Білім негізі – бастауыш мектеп


Сабаққа қойылатын негізгі талаптар



бет5/13
Дата05.02.2022
өлшемі446,65 Kb.
#20018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сабаққа қойылатын негізгі талаптар


І. Сабақ мазмұнының халықтығы.


ІІ. Оқу материалының ғылымилығы.

Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек.




ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қамтиды.

  1. Ақыл-ой тәрбиесі.

  2. Адамгершілік тәрбиесі:

а) ұлтжандылық;
ә) ұлтаралық қатынас сыйластығы;
б) мейірімділік, ізгілік, имандылық.

  1. Саяси-идеялық тәрбие.

  2. Еңбек тәрбиесі.

  3. Әсемдік тәрбиесі.

  4. Дене тәрбиесі.

  5. Құқық тәрбиесі.

  6. Экологиялық тәрбие.

  7. Экономикалық тәрбие.

  8. Отбасы тәрбиесі.



ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.

Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі.


Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі.


V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар.

Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.




VI. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар.

Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы.


Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.


Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Оқу материалдарын талдау қорытындысында туындайтын сабақтың мақсаттары, мұғалімге оқу әдісін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің түрін оқыту әдістері, олардың ең қолайлы түрін таңдау «Арнаулы орта білім» журналының 1990 ж. №4 санында жарияланған педагогикалық ғылымдар кандидаты П.Б.Олейниктің мақаласында кеңінен қамтылған.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:

  1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.

  2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.

  3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.

  4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.

  5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.

  6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.

  7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.

  8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.

  9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.

  10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).

  11. Өзіңнен сұра:

- Сен сабаққа дайынсың ба?
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.
Сабақты талдау
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:


  1. Каталог: userdata -> uploads -> u50210
    uploads -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
    uploads -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
    uploads -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
    uploads -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев
    u50210 -> Уа халайық мында кейбір жерлерінде қателер бар  балұстаұлы есбай
    u50210 -> Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар
    u50210 -> Өзгергіштік заңдылықтары
    u50210 -> Бейімбет Майлин
    u50210 -> Батыс Қазақстан
    u50210 -> Малайсары тархан


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет