Екінші жағынан, адрондар өте күрделі бөлшектер болып шықты. Тəжірибелер адрондардың ішкі құрылымы бар екендігін көрсетеді. Олардың көп санды екендігінің өзі бұл бөлшектердің элементар емес екендігіне сілтейді. Жаңа бөлшектерді кварктар деп атап кетті. Кварктар да лептондар тəрізді нағыз бөлшектер болып табылады.
Кварктар жайлы гипотеза көтерілгеннен кейін көп ұзамай физиктер бөлшек зарядты бөлшектерді іздестіруге кірісті. Қосалқы тəжірибелік деректер олардың болатындығына сілтесе де, оларды тікелей тəжірибе жүзінде тіркеу мүмкін болмай отыр. Кварктар қатты байланысқан, олар бос күйде кездеспейді (тек адрондардың құрамында болады) деген болжам көтерілді.

Ядро нуклоннан тұрады. Бұл тек салыстырмалы түсінік. Нуклон үш кварктан тұрады, олай болса нуклоннан тұратын ядроны да кварктардан тұрады деп қарастыруға болады. Нуклондардың əсерлесуін қанағаттандыратын мезондардың алмасуында кварктармен сипаттауға болады. Мысалы, протон мен нейтронның əсерлесуі келесі диаграммамен сипатталады