Бүкіл мектеп қоғамдастығын сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарамастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту керек. Негізгі бағыты – сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағ
Бүкіл мектеп қоғамдастығын сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарамастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту керек. Негізгі бағыты – сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою болып табылады.
Міндеттері:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен мәдениетті қалыптастыру;
өзін өзі түсіну және құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, қызметтің құқықтық және рухани-этикалық аспектілерін зерттеу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша ағартушылық жұмыстар жүргізу;
сыбайлас жемқорлық туындауының алғышарттарын азайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған құқықтық, экономикалық, тәрбиелеуші, ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қамтамасыз етуші кешенді іс-шараларды әзірлеу.
Мектептегі сыбайлас жемқорлық шаралары
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерін оқыту мектеп қабырғасынан, балабақшадан басталуы керек деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын көп себептің бірі – мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының аздығы. Мемлекеттік қызметші ешкімге жалтақтамай, өзіне берілген міндеттерді адал орындау үшін еңбекақысы оның тұрмыстық қажеттілігін өтеуі керек. Біз сонда ғана жастарды осы салаға тартып, қызықтыра аламыз. Бірақ осы қиыншылықтарға қарамастан магниттей тартып тұратын бір күш бар. Ол – ұлттық патриотизм, халыққа қызмет ету. Үлкендер айтушы еді «Бұдан да жаман кезімізде тойға барғанбыз», деп. Біздің әкелеріміз бен аналарымыз соғысты да, аштықты да көрген. Солардан біз үлгі алуымыз керек. Тұңғыш Президентіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біз сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоймасақ, алда қойған міндеттерді орындау мүмкін емес», деген болатын. Қорыта келе айтарым, тәуелсіздігімізді сыртқы жаудан, терроризмнен қалай қорғау керек болса, сыбайлас жемқорлықтан да солай қорғануымыз керек.