Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, Асфендияров С. Ж. туралы слайд, таратпа материалдар



Дата31.12.2019
өлшемі21,16 Kb.
#54459
түріСабақ
Лексикалық тақырыбы: Ғылым жолында. Асфендияров Санжар Жафарұлы

Грамматикалық тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сыныбы: 10 сынып

Оқушы саны: 10 оқушы

Сабақтың мақсаты: Ғалым, Мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, профессор, Алматы мемлекеттік медицина институтын ұйымдастырушы және тұңғыш ректоры Асфендияров С.Ж. туралы түсіндіру арқылы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауы арқылы танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қолдануды жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, Асфендияров С.Ж. туралы слайд, таратпа материалдар.

Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, СТО технологиясының «Синквейн»

Жұмыс түрлері: жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Қолданылған модуль: «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі

Сабақтың барысы:

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ресурстар

2 мин

1. Физминутка

2.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру

1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастырады.

2.Оқушыларға алдынан екі топқа бөлінгендерін ескертеді.

1. Екі топқа бөлініп отырады.

1-топ «Ғалымдар» тобы,

2-топ «Білгірлер» тобы.

2. Сабаққа белсенді қатысып отырады.




4 мин

1. Жаңа тақырып:

«Ғылым жолында. Асфендияров Санжар Жафарұлы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері» туралы түсіндіру




Мұғалімнің сөзі:

Балалар бүгінгі өтілген тақырыпты әрі қарай жалғастырамыз. Интерактивтік тақтада Асфендияров С.Ж. туралы слайдттар арқылы өмірбаянын түсіндіреді

Қорытындысын жасап, жаңа тақырыпқа шығады


«Асфендияров Санжар Жафарұлы» мәтін.Оқулықпен жұмыс-65-66 бб. 1тапсырма-сұрақтарға жауап беру-66 бет





6 мин

2. Жаңа сөздермен таныстыру.

Жаңа сөздер:

Қызмет атқарады- выполняет службу, работает

Жұқпалы аурулармен күрес-борьба с инфекционными болезнями

Алдын алуға– в предотвращении

Жалған жаламен – ложной клеветой

Ату жазасына кесілген-был приговорен к смертной казни

құрбаны-жертвой

сала – отрасль



Жаңа сөздермен таныстырып, сөздік дәптерлеріне ашқыздырып, жаздыртады.





1.Мәтінді танысып оқиды

2. Жаңа сөздерді оқып, қайталап, сөздіктерге жазады. Сөз және сөз тіркестерінен сөйлемдерді құрастырады




интерактивті тақта, сөздіктер

4 мин

3. Диалогпен жұмыс

5 жаттығу-66 бет

Сұрақ-жауап құрастыру, сұхбат жүргізу



Топпен пікірлесіп, мәтін бойынша диалог құрастырып, оқиды (3 сұрақ)

қосымша мәтіндер, сөздік, оқулық, дәптер

7 мин

4. Жазбаша жұмыс

2 жаттығу – 1 топ-66 бет

3 жаттығу – 2 топ-66 бет

Мәтіннен сөйлемнің бірыңғай мүшелерін тауып, қандай сөз табынан жасалғанын анықтау.

Төмендегі сөйлемдерді қатыстырып сөйлем құрастыру.



Тақтаға әр топтан екі оқушы шығып, жаттығуларды орындайды, түсіндіреді

Тақта, оқулық, дәптер, қалам

3 мин

5.Cинквейн.

Жазбаша жұмыс

Синквейн. Бес жолды өлең құрастыру.

1. Бір зат есім.

2. Екі сын есім.

3. Үш етістік.

4. Сөйлем құрастыру.

5. Синоним жазу.

Тақтаға әр топтан бір-бір оқушы шығып, синквейн өлеңдерін жазады.

Тақтада синквейін өлеңдерін жазу.

7 мин

6.Кластерді құрастыру.

Презентацияны қорғатады.

Екі топқа бөлініп Жәутіков О.А. – 1 топ, Асфендияров С.Ж. – 2 топ

Кластерді ватман бетіне түсіріп, түсіндіреді.



ватман, түрлі түсті маркерлер

5 мин

7.Қорытындылау
Асфендияров С.Ж. туралы сұрақтар қою

Оқушыларға сұрақтар қояды

Асфендияров С.Ж. қай жылы және қайда туған? Қандай қызметтер атқарды? Қай салаларда еңбек етті? Ол қандай тілдерді жақсы меңгерді? Қай институтқа және не үшін С. Асфендияровтың есімі берілді? Қандай еңбектерін зерттеген? Олар қалай аталады? т.б. қорытындысын шығарады.



Мәтін бойынша алған білімдеріне байланысты сұрақтарға жауап береді.

Интерактивтік тақта

2 мин

10.Үй тапсырмасы.

1. «егер мен ғалым болсам ...» атты туралы эссе жазу.

2. Мәтінді әңгімелеп беру-62-63бб., 65-66 бб.



Үй тапсырмасын жазып алады

күнделік

1 мин

11. Бағалау.

Топтар бағалау парағы бойынша бірінші топ екінші топты бағалайды, ал екінші топ бірінші топты бағалайды. Әр тапсырмаға баға қойып, ортақ бағасын жазады

Топ мүшелері бағалау парағы бойынша қойылған бағаларын алады.

бағалау парағы.

4 мин

11. Рефлексия кезеңі.

- Не білдім?

- Не білгім келеді?

- Қай тапсырмаларда қиыншылықтар болды?

- Не ұнады?


-Сабақ аяқталды.

-Сау болыңдар!



Оқушылар стикерлерінде бүгінгі сабақта стикерлерінде өз пікірлерін, тлектерін жазады.

интерактивтік тақта. Стикерлер.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет