Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет53/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау
2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, «Биология» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы 7-сы (3), 187526.pptx, Шарап, 5 сынып, Практикалық жұмыс 19-20 ДОТ, «Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà, 134450.pptx, 696051, Лекция 10
Сабақтың жоспары:

  1. Саяси сана формалары

  2. Саяси сана деңгейлері

  3. Саяси сана функциялары



Сабақтың мазмұны:
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.
Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет