлеу, газеттер шығару, кітаптар басу бостандығы);
 сот әділдігі (соттың талқылауынсыз және шешімінсіз бас бостандықтан айыруға болмайды) және т.б. демократиялық елдерге тән либералдық құндылықтарды саяси өмірге ендіруге талпынады. Бұл қазақ даласындағы әрбір азаматтың тұлғалық қадірін, абыройын қорғауға деген нақты қадамдар болатын. Осындай құқықтық тұрғыдан қорғауға деген талпыныс қазақ зиялыларының саяси мәдениеті деңгейінің біршама жоғары болғанын танытады. Сонымен қатар, отарлық жағдай қазақ жерінің көптеген саяси-азаматтық проблемаларының болғанын білдіреді.
Ресей оқу орындарында білім алған қазақ зиялылары ұлт мәдениетінің дамуындағы қайшылықтарды терең түсініп, оның тұптамырын ұлттың тәуелсіздігімен байланыстырады. «Ұлттық тәуелсіздік» – саяси құндылық ретінде XX ғасырдың басында саяси сананың басты іргетасына айнала бастады. Бұл қазақтың қоғамдық-саяси болмысындағы Ақпан және Қазан революциясына дейінгі өзіндік дүмпуі болатын. Ресей империясы үшін де, кейін келген Кеңес үкіметі үшін де бұл әрекеттер ұнамды үрдістер ретінде қабылданған жоқ. Большевиктердің ұсынған саяси құндылықтары қоғамдық санада біркелкі қолданыс алмаған болатын. Бұл жағдай революцияларға дейін қалыптаса бастаған болатын. Оны Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың және т.б. қазақ зиялыларының саяси көзқарастарынан байқауға болады.
1913 жылы қазақ қоғамының саяси, мәдени мүдделерін жоқтайтын жалпы ұлттық саяси басылым «Қазақ» газеті ұйымдастырылады. Бұл халықтың шынайы саяси, мәдени құндылықтарды, бағдарларды ресми анықтау мақсатындағы үлкен қадам болды. Өйткені, бұл басылым тек қана жаңалықтарды жеткізуші орган емес, сонымен қатар ұлт-азаттық қозғалысы идеологиясының негізін салушы орталыққа айналады. Сөйтіп, саяси аномияда өмір сүріп жатқан қалың қазақтың саяси құндылықтар жүйесіне жаңа ұғымдар, түсініктер ене бастайды, ұлттың өзін-өзі етенелестіру талпыныстарында біршама өзгерістер пайда болады. Әрине, феодалдық бытыраңқылық ондаған жылдар бойы қалыптасқан отарлану дәстүрі өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да болар М. Дулатов өзінің өлеңдер жинағын «Оян қазақ!» деп атайды. Бұл оятушы рөлді қазақ зиялылары атқарғанына шүбә келтірмейміз. Себебі, сол азаматтардың саяси белсенділігінің арқасында халықтың тарихи зердесінде жаңа саяси ұстанымдар мен нұсқалар орныға бастады. Бұл ұлттық идеяның жүзеге асуына көп кедергілер болған кезең болса да, келешектегі ұрпақтар үшін қажетті үлкен саяси-рухани мұра болатын. Кеңес үкіметі билікке келгеннен кейін М. Шоқай бастаған қазақ зиялылары «Түркістан ұлттық тәуелсіз мемлекетін» құру әрекетіне кіріседі. М. Шоқай қазақтың алғашқы саяси эммигранты ретінде ерекше тұлға. Ол көптеген еңбегін «бөлінбейтін біртұтас Түркістан» идеясына арнайды. Алашордалық зиялылармен үндес болған М. Шоқай кеңестік-жетекші билікті ұстанған алдыңғы қатарлы тұлғалар Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, С. Садуақасов сынды азаматтардың ой-пікірлерінің құнды жақтарын көре білді.
Сөйтіп, жаңа заман өзгерістері қазақ зиялылар арасында, жалпы саяси таңдауды қажет еткізді. Көптеген алашордашылдар «пантюркизм», «панисламизм» идеясында деп айыпталды, қуғынға ұшырады. Бұл да тарихи кезеңнің өзіндік сипаты болатын. А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың пікірлері бойынша, «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясы дұрыс делінсе, Ә. Бөкейханов «Ресей республикасының құрамындағы федеративті, демократиялық, парламенттік қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы» құрылғанын қалады.
Қазақ жері «теңдік пен әділдікті әкелетін социализмнің» орнына ұлттық келбетін, өмір салтын жаншитын қоғамның келгенін сезінді. Үлкен зұлмат 1937-1938 жылдары келіп, халықтың бетке ұстар қаймағы болып есептелетін М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров сияқты қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалар тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Олардың шығармашылығында әдеби көркем образ бен саяси идеялар астасып жататын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет