№ 3 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Сөз сөйлеу
Тапсырма:
Сөз сөйлеуге іштей қалай дайындалу керек?
лдымен, қанша уақыт сөйлейтініңізді толық біліп алыңыз. Соған қарап дайындалыңыз. Әдетте, жұрттың алдында көп уақыт сөйлеу аудиторияны жалықтырып жіберуі мүмкін.
- Материал жинауды жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайластыра, сәйкестендіре алу, ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіре білу басты рөл атқарады. Айтар ойыңызды дайындық кезінде жазбаша жазып, ойларыңызды бір арнаға тоғыстырыңыз.
- Дайындалатын ақпарат көздерін, кітаптарды, газет-журналдарды іріктеп алыңыз. Кезегімен оқып шығыңыз. Мәнін түсініңіз. Өз көзқарасыңызды қалыптастырыңыз. Яғни, сіздің ойыңыз маңызды рөл атқаратынын естен шығармаңыз.
- Сөзді дауыстап айту немесе оқу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді-өзің билеу ережесін қатаң сақтау, аудиторияның тілеу, қалауы қандай бағытта болатынын ескерген дұрыс. Сонымен қатар, айтар ойыңызды қағазға қарамай немесе қарап айту мәселесін шешіп алуыңыз маңызды. Қағазға қарап айтқан күннің өзінде көпшілік оң көзімен қарайтындай деңгейде дайындалуыңыз керек. Қағаздан бас алмай оқуға болмайды.
- Мәтінге сүйене отырып сөз сөйлеуге де болады. Мәселен, статистикалық мәліметтер есіңізден шығып кетуі мүмкін. Ол үшін айтар ойыңызды жинақтап жазған парағыңыз көмекке келері сөзсіз. Ал жазусыз сөйлеуге дайындалу – ол сіздің көпшілік алдында сөйлей білу өнеріңіздің жоғары екенін байқатады.
Шешеннің сөйлер алдындағы абыржуы мен қорқынышының себептерін атаңыз.
Көпшілік алдындағы үрей мен абыржу мына себептерден тұрады:
1. Өз уайымына шектен тыс батуы. Мұндай жағдайларда жұмыс туралы ойлап, барлық зейініңді сөздің мазмұнына аудару қажет.
2. Өз мүмкіндіктерін жете бағаламау. Сондықтан да өзіңізді болашақ сөзге жақсы дайындалдым, мен тыңдаушыларға маңызды әрі пайдалы нәрселер айта аламын деп өзін-өзі сендіруі керек.
3. Тәжірибесінің жеткіліксіздігі. Ондай шешендерге:
— Батылданып, ыңғайы келген кездерде сөз сұрау керек;
— Әр түрлі пікірталастарға қатысудың кез-келген мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс: телехабар тыңдағаннан кейін отбасында, оқу не жұмыс ұжымдарында, әр түрлі іс-шараларда, т.б.
4. Сәтсіздікті еске түсіру. Сәтсіздіктер тәжірибелі шешендерде
де болады. Сондықтан да оған жайбарақат қарап, еске ала бермеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |