Сабақ Тақырыбы: Сөз сөйлеу Тапсырма: Сөз сөйлеуге іштей қалай дайындалу керек?



бет3/3
Дата15.08.2022
өлшемі23,78 Kb.
#148091
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
3 тапсырма сөйлеу мәдениеті

Тақырыбы: Аудиториямен байланыс орнату
Тапсырма:

  1. “Аудиториямен байланыс” деген ұғымның анықтамасын беріңіз.

Көпшілік алдында сөйлеушілердің шеберлігінің ең жоғарғы көрінісі - ол аудиториямен байланыс орнату.
Аудитория мен шешен арасындағы байланыс егер екі жағы да бірдей ойлау әрекетімен айналысып, үңсас сезімдерді басынан кешіргенде рана орнайды. Шешен мен аудиторияның бірге ойлау әрекетін ғылым тілінде зияткерлік ынтымақтастық, ал ұқсас сезімдерді бастан кешіруді - эмоционалдық түйсіктестік деп атайды. Егер шешен бір нәрсені айтса, ал тыңдаушы екінші бір нәрсені ойланып отырса, онда олардың арасында байла¬ныс болмайды.
Байланыстың сыртқы көрінісі аудитория мен шешеннің көңіл-күйінен, мінез-құлқынан байқалады.
Кейбір шешендерді демін шығармай, ұйып тыңдайды. Екінші бір шешендер сөйлегенде де аудиторияда үнсіздік болады, бірақ, бұл бір сөзін жібермей тыңдай- ықшы деген көңілден шыққан тыныштық емес, әдеттегі “сыпайылық” тыныштығы. Сондықтан да тыныштық аудитория мен шешен арасында орнаған байланыстың бслгісі бола алмайды.



  1. Шешен мен тыңдаушылар арасында байланыс орнатуға әсер етуші негізгі факторлар туралы әңгімелеңіз.

Аудиториямен байланыс, орнатуда және оны сақтап тұруда шешен козқа- расының бағытталуыныңда қызметі зор. Кейде мынадай көріністі де бақылауға тура келеді. Сөйлеуші ауық-ауық терезеге қарап қояды, көзімен, қабырғаны, еденді шолып, сосын үйдің төбесіне қарайды, өз қолына көз тігіп әуреленеді, бірақ тыңдау- шыларға мойын бұрмайды. Немесе аудиторияға, бейне бір бос кеңістікке қарағандай көз тастайды. Әрине, мұндай әрекеттерден соң шешен мен аудитория арасында мұндай жағдайда ешқандай байланыс орнауы мүмкін еместігі өзінен-өзі белгілі.
Көру арқылы байланыс барлық уақытта залдан көзіңді айырмай қара да тұр деген ұғымды білдірмейді. Тек ауық-ауық аудиторияның ол жақ, бұл жағын көзімен шолып өтсе жетіп жатыр. Бұл тәсілмен жақсы көру байланысын орнатқандық әсерін тудыруға болды.
Залмен көру байланысы тек шешен өзі баяндап тұрған материалды толық меңгеріп, жақсы білгенде ғана мүмкін, өйткені оның жазылған мәтіннен басын көтеріп, залға бір ауық көңіл аударуға шамасы бар.

3. Тыңдаушылардың ынтасын қайта тудырудың негізгі тәсілдерін атаңыз.


Тыңдаушының құлықсыздығымен күресу оратордың маңызды міндеті.Сөйлеуші тыңдаушының ықыласын аудартудың бірнеше тәсілдері бар.


1.Тыңдаушылардың назар аударуын талап ету.Тосын сұрақтар қойып,ара-арасында кідірістер жасау;
2.Еліктіру.Ынтасын ояту-әңгіменің не жайлы болатынын бірден ашып айтпау;
3.Сұрақ-жауап тәсілі.Аудиторияға сұрақ қойып,өзі жауап береді.Бұл аудиторияны қызықтырып пікірталасқа алып келеді.
4.Көркем әдебиеттерден мысалдар қолданып,қанатты сөздер айту.
5.Сөз арасында әзіл-қалжыңды орынды қолдана білу. Ауызша сөйлеудің шеберлігін танытудың жолы-әр сөз алған адам сөзінің маңыздылығының тиімді шарты.Шындығында сөз тыңдалу үшін,дұрыс қабылдану үшін,әсерлілігімен есте қалу үшін қажет.Тыңдаушы сөйлеушіні мұқият тыңдамаса,әркім өз шаруасымен айналысып отырса онда оның еңбегі зая,сөздің тиімділігі нөлге тең.
1. Контакт дегеніміз оратор мен аудиторияның психологиялық жағдайының жалпыға ортақ сипаты.Халықта «Сөз жартылай сөйлеушінің иелігінде,жартылай тыңдаушының иелігінде”-деген сөз тегін айтылмаса керек.Оратор мен аудитория арасында байланыс орнатудың негізгі алғышарты,ол-оратордың тыңдаушыларға деген шынайы сыйластық сезімі.
2.Тыңдаушылар бір мезетте көрермендерге айналады.Оратор трибунадан көтерілгеннен бастап,тыңдаушылар оны сынап,бағалай бастайды.Ең басты назар оратордың сыртқы келбетіне,киім киісіне ауады.Одан кейін оратордың әрбір іс-қимылын қалт жібермей бақылап отырады.Қайда қарап сөйлеп тұрғаны да назардан тыс қалмайды.Аудиторияның әр бұрышына ауық-ауық көз тастап,дұрыс контакт орнатуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет